Аярлық анатомиясы
ҚК(б) Партиясы Орталық комитетінің 1952 жылдың 10–17 қараша аралығында Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған Сырдария шаруалар көтерілісіне баға беру мақсатында өткізілген құпия талқылауына көзқарас.
Әлі күнге дейін тиянақты дәйегін таба алмай келе жатқан қайран қазақ тарихы өз шаңырағын қалыптастырудың алғашқы харекеті басталған бас еркі жатжұрттықтардың қолындағы идеологияның аса ушыққан елуінші жылдардың қиямет кезеңінде қалай ғана жүйесін таба қалсын, әп дегеннен-ақ зобалаңға ұшырап, ұлттық мүддеге сай келмейтін кертартпа тартыс аяқасты басталды да кетті.
Қазір айналымда ұлт тарихындағы елеулі оқиға – Сырдария шаруалар көтерілісінің қара суын теріс ағызған ресми хаттама бар. Өлген адамды сөйлететін қаһарлы құжат, тарихымыздың бүгінгі де, кейінгі де ұрпақтарына сабақ боларлық сүреңсіз бір парағы.
Мәселенің мәні
Бұдан бұрындары халық қабырғасын талай-талай қаусатып кеткен аласапырандарды былай қойғанда, дүниежүзін тағы да тітіркендіріп жатқан әлемдік соғыс кезінің аса ауыртпалығына қарамастан, әлі бұғанасы бекіп болмаған Кеңестер Одағы деп аталатын мемлекеттің тағдыры қыл үстінде тұрған 1943 жылы М.П.Вяткин, Н.П.Панкратова, Н.М.Дружинин, А.П.Кучкин, М.Н.Ничкина тәрізді тарихшылардың ұжымдық күш-жігерімен «Қазақ ССР тарихы» тұңғыш рет бас-аяғы түгенделіп жарық көрді. Бұған дейін әр қиырда, сан алуан басылымдар мен дерек көздерінде шашырап жатқан дүр тимеген негізгі мағлұматтар бір мұқабаның ішіне ыждағаттылықпен жинақталған шежіре, еліміздің ұстынын бүтіндеп берген, дәуіріне лайық кітап-ақ болатын. Өз кезеңінде салмағының болғаны ғой, бұл тарих сталиндік сыйлыққа да ұсынылды. Ұжымдық еңбек пәлендей өзгеріссіз соғыс аяқталар-аяқталмастан 1949 жылы қайта басылып шығады. Тарихшылар да, зиялы қауым да бір тыныс алғандай. Алайда қуаныш ұзаққа созыла қойған жоқ.
Талантты жас тарихшы Е.Бекмахановтың 1946 жылы ың-шыңсыз қорғалып, келесі жылы жарыққа шыққан «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20–40 жылдарында» атты дәйекті еңбегі аяқасты қатаң сынға алына бастады. Тарихшылар ғана емес, бүкіл зиялы қауымның арасын үрей жайлады.
Оқиға барысын ретімен шарпитын болсақ, «Социалистік Қазақстан» газетінің 1945 жылғы 17 маусымындағы санында кейін тарихшылардың қатарынан көрінбейтін әлдеқандай М.Марков дегеннің мақаласы жарияланып, онда қазақ хандары мен сұлтандарын дәріптеу күстәналанып, Есет Көтібаров бастаған көтеріліс ұлт-азаттық көтеріліс емес екені ескертіледі. (Кейін ұласқан даулардың төңірегінен табылмағанына қарағанда, бұл М.Марковыңыз қолдан жасалған бір күндік есім тәрізді. – М.Қ.) 1947 жылдың қаңтарында ҚК(б)П Орталық комитеті «Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмыстарындағы өрескел қателіктер туралы» арнаулы қаулы қабылдаған. Қаулының негізгі тұжырымына бақсақ, революцияға дейінгі қазақ ауылындағы таптық күрес бүркемеленген, тарихшылар мен әдебиетшілердің еңбектері буржуазиялық-ұлтшылдық сарында. Негізгі кінә бұл саланы зерттеп, оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазып жүрген ғалымдарда.
Бұл мақала 1951 жылдың 21 ақпанында КСРО Ғылым академиясы Тарих институтының арнаулы кеңесінде талқыға түсіп, бұдан былай қарай Қазақстандағы патшалы Ресейдің отарлауына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер прогрестік мәнде емес, керісінше, кертартпа бас көтерулер болып бағалануы міндеттелді (М.Әбілсейіт «Қазақ тарихы» 2011 ж. №3, 11-бет).
К.Қасымов бастаған көтеріліс орыс халқы мен қазақ халқының бауырластығына қарсы кертартпа көтеріліс ретінде бағаланып, зерттеу еңбектің авторы жазаға тартылып жатса, Ж.Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс көзге шыққан сүйелдей қалайша прогресшіл болмақ? Енді қаласын мейлі, қаламасын, ғылым академиясы түзу жолға түсуге міндетті. Академияның президиумы құрған арнаулы комиссия көтеріліске кеше ғана берген объективті бағасынан айнып түсіп, енді аталмыш көтеріліс кертартпа болып шығады. Алайда комиссия мүшелігіндегі тарихшылар Х.Айдарова мен В.Ф.Шахматов бұл ұйғарымға келіспейді. Бірауыз шешім жоқ. Шикілік тайға таңба басқандай.
Әркімнің де құдайы бар, айтары жоқ, жас та талантты тарихшы Е.Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20–40 жылдарында» монографиясы салмақты, материалға бай. Бұл монография шығу бойына-ақ ғалымдарды қатты дүрліктірді. Еңбек алдымен 1948 жылдың 28 ақпанында КСРО Ғылым академиясының тарих институтында, содан соң сол жылдың 14–19 шілдесінде Алматыда бес күн бойы талқыланды. Т.Шойынбаев, Х.Айдарова, А.Якунин 1950 жылдың 26 желтоқсанында «Правда» газетіне мақала жариялап, Кенесары көтерілісін кеңес идеологиясына жат, демек, бұл еңбек залалды деп тапты. Болса да «Правда» газетінің бір сөзін бекерге шығару Құдайдың жағасынан алумен тең кез. Басы дауға түскен тарихшы туралы «Елу екінші жыл» атты деректі драмасында жазушы Медеу Сәрсеке Е.Б.Бекмахановтың аузына мынадай сөздер салады: «Правданың» екі тілшісі – Виталий Озеров, Александр Черниченко өткен күзде Алматыға келіп, Храмковтың кабинетінде бұғып отырып, біздің шалағай есті әумесерлерді әлденеге емексітіп, өздері дайындаған мақалаға қол қойдырғаны, маған мәлім». («Жұлдыз» №9, 2019, 9–10-б.) Храмков – сол кездегі идеологияның ошағы ҚК(б)П Орталық комитеті үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі.
Бұл – шындық. Талқылауға кіріскенде Т.Шойынбаев былай дейді: «Было указание отдела пропаганды ЦК КП(б)К, чтобы я указал в книге движение Кенесары Касымова, я написал об этом в ЦК ВКП(б) и потом причислил это движение к феодально-монархическим. Я написал в ЦК ВКП(б) т. Суслову, что на основании указания отдела пропаганды ЦК КП(б)К я причислил и это движение» («Движения под предводительством Джанходжы Нурмухаммедова». Стенограмма. «Атырау-Ақпарат» ЖШС. 2018, 24-б. Бұдан былай – «Ст.»).
Орталық комитеттің тапсырмасы бар. 1937 жылдың зардаптарынан зәрезап болып отырған идеология саласында өз көлеңкесінен өзі үркетін аса секемшіл ахуал өріс алды. Жұртты үрей жайлады. Мәселенің мәнін байыпты айқындап, баға беру орнына сол кезеңнің басты дерті – әсіре белсенділік белең алып, саяси сенімсіз деп табылғандарды жазалау басталды. Ұзамай-ақ Е.Бекмаханов жиырма бес жылға сотталды. Енді жазықсыз тарихшыны жақтаушылар тобы қалыптасып, оны елге қайтару харекетіне кірісті. Көрінеу көзге қараланып отырған сүбелі еңбекті ақтап алу орнына бекмахановшылар атқа қонды да, аттың басын шамалары келетін Т.Шойынбаевқа, оның кеше ғана оң бағаланған «Восстание Сыр-дарьинских казахов под руководством Джанхожи Нурмухамедова (1856–1857 гг.)» монографиясына бұрды. Көкпарда шаруалар көтерілісінің басшысы – Жанқожа Нұрмұхаммедұлы.
Талқылауға тартылған 12 кісінің орталық комитеттің лекторлар тобының жетекшісі Пыхтин мен М.Ахинжановтан өзгелері кәсіби тарихшылар, тарих ғылымының кандидаттары. Жумаған қасық тәрізді М.Ахинжанов – филолог. Орталық комитет саптастырған бұл комиссияның құрамындағы экономика институтының директоры С.Е.Толыбеков талқылауға қатыспайды. Ғылым академиясынан түскен сұранысқа орай 1952 жылдың 10–17 қазанында ҚК(б)П Орталық комитетінің хатшысы М.А.Сужиковтің төрағалығымен бюро залында комитеттің өзі іріктеп алған санаулы тарихшылардың қатыстырылуымен құпия өткізілген талқылаудың стенографиялық есебінің құпиялық мерзімі өткен 40 жылдан соң ғана жарыққа шықты. Бұл құнды құжатты Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жеке кітап етіп шығарды. Құжаттарды президент мұрағатынан алып, жинақты ыждағаттылықпен дайындап, жан-жақты түсініктемелер беріп, көп еңбекпен шығарған – тарих ғылымының докторы А.К.Ахмет. Таралымы шағын, саланың санаулы оқырмандары болмаса жұртшылық істің мәнінен байхабар. Тек осы құжаттар жарық көрген соң ғана сол бір алағай да бұлағай заманның тым саясиланған алыпқашты кескін-келбеті туралы тарих ғылымының докторы К.Л.Есмағанбетов, тарих ғылымының докторы А.К.Ахмет, саясат ғылымының докторы, профессор Ә.Бәкірдің мақалалары жарық көріп, содан бері басынан дау арылмаған тарихи оқиғаның барысы мен мән-мазмұны ешқандай идеологиялық қысымсыз анағұрлым анық та ашық бағалана бастады.
Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған көтерілістің мән-мағынасын қайта анықтау жөніндегі Ғылым академиясы президиумы құрған комиссия идеологияны қатаң бақылауға алып отырған ҚК(б)П орталық комитетіне мынадай қорытындымен жүгініп, аталған тұжырымдарды мақұлдауды сұрап отыр:
1. Ж.Нұрмұхаммедов бастаған қозғалыс кертартпа;
2. Жанқожа Хиуа ханымен байланысқан;
3. Көтеріліс басшысы – феодал. Өзі мұсылман болғандықтан орыстарға, орыс халқына қарсы;
4. Т.Шойынбаевтың «Восстание сырдарьинских казахов под руководством батыра Джанходжы Нурмухамедова (1856–1857 гг)» кітабы түбірлей қате жазылған, сондықтан айналымнан алынып тасталуға тиісті;
5. Т.Шойынбаев ВК(б)П мүшесі ретінде өзінің қате ұстанымын сынап, баспасөзде қателігін мойындап, ашық кешірім сұрасын;
6. «Қазақ КССР тарихының» І томында Жанқожа бастаған көтеріліс кертартпа деп жазылсын («Ст.» 20–21-б.).
Біздің пайымдауымызша, бұл әрекетте алағай да бұлағай заманда ертеңгі күні назардың қай тарапқа ойнап шыға кетеріне дәркүмән ғалымдардың жанбағыс есептері басым. Бекмахановшылардың сөздері үстем шығар болса, Т.Шойынбаевты «итжеккен» күтіп тұр.
Ғайбат
Алғашқы сөз тарих ғылымының кандидаттығын кеше ғана қорғаған Қазақ КССР Ішкі істер министрлігі мемлекеттік мұрағаты басқармасының бастығы Л.В.Чумакқа беріледі. Шешеннің сөзіне бақсақ: алдымен, тарихи мәселелерді қарастырғанда марксизм-ленинизм классиктерінің тұжырымдарын басшылыққа алуымыз керек. Жергілікті тұрғындар отаршыларды құшақ жая қарсы алды, орыс бекіністерін салуға көмектесті. Жанқожа орыс бекіністерін пайдаланып, өзі баю үшін барымта жасап, ру аралық тартысты күшейтуге тырысты. Көтерілісті феодалдар ұйымдастырды («Ст.» стр 30–47). Тыңдайтын құлақ болса, бұл мәселедегі Т.Шойынбаевтың пікірі сауатты да нақты: «Я не согласен с мнением И.З.Чумака о том, что выступление Джанхожи и связанные с этим события явились проявлением и результатом борьбы феодальных группировок. Такая постановка вопроса игнорирует основные факторы исторического процесса и выдвигает на первый план факторы сравнительно второстепенные» («Ст.» стр.132–133).
И.З.Чумак деректерде көзге түскен қазақ атаулының бәрін бас-көзге қарамай, билікке таласып жүрген шонжар санатына қосып тұр. «С одной стороны боролась группа феодалов султана Бура, сотника Бекмурзы, есаула Сырлыбая Чубакова, Ходжи Баймухамедова, есаула Унбека Алимова, есаула Аманходжи Ауменова и других под покровительством Джанхожи Нурмухамедова. Вышеуказанная группа феодалов были чиновниками царского правительства до 1852–1853 гг., а затем были лишены власти» («Ст.» стр. 46).
Қойыртпақталып аталып тұрғандардың Бекмырза Әлдиев пен Ұлбөбек Тайымовтан өзге бірде-бірі патша өкіметінің шенеунігі болған емес. Жанқожаның жасағында болған Сырлыбай Шабақов көтерілістің аласапыраны әбден басылған соң ғана жиенейдің биі екені мойындалған. Бекмырза Әлдиевтің жүзбасы – «сотник» екені рас. Би ретінде бекітілген. Жанқожаның талауға түскен халқы үшін амалсыз орыс шенеуніктерімен ымыраласып, есаул шені берілген кезде қала көрген алым-берім орысшасы бар, Көктомбақ деген жерде тұрғандарында қоныстас, әкесі Әлдимен сыйлас, осы ширақ жігітті «балықтың тілін бақа біледі» деп алтынбай руының билігіне ұсынып өткізген. 1846 жылдан орыс қызметінде. Бекініс салу, экспедицияларға көлік дайындау, жол салу, пошта жеткізу істеріне араласты. Жүзбасы атағына лайық. Елуінші жылдары қырық жастың ол жақ, бұл жағында. Батыл жауынгер болатын. Бекініс бастығы полковник С.В.Ерофеевпен еркін араласып, қазақтардан жасақ жинап, орыс солдаттарының көмегімен қоқандықтардың 1853 жылдың 4 наурызы мен сол жылдың 4 қазанындағы бұлардан да өзге шапқыншылықтарына тойтарыс берген. Генерал-майор И.Бларанбергтің Ақмешіт жорығына жолбасшылық жасағаны үшін «За храбрость» медалімен қоса, Георгий лентасымен марапатталған. 1846 жылы «За преданную службу русскому правительству» 20 рубль күміс, 1850 жылы хорунжий шенін алған. Бекмырза Ақмешітке жасалған жорықтағы белсенділігі үшін 1853 жылдың 20 наурызында генерал-адъютант В.И.Перовскийдің бұйрығымен 20 рубль алған. Өзі о дүниелік болып кеткен соң да 1856 жылдың желтоқсанында отбасына 20 рубль күміс берілгені тағы бар. Жанқожаның алдынан кесе өтпеген.
Тағы да айталық, өзі өлгеннен кейінгі мына «байлықпен» Бекмырза Әлдиев феодал қатарына жатпайтын тәрізді. «Одна кибитка, семь коров, две лошади, двадцать баранов, лисья шуба, два ковра, серебряный позолоченный чайник, кольчуга и сабля» (КРОММ №4 қор, №4 тізбе, №25, 20-іс, 392-бет). Бекмырза қолынан келгенше жұртына қамқор би, билік үшін әлдеқандай тартыс-таластан аулақ, сотниктен өзге шені жоқ, тек алтынбайдың биі. Зәбір көрген ағайындарына араша түскені үшін 1856 жылдың қазан айында оны орыстар улап өлтірді. Унбек Алимов деп тұрғаны – Ұлбөбек Тайымов. Әу баста Жанқожаның ұсынысымен күліктің билігіне ие болған Ұлбөбек орыс билігіне адал қызмет етті. Тыңшылық жасап, басшыларына көтерілістің барысы туралы мағлұмат жеткізіп тұрды. Еңбегі еленіп, батыр өлтірілгеннен кейін де марапатталды.
Сырлыбай Шабақовтың көтеріліске басынан аяғына дейін қатысқаны рас. Көтеріліс басылған соң өз руының биі қызметіне ілінді. Есаул деп аталып отырғандардың бірде-біреуіне ондай шен берілген емес, берілмеген шен де алынып тасталынбайды. Бұл мағлұмат түбірлей жалған. Бөрі Елікей Қасымовпен бірге бергі беттегі қазақтарды шабуға қатысты. Кейін көтеріліске де ілесті. Бөрі төре де, Аманқожа Әуменов те – қара шаруалардың мұңын мұңдаған адамдар емес. Кейін өздерінің қарамағындағы төлеңгіті мен жақын-жегжаттары бар, оншақты үймен оқиға ошағынан аулақ Қызылқұмда бассауғалап жүрген. Екеулері де қарақшылыққа бейім. Елуінші-алпысыншы жылдары Сырдария жұрты басқыншылыққа ұшыраған ашаршылықта Қызылқұмнан өткен шағын керуендерді тонайтын. Бұлар Жанқожаның өліміне жанама себепші де. Өйткені Елікей Қасымов Ақмешіттен 600 жазалаушыны ашық түрде осы екеулерін тұтқындау мақсатында бастап шықты. Ал астыртын мақсат – Жанқожаның көзін жою.
Одан әрі И.В.Чумак Орынбор әкімшілігі 1853 жылы Жанқожаның есаул атағын алып, орнына Е.Қасымовты бекітті деп, мүлде ауа жайылады.
Көтерілісті өз қолымен басқан барон, генерал-майор Г.М.Фитенгоф қарсыласын 5 мың адам деп көрсетсе, М.В.Чумак «…крестьяне отказались от борьбы и 9 января 1857 года в наступление на пошли» («Ст.» стр. 49), деп құладүзге кетеді. Шешен 256 солдаттың бірде-бірі өлтірілген жоқ деп мәлімдеп тұр. Бұл да жалған. Григорий Обертышев пен Матвей Бакалдин өлтіріліп, Филимон Лопухин, Иван Черныш, Никита Иванов, Филипп Петровтар жарақаттанған. И.З.Чумактың пайымдауынша: «Фактически никаких событий, свидетельствующих о «восстании» не было («Ст.» стр. 42) «…события нельзя назвать ни восстанием, ни движением» («Ст.» стр. 46). Бұл шешеннің сөзінен көрінеу көз құқықтары тапталып, әбден ашынған, оққа ұмтылып жүрген шаруаларға деген титімдей жанашырлық сезілмейді. Оның есесіне, көтерілісшілерге деген өшпенділік, менсінбеу андағайлап тұр. Тек ғайбат. Деректердің өңін айналдырып пайдаланған.
Шонжаршылдық жорамал және жасауылдық
Талқылаушылардың бұлтаруға шамалары жетпейтін марксизм-ленинизм қағидасы бойынша, пролетариаттың ымыраға келмейтін беріспес ата жауы еңбекші бұқараны қанаушы – капиталист. Осы жерде пайдалана қоятын сол капиталисіңіз бізде болмай тұр. Алайда оны өсіріп шығаратын өндірісі дамымаған, десе де қазақты қазақ етіп қалыптастырған формация – феодализм тудырып, әйгілеген капиталистің «тете інісі» феодал бар. Феодал дегеніңіз – еңбекші пақырды сүліктей сорып келе жатқан шонжар. Осы шонжарыңыздың езілген бұқараның ешқандай дауға салуға болмайтын қас дұшпаны екені аксиома. Бұған дейінгі қазақ тарихшыларының анықтамасында батыр атаулы еңбекшлердің үстінен күн көріп жүрген феодал екені тайға таңба басқандай айқындалып қойылған. Бізде ғасырлар бойы елі үшін кеудесін оққа тосып жүрген бұл пақырларыңыздың феодал еместігін дәлелдеп, араша түскен бірде-бір тарихшы жоқ.
И.Омаров пен А.Панкратовалардың құрастыруларымен ең қиын-қыстау кез – 1944 жылы шыққан бағыт-бағдар тұтарлық еңбек «Қазақ ССР тарихында» батырлар феодал санатында. Осы даудың ұйымдастырушылары Қазақ ССР Ғылым академиясы жанынан құрылған комиссия ҚК(б)П Орталық комитетіне Жанқожаны феодал-шонжар есебінде ұсынып отыр. Осы анықтамаға сүйенген, өзі мәселенің басын аша алмайтын хатшы М.Сужиков тарихшыларға: «Нужно обратить внимание на такой вопрос – Джанходжа Нурмухамедов – феодал, если считать, что это движение национально-освободительное, то как феодал оказался во главе движения» («Ст.» стр 52) деп тұр. Тарих институтының директоры С.Н.Покровскийдің анықтамасында да: «Нужно отметить, что руководство выступлением все время находилось в руках феодально-родовой верхушки в лице Джанхожи, стоящего на реакционных, антирусских позициях» («Ст.» стр. 130).
Бұл жерде шаруалардың ұлт-азаттық қозғалысын неге шонжар басқарып жүргенін айқындап беруге мүдделі Т.Шойынбаевтан өзге ешкім жоқ. Көз майын тауысып зерттеп, жазып шыққан еңбегіне ғана емес, өз басына қауіп төніп тұрған ғалым монографиясында батырды феодал деп таныған, амал жоқ, бас амандығы үшін: «Я признавая Джанходжу феодалом, идеализировал его личность» («Ст.» стр 134) деп мойындауға мәжбүр. В.Ф.Шахмиатовтың: «…во главе восстаний крестьян становились представители феодалов, такие как Джанхожа Нурмухамедов, не определяет характера восстания, не делает его феодальным восстанием» («Ст.» стр. 26) деген уәжге құлақ асар пенде жоқ. Шындығына келгенде, ресми тарихшылар марксизм-ленинизм ілімі жасап берген дайын құрсаудан шыға алмайды. Қарсыласын тізе бүктіруге білек сыбана кіріскен бұлар үшін оның қажеті де жоқ. «Феодал» – бірінші «шоқпар» болса, екінші шалғы – «ұлтшылдық», онда да тек орыс мүддесіне қиғаш ұлтшылдық.
Мұрағаттарда сақталған деректерде батырдың байлығы туралы титімдей де мағлұмат жоқ. Дастандар мен Ғылым академиясында сақталған қолжазбаларда болсын, шежіреші қарттардың әңгімелерінде болсын, Жанқожаның асып-тасып бара жатқан байлығы туралы бірде-бір лебіз кезікпейді. Жазбаларға бақсақ, бұл кісі тек адал ас тұтынған тақуа, ағайындар әкеліп берген сыбағалы кеусенін алмас бұрын: «Сепкен дәні сенің атызыңа түспей тұрмайды, көршіңнің ризашылығын алдың ба?» – деп сұрап алатын болған. Оның үстіне, өмір бойы қырдың құмаршығын қағып азық еткен.
Ата-бабаларының бәрі – қатардағы қарапайым шаруалар. «Отец батыра Нурмухамбет обладал незначительным состоянием. Он имел всего 7-8 верблюдов и 5-6 кобылиц» («Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» 2014, 116-бет). «Дед Жанкожи считался батыром, но отец его Нурмухамбед был простом казахом. В отличие от других батыров Джанхожа завоевал положение батыра сам своей смелостью в борьбе за интересы рода, своим умом и неподкупной честью» («Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» 2014, 116-бет).
Халық мүддесі үшін ғана аттанып жүрген қарапайым қарт батырды шонжар қатарына қосу, мүлде қисынсыз. Қалайда Т.Шойынбаевты тізе бүктіруге құлшынып отырғандар үшін дәл осы жерде оның қарапайым халық өкілі екенінің қажеті де жоқ, бұларға керек стереотип – шонжар. Батыр атаулы феодал, шонжарды ақтап алу мүмкін емес.
Тарихшылар көтерілістің қозғаушы күшін феодалдардың өзара тартысынан іздеп отырса, солардың ең көрнектісі – Ермұхаммед Қасымов. Ермұхамед Қасымов бауыры Кенесарының қаншама жыл арпалысып жүрген көтерілісінен аулақ. Кейін өзіне шақырған Сыздық төреге де ілеспеді. Алғаш Бұхара әміріне жығылып, жергілікті шағын руларға хан сайланып, мөр иемденген кезде, 1847 жылдың жазында Жанқожаға орысты шабалық деп ұсыныс айтты. Бұл әрекетінен хабардар В.И.Перовский сұлтанның бұнысын «безумство» деп, мөрін тартып алуды бұйырды. Бұл жақта жолы болмаған соң Қасымовтардың ата жауы Қоқанға жолай алмай, Хиуаға бет бұрды. Мұхаммед Рахим сұлтанды жанына көшіріп алып, бақылауда ұстады. Күндердің күнінде, шамасы, хандықтан үмітті екені, әлдеқандай сұйық істері сезіліп қалған тәрізді, көзін жоймақшы әрекет үстінде аяқасты отбасын тастай қашты. Орынборға суыт жетіп, В.А.Перовскийдің аяғына жығылды. Патшаға адалдығына бір де емес, екі рет ант берді.
Е.Қасымов орыс әкімшілігіне берілмес бұрын Қоқан, Хиуа шапқыншылықтарын бастап, дарияның оң жағалауындағы қазақтардың үруге итін, сығарға битін қалдырмай, дүркін-дүркін тонап кетіп жүрді (Мұрағаттағы деректерді қарарсыз. – М.Қ.). Елікейді астыртын бақылауда ұстап, қажетті жұмыстарына шебер пайдаланған орыс әкімшілігі. Подполковник, шөмекей, табын руларының биі. Бұған сұлтан-правительдік сеніп тапсырылған жоқ. Сұлтанда халық мүддесіне қызмет істейін деген ниет мүлде болмаған. Е.Қасымовтың ғұмыр бойғы мақсаты – билікке жету. Бұл жақтың қазақтарына, оның да ішінде, кішкене шектілерге, титімдей де беделі жоқ. Жағдайдың барлығын зерттеп, нақты біліп отырған В.И.Перовский сұлтанды кішкенелерге алып келіп, ахуалды одан әрі ушықтыратындай ақымақ емес.
Дарияның сол жағалауын жайлап жүрген шөмекей, табын, бірсыпыра кете тайпаларының билігіне бекітілді. Анығында сұлтан бұрыннан Қуаңдарияда, сол рулардың арасында жүретін, екі әйелі де табын. Оны ру билері өз еріктерімен сайлап алмаған, бекіткен орыс әкімшілігі.
И.З.Чумак: «Командование Сыр-Дарьинской линии в 1853 году приняло решение лишить Джанхожу звания есаула и отняло от него управление казахами, кочующими в низовьях Сыр-Дарьи, передав это управление его давнему родовому врагу Ермухамеду Касымову, подчинив в свою очередь всех казахов, находившихся раньше в подчинении Джанхожи» («Ст.» стр. 39) деген тұжырымы еш негізсіз. Н.Нүсіпбеков: «Товарищи, я специально не исследовал историю движения Джанхожи, – деп бастап, – отстранение Джанхожи от должности, назначение на его место врага Джанхожи еще более обострило отношения Джанхожи с царскими властями» («Ст.» стр. 76) деп, И.З.Чумакты мақұлдайды. Т.Шойынбаевтың: «…иногда в наши споры вмешиваются люди, которые не только не приносят пользы, а мешают разорбраться в тех или иных вопросах. Не зная и не изучая глубоко вопроса, они делают выводы, исходят из своих, нам неизвестных фактов, в результате получается бешбармак» («Ст.» стр. 138) деуі содан. Мәселенің қолға ұстатқандай анығы – Елікей Жанқожаның орнына тағайындалған жоқ, ал Жанқожаның арғы беттегі шөмекей, табын руларымен шаруасы жоқ. Т.Шойынбаевтың айтып тұрғаны бұлтартпас шындық: «…после освобождения Джанхожи не был назначен Еликей Касымов, он в это время управлял другим регионом» («Ст.» стр 140). Сыр бойы қазақтарының бұл көтерілісін шонжарлардың өзара тартысынан туындады деген сөз түбірімен қисынсыз. Мұздай қаруланған орыс әскеріне қарсы көтеріліп жүрген қарапайым шаруаларды Елікей болсын, Жанқожа болсын, мейлі әлдеқандай бір шонжарға шен алып бергелі жүр деп бағалау мүлде ақылға сыймайтын пайым, анығы, саяси түлкібұлаң, назарды басқа жаққа аударып, көтерілістің мәнін кетіріп, қаралау.
Көтерілістің негізгі себебі – қара орман, ескі егістіктерінен көшірілген қарапайым шаруалардың көз жасы мен маңдай тері, тапталған намысы.
Тарихшылардың саудаға салып отырған тағы бір тақырыбы – жасауылдық. 1847 жылдың 21 тамызында Райым бекінісінің бастығы подполковник С.В.Ерофеевпен бірге Хиуа шапқыншылығына соққы бергені үшін тарихшылар көрсетіп жүргендей 1847 жыл емес, 1848 жылдың 12 қаңтарында батырға есаул шені беріліп, 200 рубль тағайыналады. Осыларға сыяпат есебінде қосылған зерлі шапан мен шұға тағы бар. Губернатор сол жылдың ақпанында-ақ Жанқожаға патшаға адалдығына ант қабылдауды ұсынғанда, батырдың берген жауабы: «Я виделся с посланными от вас, и порученные вами слова я слышал, что его превосходительство губернатор, председатель комиссии генерал Ладыженский прислал мне в подарок 200 руб. И сукна на кафтан с позументом, на что я остался доволен. Но только не постигаю такого внимания. Я никаких услуг русскому правительству не оказывал, посему я не удостаиваюсь приниять подарки; начальник укрепления майор, чиновник комиссии мурза Салих, не пеняйте на меня, что я не взял этих вещей. На сторону русских я особенно дурных замыслов не имею» («Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» 2014, 134-бет). Батыр бұл ұсынысқа бес жыл бойы құлақ аспай, Ырғыздан әрі-бері өтіп жүріп, 1853 жылдың 28 қарашасында тағы да бекініс бастығына «жасым тоқсандағы қарт адаммын, маған керегі тыныштық, ант қабылдамасам да, орысқа ешқандай залал келтірмеймін» деп, ант беруден түбегейлі бас тартты. Тайға таңба басқандай түсінікті. Шенеуніктер жиналып қалған ақшаны кері қайтарып, қабылданбаған шенді рәсімдеуге мәжбүр.
Білгісі келген адамға осы деректің өзі-ақ батырдың тақуа мұсылман ретінде кәуірді шын ниетімен қабылдай алмайтынын, оның үстіне әлденеге сатылмайтын дүниеқоңыз адам емесін көрсетіп тұр емес пе. Талқылауға тартылып отырған тарихшылардың бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай батырдың өзі әлдеқашан бас тартқан жасауыл шенін алу рәсімінен қара аспанды қаптатып қасірет іздеулері негізсіз. Жанқожа бұған мүлде мән де берген жоқ. Деректер тұр, жасауыл болмаса да ол шекараны одан әрі күзете берді, сол 1853 жылы Райымның жаңа бастығы подполковник Энгелманмен бірге Қосқорғанды алды. Таңғаларлығы, батыр орыстың шен-шекпені мен рублі үшін емес, халқының тыныштығы үшін арпалысып жүргенін бұлардың бірде-бірі ауызға алмайды. Күйкентай ғадет батырдан аулақ. Жанқожа – ескі дәстүрдегі өр мінезді ар мен намыстың адамы.
ҚК(б) Партиясы Орталық комитетінің 1952 жылдың 10–17 қараша аралығында Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған Сырдария шаруалар көтерілісіне баға беру мақсатында өткізген құпия талқылауына көзқарас.
«Жұрттың Ыбырайы– Ыбырай…»
ХІХ ғасырдың 30-жылдары патшалық Ресей Кавказды иемдену мақсатында өңірде соғыс өртін тұтатты. Стратегиялық түпкі мақсат – ежелден атақоныстарында тұратын мұсылман жамиғатын іргелес түрік ықпалынан аластатып бөліп алу. Әскербасылардың алғашқы пайымдауларынша, шағын-шағын ұлттардан тұратын таулықтарды аса ауқымды шығынға ұрынбай-ақ тізе бүктіруге болатын. Шапқыншылық басталған соң бұл жоспардың ағат екені белгілі болды. Авар, анда, құмық, джамигаат, дағыс, шешен тәрізді шағын халықтардан тұратын қайсар таулықтар тас-түйін бірігіп, бекіністерін, ауылдарын, сай-сала мен әр төбесін күші басым дұшпандардан жан алып, жан берісіп қорғады. Таулықтар қорғанып қана қоймай, күтпеген жерден ойламаған сәттерде талай-талай жойқын соққылар беріп, дұшпандарының түстеріне де кірмеген шығынға батырды.
Қуатты империяның әскерін әбден қалжыратқан 1850 жылы ІІ Александр нәтиже бермей тұрған бұл соғысты тоқтату мәселесін талқылағанда, Александр Боротинский қазіргі корпус армия боп қайта құрылар болса, таулықтарды екі айда тізе бүктіретіні туралы ұсыныс түсірді. Сөйтіп, ұрыс жүргізіп келе жатқан Кавказ корпусы 200 мың армия болып қайта жасақталды.
Шағын-шағын тау халықтарының осы жан алып, жан беріскен ұлы қарсыласының басында кішкентай ғана құмық халқының адал сүт емген ұлы, қайсар жауынгер, білімді заңгер, философияны да үйренген, Құран Кәрімді толық меңгерген Дағыстан, Шеркеш пен Шешенстанның 25 жыл бойғы имамы Шәміл тұрды.
Қарсыластардың соғыс әлеуеттері салыстыруға келмейтін. Гунибте дұшпанның қалың армиясының қыспағында қалған 1859 жылдың 7 қазанында қайтпас қайсар Шәміл жанында қалған 400 мүридтерімен кеңесе келе, қаруларын тастауға мәжбүр болды. Имам Шәміл бүкіл отбасымен Калугадағы Белибин деген көпестің үш қабатты дағарадай жеке үйіне орналастырылды. Шәмілдің өзіне 15 мың рубль зейнетақы белгіленді. Калугада зиялы қауымның жиындарына қатысып, емін-еркін жүрді. Император оны мүридтерімен Петерборда қабылдап, құрмет көрсетті. Кейін жасы ұлғайған кезінде бұл жердің ызғарлы ауасы денсаулығына қолайсыз болған соң патша оны Киевке көшіріп, 1870 жылы имамға қажылық парызын өтеуге рұқсат берді. Айта келгенде, бізге жеткен деректерде қалай жазаласа да қолында тұрғанда
ІІ Александр орыстармен отыз жыл бойы қайсарлықпен арпалысып, армиясына өлшеусіз шығын келтірген діні бөлек дұшпанының ары мен ұжданына қол сұқпақ түгілі, құрметпен қарап, жағдай жасаған.
