Бағдаршам
13.02.2025
83
0

«Бағдаршам» кітабы еліміздің түлеп-түрленуіне бағыт беріп, бағдаршам боп отырған егемендіктің жемісін дәріптейді. Соның ішінде, әдебиет пен көркемөнер саласының әлемдік деңгейде көрінуіне тәуелсіздіктің үлесі зор екенін айтады.
Нұрмұқан Жанұзақұлының жинақтағы әр шығармасынан өзінің ыстық ықылас-ниетін және Отанға көшіп келіп жатқан барша ағайынның көл-көсір сезімін аңғаруға болады. Автор Абай Құнанбайұлы туралы тебіреніп, қазақ өнері мен әдебиетіне қалай келгенінен де хабар береді. Туындыда белгілі қаламгерлердің шығармаларына арнайы тоқталған зерттеу-талдау жазбалары да кеңірек қамтылады.
Кітап «Ан Арыс» баспасынан жарық көрді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір