«АҚИҚАТЫН АЙТҚАНДА»
Қоғамға айтары бар қаламгерлердің мерзімді баспасөз беттерінде әр жылдары жарық көрген мақалалары мен эсселері қайта түрленіп, тасқа басылатын дәстүрі бұрыннан бар. Белгілі журналист Гүлзина Бектастың «Ақиқатын айтқанда» атты кітабында сол дәстүрді жалғастырып, қазақтың аузы дуалы ақсақалдары мен сөз ұстарларынан алған сұхбаттарын бір кітапқа жинақтап басыпты. Бүгінде қайығы арғы жағаға өтіп кеткен Сайын Мұратбек, Қасым Қайсенов, Қадыр Мырза-Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Қалихан Ысқақ сияқты ұлт зиялыларымен қатар, Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Софы Сматай сияқты көзі тірі қаламгерлеріміз өз қоғамы, халқы, ұлтының мінезі мен сипатын, болмысы мен бітімін сөзбен суреттеп береді. Бұл кітапта қазақтың қазіргі қалпы мен бейнесі ағалар аузымен сипатталады, зиялы қауымның бүкпесіз әңгімесі арқылы қазақтың бары мен жоғын түгендейсіз…