Тарихшы емес, филолог М.Ахинжанов ағаңыз В.Аничковтан мына деректі келтіреді: «Жанқожа батыр қайда барса да, қасынан өзінің пірі, «кәпірлерді иттің етінен жек көретін» Қасымқожа Сәйекені қалдырмайды екен. Бірде екеуі келе жатып, арбаның ізін ұшыратады. Ол кездері орыстардан басқа ешкім де арбаға мінбеген еді. Батыр пірі екеуі аттарының бастарын тартып, тоқтай қалады. Сәйеке пір маңайындағы қарашаларына: «Кейін қайтыңдар, орыс жолын аттамаймын», – дейді. Олар, сөйтіп, арбаның ізін айналып өтпек болады. Олар қанша айналып жүрсе де, арбаның ізі алдарынан ұшырай береді. Сонда Сәйеке пір өзінің көзін орамалмен байла деп бұйырған екен» (И.А.Аничков «Киргизский батыр Джанходжа Нурмухаммедов». Казань, 1894 г., стр.24).
Сөйтсек Жанқожаның да емес, Сәйекенің арба жолын кесіп өтпеуі бұл ғалымыңыздың мынадай тұжырым жасауына қажет екен: «Нурмухамедов Джанхожа до своей смерти был верен исламу и все его действия связаны со всеми действиями среднеазиатских мусульманских государств и шайкой разбойничьих выступлений отдельных ханов, султанов и баев, феодалов против России» («Ст.» стр. 69).
Бұл да аз. Орыс басқыншыларының маңдайына біткен «жалғыз жанашыр» Сәйеке пірдің бір әрекетінен мынадай құбыжық қорытындыға келеді:
«Во-первых, это выступление было реакционным с начала до конца;
2. Выступление прошло под лозунгом газавата;
В-третьих, оно было проведено по указанию среднеазиатских ханов, за спиной которых стояли иностранные государства, пожелавшие затормозить продвижение России вглубь Средней Азии;
4. Выступление Джанхожи было связано со всеми враждующими черными силами против России и является продолжением выступления Есета Кутебарова, с одними целями и лозунгами;
5. Выступление Джанхожи не поддержали массы населения Сыр-Дарьинских казахов, отсюда оно является не массовым, но он сумел силой и угрозой заставить часть казахов участвовать в его шайке и то только своих кешкене шектинцев;
7. Дальнейшая идеализация так называемого движения Джанхожи Нурмухамедова, выражаясь словами тов. Маленкова, является распространением разного рода немарксистских «точек зрения» и «концепций» («Ст.» стр.71-72).
Шешен үшін мұсылманшылық – құбыжық.
Жан-жақтан талауға түсіп тұрған Т.Шойынбаевтың: «Что же в этом удивительного, ведь он же был 90-летним верующим стариком» («Ст.» стр.106-107) деуден өзге қолынан не келсін.
Айтар сөз жоқ. «Жұрттың Ыбырайы – Ыбырай», біздің Ыбырай осындай…
Ұшыр. Шекара. Көрмес – түйені де көрмес
Ғылымда өрескел әдепсіздікке жататын тағы бір жиіркенішті жайтқа тоқтамасқа болмайды.
Тарихшы М.Ахинжановқа: «Как известно, он во внутренней политике проявил себя как жестокий феодал. Он не только расправлялся с неподчиненным ему населением, насильственно угонял скот, безжалостно облагал особым налогом (ушур) подвластных ему казахов» («Ст.» стр. 61) деп шала бүлінетін дәйегіне келтіріп отырған деректің толық нұсқасы мынау: Аудармашы, Орынбор шекаралық комиссиясының хатшысы Сұбханқұловтың 1848 жылдың 7 қарашасында, әкімшіліктің тапсырмасымен ұшыр туралы жазған анықтамасында «Жанқожа ұшырдан үлес ала ма?» деген оныншы сауалына берген жауабы: «Не берет ли часть гушура и батыр Джанходжа Нурмухамедов? В прошедшие годы Джанходжа батыр собирал здесь значительное количество хлеба под видом гушура. Приезжавший ныне предпочтительно с этой целью сын этого батыра по имени Ит-Джемес, увез из собранного здесь в гушур хлеба на 23 верблюдах, на каждом по три мешка, всего около 400 п. (полагая 6 п. в каждом мешке). Губ… Субканкулов». (ЦГА РК, ф.№4, оп 1, д. 3516, л.2-3).
Орыс өкіметі өңірге бекітіп отырған сұлтан-правительдердің қай-қайсысы да өз қазақтарын шапқыншылықтан қорғау мәселесімен айналысқан емес. Олардың негізгі шаруалары – қол астындағы қазақтар арасынан бүлік шығармау, әкімшілікке алым-салық жинап беру, экспедицияларды қажетті көліктермен қамтамасыз ету.
Өздері орыс бекінісі – Ырғыздан бері аттап басқан емес.
Олардың жұртына қорған боларлық қауқары жоқ. Бекініс маңынан ұзап шықпайтын правительдерді қорғап жүрген арнайы бекітілген орыс солдаттары. Орыс тарабынан қорғауға алғаны – халық арасында беделдерінің жоқ екендігінің айғағы. Ру басылары, билер болса бастары бірікпей шашырап, өз руластарының қамымен бірде Қарақұм, бірде Қызылқұм, Орынбор, Елек, Жаманқала, Борсыққа дейін асып, шекара қаупінен аулақ жүр. Ырғыз, Райым бекіністері болса, Сырдариядан аулақ, бұндағы солдаттар тек жаушапты хабары жеткен кезде ғана атқа қонатын. Қазақтың осы жағдайын көріп отырған іргедегі хиуалықтар мен қоқандықтар ел тонауға мыңдап төгіліп тұр. Деректерден мәлім, жүзқаралы барымташылар жорықтарға «ермек үшін» ай құрғатпай шығып жүр.
Осы шапқыншылықтардың ең ауыр зардабы дарияға жақын су жағалап отырған егіншілер мен жатақтарда, шекара болса иесіз.
Райым бекінісінің бастығы подполковник С.Е.Ерофеевке 1847 жылдың жазында батыр былай деп жазады: «после нижайших поклонов уведомляю вас, что когда я имел кочевку со своими аулами в урочище Сары-Чиганак, получил сведение о прибытии 20 тысяч человек хивинцев, переплывших через Сыр-Дарью в десяти местах, направил свою кочевку к реке Иргизу и, собрав около 500 человек, подведомственных мне киргиз, вышел им навстречу» (РГВИА ф. 1441, оп.1, д.23, л.158).
Батырдың 1847 жылдың 3 қарашасында Орынбор губернаторы В.А.Обручевке жазған хатында: «В августе месяце сего года прежние враги наши хивинцы с Джангазыем и киргизами султана Илекея прибыли в новое хивинское укрепление, находящееся по ту сторону р. Сыр-Дарьи и переправшись через оную, ограбили киргизов, находящихся в ведении моем около 1000 кибиток, угнали весь скот их, а есаулов их во время пераправы через реку бросили в воду. Жен, дочерей и посланных мною 5 караульщиков из коих четырем отрубили головы, и еще бия Джокая пленили живыми» (РГВИА, ф. 1441, оп. 1, д. 4, л. 95-96 об.)
Бұл шындық өзге құжатпен де анықтала түседі:
«Хищники, известясь о движении наших войск, тотчас обратились в бегство с добычей на левый берег Сыр-Дарьи, бросив в реку 30 детей и захватив пятерых караульщиков батыра Джанходжи, из коих у 4 отрубили головы, а пятого, сына бия джакаимского отделения Утягенева, вместе с отрубленными головами отправили в Хиву» (ЦГА РК, ф. 4. д. 408, л. 107-133).
«Захватив пятерых караульщиков Джанходжи». Құжатта тайға таңба басқандай анық көрсетулі тұр: «жен и дочерей и посланных мной пять караульщиков из коих четырем отрубили головы».
М.Ахинжанов мырзаның жерден жеті қоян тапқандай жалаулатып дәйек алып отырған Сұбханқұловтың сол анықтамасының 2-тармағында жазулы тұр:
«…защищая себя от набегов хивинских, необходимым сошли, для предосторожности, иметь надзор за неприятелем: на такое из среды себя таковых людей требовались расходы. Так как, обитающие ныне на Сыр-Дарье киргизы преимущественно занимаются хлебопашеством, то собираемый гушур, вместо того, чтобы отдавать религиозным и беднейшим людям, перевели на предмет наемки пришедших для наблюдения за неприятелями» (ЦГАК, ф. 4, оп. 1, д.3516, лл. 1-2 об.).
Тағы да: «Джанхожа Нурмухаммедов в настоящее время пользуется этой долью, большая часть которой, впрочем, употребляется на издержки общенародные: наем людей для надзора за неприятелем, что сделалось необходимостью в последнее время для наблюдения за хищными шайкаами хивинцев» (ЦГА РК, ф. 4, д.3225, лл. 13-15).
Ешқандай «аяусыз тонаушылық» жоқ, атам заманнан келе жатқан ағайын үлесі – кеусен, дін өкілдері мен жарлы-жақыбайларға берілетін түсімнің он пайызы – ұшыр, бұл кездері шетте күзетте тұрған шекарашылар мен олардың отбасына жеткізіліп тұр.
Ресми қызметі болмаса да иесіз қалған шекара күзетін ұйымдастырып отырған Жанқожа және дариядағы өткелдер бір-жар да емес, он. Жанқожа шапқыншылар дарияны он жерден келіп өтті десе, бұлар: Аманөткел, Тасөткел, Әйтей, Майлыбас, Қаратөбе, Жаңақала, Қарлан, Басықара мен Ханөткелі. Шекарада қостанған кемі жиырма-отыз қарауылдың өздері мен олардың отбасын азық-түлікпен кім қамтамасыз етеді? Әрине, Жанқожа. Біздің ғалымдардың жерден жеті қоян тапқандай жау шаптылап батырды қанаушы етіп көрсетуге пайдаланып жүрген 128 қап астықтың мәні, міне, осы. Өзі дәйекке алып отырған құжаттың №2 тармағында менмұндалап тұрған анықтаманы М.Ахинжанов мырзаңыз «көрмейді», оған керегі Жанқожаның халықты «аяусыз тонаушылығы».
Жанқожа мен Англия
Жанқожа мен бұл тілші ғалымның араларында нендей іліктің бар екені беймағлұм, әйтеуір жоғары оқу орындарына дәріс оқып жүрген тарихшы емес, филолог М.Ахинжанов сөзінше біздің бұл көтеріліске дұрыс баға бере алмауымыз Маленков, Берия, Багиров, Мгеладзе, Артунян, Корнейчук,
Шаяхметов тәрізді компартияның көрнекті өкілдерінен ұят екен. Патша бұл өңірді жеделдетіп отарлап алмаса, қазақтар әні-міні іргелес Хиуа мен Бұқара әмірлігіне беріліп, арғы жағынан Азияға өтпекші боп ауыз салып тұрған түрік, оған дем беріп тұрған Англияға тәуелді болып қалу қаупі төніп тұр. Ал Жанқожа болса хандықтарға құлдық ұрып («раболепно»), осы игілікті прогреске кесірін тигізіп тұр («Ст.» стр. 68).
Одан әрі шешеннің: ««Джанхожа с самого начала, как все его нукеры, был тесно связан с Бухарой и действовали в ее интересах, за спиной которой стояли англичане и, которые действовали в интересах Англии», – деген әуейі тоқтамына Х.Г.Айдарова: «Какое большое политиканство!» – деп бір ауыз ғана сөзбен жауап береді («Ст.» стр. 107).
Нақтырақ жауап М.А.Сужиковтен: «Тов. Ахинжанов привел факт, что восстание сыр-дарьинских казахов, возглавляемое Джанхожой, непосредственно связано с турецким султаном. Если бы Джанхожа имел такие обширные отношения с английскими империалистами и с турецким султаном, то он бы, конечно не сидел в низовьях Сыр-Дарьи и не остался бы здесь после восстания, а перешел бы в Хиву, а оттуда в Турцию. Это, конечно, выдумка» («Ст.» стр 139).
«Выдумка» екені «выдумка». Оның да ішінде ақылға сыя қоюы қиын өрескел «выдумка».
Намысы тапталып, жатжұрттықтардан қорлық көріп отырған қорғансыз қалған қара халқы үшін жанын шүберекке түйіп, бәлкім, осы жолы іштей кәуірмен бетпе-бет шайқаста адал ажал – шаһид кетуге де пейіл, 82 жастағы сауатсыз (газет жоқ, радио әлі шықпаған) қарттың ат жалын тартып мінгелі арпалысып келе жатқан Хиуа, Бұқар одан әрі Түрік, түріктен де асып, оның қайда екенінен байхабар, жаһанның арғы бетіндегі Англия деген бірдеңенің мүддесі үшін арпалысып жүр деп қиялдауға да болады екен-ау.
М.Ахинжанов мырзада мынадай тұжырымдар тағы бар:
«Джанходжа Нурмухамедов, как известно, до этого времени, т.е. до 1847 года, т.е. до глубокой старости, до прихода русских войск, ни единый миг не поднявший взор против Хивы и Коканда, в этот раз был вынужден выступить для того, чтобы скрыть свое инстинное вражеское лицо, против затаив дыхание перед народом, также и перед русской военной администрацией. Чтобы занять теплое местечко в системе управления царской администрации» («Ст.» стр. 60). (Сіз болмасаңыз, біз патша әкімшілігінен жылы орын алу үшін сол патша әскерімен соғысуды түсіне алсақ бұйырмасын. – М.Қ.)
М.Ахинжанов: «…Джанхожу нельзя считать вождем национально-освободительного движения против среднеазиатских варварских мусульманских государств» («Ст.» стр. 61).
М.Ахинжанов: «Нет сомнения, что Джанхожа имел деспотическую власть над населением, совместно с хивинским ханом безжалостно угнетал сырдарьинских казахов» («Ст.» стр. 66).
М.Ахинжанов: «…Джанхожа как фанатик и мулла имел большое влияние на сознание подвластных людей этих разбойников, чтобы подчинить их своему «хозяину», как мусульман. Потому и Кенесары и Кутебаров во многом были обязаны идейному руководству Джанхоже Нурмухамедову – руководителю и организатору их разбойничьих набегов как на русские, так и на казахские поселения. Отсюда вывод, что Джанхожа является одним из организующих центров, связывающим звеном всех врагов против русского продвижения вглубь Средней Азии и Южного Казахстана» («Ст.» стр. 65).
М.Ахинжанов: «Поэтому казахи сырдарьинских долин усердно и с душой приняли участие в изгнании хивинцев из пределов Сыр-Дарьи, а Джанхожа Нурмухамедов, Алдеев приняли участие за сохранение себя как двуличные лица с целью потом воспользоваться моментом и спровоцировать этот ненавистный им народ и передать их на съедение Хивы и Коканда. Так они в конце концов и сделали это» («Ст.» стр. 66).
