ҚҰТ­ТЫҚТАЙМЫЗ!
11.11.2024
122
0

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен марапат­талған қаламгерлердің тізімін жариялаған болатынбыз. Бүгін де сол дәстүрді жалғастырып, мемлекет­тік наградаға ие болған қаламгерлерді құт­тықтап отырмыз.
Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен ақын, тарих ғылымының докторы, ҚР Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапат­талды. Қаламгерге жоғары мемлекет­тік награданы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев табыстаған болатын.

Сондай-ақ ұлт әдебиетін дамытудағы еңбегі үшін жазушы, аудармашы Адольф Арцишевскийге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Осыған орай, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов жазушыны құт­тықтап, марапат­ты табыс ет­ті.
Марапат иелерін шын жүректен құт­тықтаймыз!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір