«7 НОТА»
7 мамыр күні ҚР Қарулы күштерінің құрылған күніне орай Республика сарайында «7 НОТА» атты думанды ән-жыр кеші өтті.
Кешке халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов бастаған белгілі эстрада әншілері қатысып, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулет, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері Бекжан Әшірбаев пен Жанарбек Әшімжан, ақын, танымал ән мәтіндерінің авторы Олжас Отар өлең оқыды. Сондай-ақ, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі (президенті, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы «Адам құқығын қорғау халықаралық комитеті» Ассоциациясы өкілдігінің президенті Әбен Нұғманов) марапаттау комиссиясының төрайымы Гуля Иманова бірқатар азаматтарға төсбелгілер табыс етті. Халықаралық «Ататүрік» төс белгісімен ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет, «Мәдениет майталманы» төсбелгісімен ақын Олжас Отар, әнші-композитор Сәкен Қалым және Өктем Алтаев, «Өнер жұлдызы» төсбелгісімен Заттыбек Көпбосынұлы, «Ел ардақтысы» төсбелгісімен Алматы шипажайы акционерлік қоғамының президенті, қазақ өнерінің жанашыры Талғат Тұңғышбаев пен «Мұқағали» компаниясының президенті, әдебиет пен өнер жанашыры, кәсіпкер Талғат Сәметов сынды азаматтар марапатталды. Шығармашылық үштік одақ – ақын, композитор және әншіні насихаттауды мақсат еткен жоба авторлары ақын-композитор Бекжан Әшірбаев пен әнші-композитор Төлжанбек Жақсыбаев.