Ойдан шығарылған одағай ойлар:
Т.Е.Елеуов: «Таким образом, движение Джанхожи в 50-х годах ХІХ века, направленное на отторжение сыр-дарьинских казахов от России не может быть признано прогрессивным» («Ст.» стр. 115-116).
А.Б.Тұрсынбаев: «Цель борьбы Джанхожи против России ясна. Со стороны России он видел угрозу его собственным интересам в деле монопольной эксплуатации трудящихся казахов. Он исходил из корыстных, эгоистических соображений и потому он грабил казахские аулы, не шедшие за ним» («Ст.» стр. 122).
А.Б.Тұрсынбаев: «Я считаю, что деятельность Джанхожи связанная с событиями 1856-1857 годов, реакционна. Так называемое движение Джанходжи нельзя считать национально-освободительным» («Ст.» стр. 124).
С.Н.Покровский: «В целом я рассматриваю выступление Джанхожи как местную, локальную и кратковременную антинациональную вспышку, происходившую в обстановке усиления колониального гнета царизма и борьбы внешних политических сил. Феодальное руководство в лице Джанхожи, защищавшее интересы местной эксплуататорской верхушки, занимавшие антирусские позиции и связанное со злейшим врагом казахского народа – хивинским ханом, придало этому выступлению реакционный характер» («Ст.» стр. 133).
Тарихшылардың бәрі бірдей теріс бақпаған. Түсінер кісі болса, жөн сөз де жетерлік.
В.Ф.Шахматов: «Таким образом, мы лишаем казахский народ права на национальное освобождение» («Ст.» стр. 24).
В.Ф.Шахматов: «Когда строилось укрепление Казалинск, то тех казахов втолкнули в известковую печь, и они сгорели заживо. Как видите, людей не только угнетали, а истребляли» («Ст.» стр. 27).
В.Ф.Шахматов: «Я должен сказать, что в этом вопросе у нас люди руководствуются не научными интересами, а своими личными целями, которые мне непонятны» («Ст.» стр. 27).
А.Нүсіпбеков: «Тов. Чумак все дело сводит к борьбе двух феодалов, отрицает факт выступления местного населения против колониальной политики
царизма. Это неверно, все данные говорят о том, что было выступление крестьян. Но оно было кратковременным и локальным выступлением» («Ст.» стр. 77).
Т.Шойынбаев: «Мне кажется, что причина восстания ясна. Имели право казахские крестьяне в низовьях реки Сыр-Дарьи защитить своих дочерей и жен. Они на это имели полное право также, как и любой другой народ, находившиеся под колониальным гнетом» («Ст.» стр. 136).
Т.Шойынбаев: «…царские чиновники, колонизаторы и угнетатели подходили к вопросу о восттании Джанхожи более объективно, чем некоторые выступившие товарищи» («Ст.» стр. 136).
Т.Шойынбаев: «Тов. Ахинжанов приводит данные, что Джанхожа до 1847 года не вел борьбы против хивинского ханства. Все историки имеют на руках архивный материал, Джанхожа ведет борьбу с 1838 года против Хивы, все архивные документы это доказывают, а сегодня т. Ахинжанов нашел другую мысль, что он до 1847 года жил дружно с хивинским ханством. Это ложное, неправильное утверждение» («Ст.» стр. 139).
Т.Шойынбаев: «Почему Вы, Сергей Николаевич, считаете восстание Сыр-Дарьинских казахов антирусским? Разве только русский народ был, а где был царизм? Это совершенно неправильно, я бы на вашем месте никогда не сказал, что это восстание поднято против русских. Восстание поднято против колониальной политики царизма. Джанхожа – неграмотный казах, но он говорил в середине ХІХ века, что кроме русских у меня друзей не осталось» («Ст.» стр. 141).
В.Ф.Шахматов: «Вы ссылаетесь на письмо хивинского хана, который предлагает – обагрить себя кровью русских. Представьте себе, прошу вас – приходите к нам завтра в институт, обагрив свои руки кровью Тлеша Шоинбаева, кто же тут будет преступник, я или Вы» («Ст.» стр. 172).
* * *
Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих институты құрған арнаулы комиссия, ұсынылған материалдарға сүйеніп қолдап отырған Орталық комитеттің хатшысы да айтып тұр. Жанқожа бастаған көтерілістің бағалануы болмаса тарих дайын. Уақыт тығыз, кітапты тездетіп шығару керек. Шешендер Т.Шойынбаевтың талауға түсіп отырған еңбегі мен жақын жердегі ҚазССР Мемлекеттік мұрағатында тұрған деректермен ғана шектелген. Москвадағы СССР Мемлекеттік әскери-тарихи мұрағаты, Өзбек ССР Ұлттық мұрағаты, Орынбор облыстық мұрағаттарындағы шаруалар көтерілісінің себебі, дайындығы, барысы, қатысушылар мен жазалануы тәрізді маңызды мәселелерді айғақтайтын деректер назардан тыс қалған. Бастысы, талқылаушылардың басым көпшілігі көтерілістің мәнін ашатын ол деректерді дәйекке алуға құлықсыз.
Көтеріліс тағдырын шешуге тартылғандардың басым көпшілігі мәселені терең зерттемеген. Қысастық өз алдына, нобайлап сөйлеу, көрінеу көзге деректердің өңін айналдыру, маңызды мағлұматтарды елемеу көрініп тұр. Дәйекке келтіріліп отырған ұсыныстарда дабыра мен ғайбат басым.
Жанқожаның өзге батырларға ұқсамайтын жеке тұлға екені, әрине, мүлде назарға алынбайды. Х.Г.Айдарованың пікір айтуға дайын емеспін деуінің жаны бар. 1939 жылдан жинақталған материалдарым қаралған жоқ деп В.В.Шахматов отыр.
Талқылауға қатысып отырғандар дайындықсыз келгендіктен хатшы амалсыз қайта дайындалуға екі күн үзіліс жариялауға мәжбүр. Осыншалық қысқа мерзімде әр қиырда шашырап жатқан өнімсіз деректерді жинақтау мүмкін бе?
Талқылау түйіні Шойынбаевқа келіп тірелді. Ол ҚК(б)П Орталық комитетінің хатшысы М.Г.Сужиковтің: «Сіз бұны ұлт-азаттық қозғалысы деп есептейсіз бе?» деген сұрағына тығырыққа тірелген ғалым («Жалмауызға да жан керек»): «Жоқ. Мен оны ұлт-азаттық деп есептегенмін, бірақ бұл көзқарас қате болды. Қазір оны басқыншылыққа, құлдық отарлауға қарсы бас көтеру деп есептеймін» («Ст.» стр. 142) деуге мәжбүр.
Анығында «ұлт», «азаттық» деген ұғымдар патшалық Ресейдің басқыншылығының шашбауын көтеріп отырғандардың зәре-құтын алады, бұлар үшін «ұлт» та, «азаттық» та – ұлтшылдық.
Ғайбаттаушылар дегендеріне жетіп, қазақ рухының бір жарқын тарихына қара күйе жағылды.
Молдахмет Қаназ,
Жазушы, Халықаралық «Алаш»
әдеби сыйлығының лауреаты