ТАҒАЙЫНДАУ
2016 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың №250, №252, №254 Жарлығына сәйкес Мұхтар Құл-Мұхаммед – «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Қуандық Бишімбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Асқар Мырзахметов Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, ал Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі болып тағайындалды.
Күн күркіреп, Көк жүзінде жарқ-жұрқ еткен жасын қылышын ойнатса: «Піссімілләсін!» – аузынан тастамайтын, өзін қуанышты хабармен сүйіншілеген адамын құдайықонақ қылатын атам қазақ өте ырымшыл келеді. Нені болса да жақсылыққа жоритын қазақы оптимизм оң өзгеріске жол ашатынын, жаңа күн жаңа айға, жаңа ай жаңа жылға, ал жаңа жыл жаңа ғасырға, ал жаңа ғасырыңыз мәңгілік пен шексіздікке ұласатын ұлы Бастау барын іштей сезінгендіктен шығар.Әсілі, барлық құбылыстан тек жақсылықты көріп, атар таңға үмітпен қарайтын қанға сіңгенмінезіміз – артықшылығымыз.Мемлекет басшысының таңдауы қызметте жылы лепес естіген, ысылған, биліктің тезінен өткен Бишімбаев, Құл-Мұхаммед, Мырзахметов, Абаевтарға түскені бір жағынан заңдылық, бір жағынан қажеттілік деп бағалаған жөн шығар. Шахматтағы атақты қадамдардың бірі – рокировка да өмірде де, өнерде де, саясатта да сарабдал жолға баланады. Кез келген Алыстағы ауыс-түйісті ауылдағы ағайын бей-жай қабылдамас үшін халық сенімін ақтауға тырыссақ қой деген ой ғой, біздікі. Ал Халық – Құдайдың бір аты! Жылы-жұмсақ орынды аңсамайтын адам жоқ шығар, шіркін… Алайда, ар мен ұятты серік қылып, батылдық пен батырлықты дос етсек. Тілек – осы!
Өзгеріс оң болғай!