Мақаш ТӘТІМОВ
Мақаш Тәтімов біздің замандасымыз еді. Ұлтымыздың сөзі бәсең естілетін уақыттың өзінде демография ғылымын жалаулатып көтеріп, ұран салған көкеміз аспан асты, жер үстіндегі пенделерден өзгеше жаратылыс иесі болып елестейтін. Бақсақ, өзіміздей қарапайым, алғаш перзенттің де зарын шеккен кісі екенін естіген де жайымыз бар. Ғылым академиясындағы беделді жиынның үстінде Мақаш Тәтімов сөйлеген кезде Галилейдің мінезін мысалға алғаны бар. Бірден үкім шығарушы орта ғасырдағы қатал заманның барысында көзқарасынан күштеп бас тартқызған дінбасыларына Галилей «Күн бәрібір жерді айналып жатыр» деп күйзеліп айтқанын мысалға алғанын соңынан барып түсінген едік. Тәуелсіз ел болудың параллелін бұлайша ұтымды жеткізу әдісін тапқан қайран, Мақаң. Ұлттың әрбір бойжеткені мен бозбаласына қарашаңырақ иесі деп қарайтын қазақтың қасиетті ақсақалы еді. Сол сәттің куәгері болудың өзі адамға ырыс екен. Тоталитарлық жүйеде қазақ тағдыры мен саны турасында бұдан артық бейнелі айтуға болар ма еді.
Қайран Мақаң, сізді қазақ ұмытса, өзін ұмытқаны.
«Қазақ әдебиеті» газеті.