Ермаханның «ДНК»-сі
16.05.2024
1185
0

(немесе жыл қорытындысына қайта соғамыз)

Ақпарат желісінде Ермахан Шайхыұлы дабыл қақты. «Үш кітап шығарып, «Алаш» сыйлығын ала алмадым. Сөйтсем, Одақ кітапқа қарамайды екен. Мәселе – география мен биографияда!», – депті. (Әрі қарай) Қазақ сатирасының сардары Ғаббас Қабышұлы өзінен кейінгі інілеріне ылғи да қамқорлық көрсетіп келеді. Міне, бұл жолы да Қазақстан Жазушылар одағы басшыларына хат жолдапты. Мәтіні міне! Мархабат! Алла ол кісіге разы болсын!…
(Ермахан Шайхыұлы)

Қазақстан Жазушылар одағы басшылары:
М.Құлкенов, Н.Қуантайұлы, Б.Жақып, Қ.Бегманов, Б.Сарыбай, Ғ.Қалибек мырзаларға!
Төл әдебиетімізге, оның әзіл-сықақ саласына атап айтарлық еңбек сіңірген, қаламын ұстауы әлі де нық Ермахан Шайхыұлы – Республика Жазушылар одағының ғана емес, Журналшылар одағының және Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, 10-нан астам кітаптің авторы екені баршаңызға мәлім дей аламын. Шығармашылық табысына бір ғана мысал: биыл шыққан «Сатираның сарқыты» кітабы – қазақ сатирасы тарихының бір тарауы. Бүгінде жасы 58-дегі бұл танымал қаламгерімізді Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына ұсынып, кепілдеме бергеніме 11 жыл болды, бірақ ескерілмей келеді, ол қалай? Сыйлық беріліп жатқандар әдебиетімізге Ермаханнан әлдеқайда көп еңбек сіңіргендер ме?
Ағаттықты оңдаудың да ерте-кеші жоқ қой, Ермахан Шайхыұлына Халықаралық «Алаш»әдеби сыйлығын, келесі жолғы кезекке қалдырмай, бүгіндері берулеріңізді қалаймын және сенемін!
Ғаббас Қабышұлы, 23.04.2024 ж.
«Жығылған күреске тоймайды» дегендей 03.05.2024 ж. №17 «Қазақ әдебиетінде» «Қазыханның қаперіне: Әшенің әлегі» атты жылап жазған арызы шығыпты.
Мәселенің ақ-қарасын шешу үшін көз жасын көл еткен, Қансейіт Әбдезұлы мен Ғаббас Қабышты козір еткен Ермаханның жазғанын да оқиық. Автор: «Қазыхан менің кітабымды толық оқымаған, жала жапқан. Мен сатиралық мақалдарды мағынасын майыстырып жазудан «Егемен Қазақстанның» бәйгесін алғам», – дейді. Сондай-ақ, ЖО анықтамалығында 60-бет Әбдіраман Ермахан деп тіркелген. Осы анықтамалықта 486-бет Түкібаев Базарбек делінген. Кітаптарда Ермахан Шайхыұлы – Балапан Базар болып жүр. Сондықтан, автор оқырманға желіден тез табу үшін бір жүйеде болғаны жөн. Қазыханға Америка ашқандай болдың деудің қандай реті бар?
Енді «ДНК»-ға жүгінейік. Анықтауға тапсырылған кітап «Сатира сарқыты» «Аннұр сапа» баспасында 2023 ж. 500 дана, төрт жүз бет боп шыққан. Ермаханның қолтаңбасы бар ма, әлде авторлардың жазғанын, газет бетінде жарық көрген материалдарды құрастырған құрастырушы ма? Әуелі, әр бетке тоқталамыз. 4-беттен 9-бетке дейін, алғысөз жазған Қансейіт Әбдезұлы, тақырыбы – «Сатира – сарабдал сөздің жебесі».
1 бөлім. 10-бетте Темірбек Қожакеевтің сатира жөніндегі анықтамасы. 11-беттен 38-бетке дейін кезінде Т.Қожакеевтің жазғаны, «Хабаршы» № 6,1999 ж, №14, 2003, №11, 2001 журнал қиындысы алынған. Ермахан 39-40 бетте Үміт Зұлхарова туралы «Шынайы шығармалардың шебері», «Айқын» газеті, 2012 ж., қосқан. 41-бетте «Тума талант, дара дарын», «Тай-қазан» журналы, 2014 ж, 42-43 бет «Қазақ сатирасы және сүренсіз сахна», 44-45 «Күлкімен «аурғандар» Республика сарайында «емделді», «Айқын» газеті, (жылы жоқ).
2 бөлім. Сатира саңлақтары 48-51 бет, «Тайшықовты танимыз ба?», 52-59 бет, «Шона –шымшыма шебері», 60-65 бет «Балғабек Қыдырбекұлы – сатирик», 66-72 бет, «Қазақ сатирасының атасы» (Оспанхан Әубәкіров жайлы), 73-77 бет «Қожакеевтің құнды қазынасы», 78-80 бет, «Абыз да аңыз адам», «Аңыз адам» журналы, жылы жоқ. 81-86 бет «Өнері де, өресі де биік еді» Қажытай Ілиясұлы жайлы. 80-89 бет «Сайыпқыран сықақшы» Сейіт Кенжеахметұлы жайлы. 90-99 бет «Көпен – күлкі королі немесе Әпенділер әулеті», «Түркістан» газеті, 27.10.2023.
3 бөлім. Әдеби жыл қорытындысында жасалған баяндамалар. 102-107 бет «Қазақта сатира бар», 2004 жыл. 108-113 бет, «Қазақ сатирасы суалған да, қуарған да жоқ!». 113-117 беттер, «Әдебиетте жетім жанр жоқ», 2017 жыл. 118-120 беттер, «Қашанда күле білейік!», 2020 жыл. 120 -131 беттер, «Қазақ сатирасына қамқорлық қажет!», «Қазақ әдебиеті, 2023 жыл.
4 бөлім. 134-140 беттер, «Сатира сардарларымен сұхбат», Ғ.Қабышұлымен сұхбат, «Айқын» газеті, 2004 ж. 141-146 беттер, Үмбетбай Уайдаұлы, сұхбат, «Айқын» газеті 2004 ж. 147-152 беттер, Лұқпан Есенов, сұхбат, «Айқын» газеті 2005 ж. 153-158 беттер, Құдайберген Сұлтанбаев, сұхбат, «Айқын» газеті 2004 ж. 159-160 беттер Құдайберген Сұлтанбаев, автор Жазира Байсымбек, сұхбат, №10 «Дала мен қала» газеті, 2008 ж. 161-164 беттер, Көпен Әмірбек, сұхбат, «Айқын» газеті 2004 ж. 165-169 беттер, Таңдай Кенеев, сұхбат, «Айқын» газеті 2005 ж. 170-174 беттер, Толымбек Әлімбекұлы, сұхбат, «Айқын» газеті 2004 ж. 175-178 беттер, Берік Садыр, сұхбат, «Айқын» газеті 2007 ж. 179-183 беттер, Мұхтар Шерім, сұхбат, «Жұлдыздар отбасы» журналы, жылы жоқ. 184-188 беттер, Мұхтар Шерім, сұхбат, «Айқын» газеті 2007 ж.189-192 беттер, Гүлбаушан Тілеубекова, сұхбат, «Айқын» газеті 2005 ж. 193-195 беттер, Данагүл Темірсұлтанова, сұхбат, «Айқын» газеті жылы жоқ. 196-206 беттер, Асқар Наймантаев, сұхбат, «Айқын» газеті 2007 ж. 207-210 беттер, Ұлан Нүсіпәлиев, сұхбат, «Айқын» газеті, жылы жоқ. 211-217 беттер, Гүлжан Қалыбаева, сұхбат, «Айқын» газеті, жылы жоқ.
5 бөлім. Қаламдастар құрметі. 220-226 беттер, Ғаббас Қабышевтің мақаласы. 227-228 бетте Көпен Әмірбек. 229-230 беттер, Толымбек Әлімбек. 231-232 Баянғали Әлімжанов. 233-234 беттер, Әбдікәрім Манапұлы. 235-238, Мұратқали Дүйсенбаев. 239-245, Нұртөре Жүсіп. 246-247, Жақсылық Жүнісұлы, «Біздің сөз» кітабының 511 беті, 2014 ж. 249-253, Роза Алтынбекова баяндамасы. 254-257, Ұлбосын Айтөлен, «Жұрт айтады» кітабы, 75 бет. 258-259, Мұхтар Шерім, «Жұрт айтады» кітабы, 37 бет. 260-266, Нұрлан Қалқа. 267-271, Бақытжан Советұлы. 272-281, Советқали Мұқашев, «Қазақ әдебиеті», 2016 ж. 282-289, Ғалия Майкотова. 290-291 бет, Нұрлыбек Жұбатқан. 292-295, Дәрмен Смайыл. 296-298, Сәкен Сыбанбай. 299-302 бет, Ержан Байтілес. 303-305 бет, Кәмшат Әбілқызы, 2008 ж.
6 бөлім. Әріптестер әзілі. 308-309 бет, Бауыржан Омардың әзіл өлеңдері. 310-314 бет, Александр Алханның өлеңдері. 315 бет, Жұмағали Арғынбаевтің өлеңі. 316 бет, Күләш Керімбекқызының өлеңі. 317 бет, Серік Қалиевтің өлеңі, 318 бет, Жұмабек Сманов, 319 бет, Бану Шалова мен Жанар Әбсадықтың өлеңдері. 320 бет, «Сатира стадионы». Бұл «Көпен келе жатыр» кітаптің 1-ші томы, 101 бетте жазылған. 1980 жылдары «Лениншіл жас» газетінде басылған. 321 бет, Олжас Қасым, арнау өлең.
7 бөлім. Сатира серкесімен сұхбат. (Өзін-өзі мақтаған өгізбен тең). 324-328 бет, авторы Есей Жеңісұлы, «Рейтинг» газеті, 28.01.2016 ж. 329 -231 бет, Гүлжанат Шонабай, «Тасжарған» газеті. 332-335 бет, Нұргүл Әлменбетованың сұхбаты, «Әзіл әлем» газеті. 336-337 бет, Замира Пірназарова, «Жас қазақ» газеті.
8 бөлім. «Айқынның» қоржыны. 342 бет, Мұхтар Шерім. 343 бет, Е.Шайхыұлы, 2005. 344 бет, Оспанхан жайлы, Ғ. Қабышұлы. 345 бет, Нұрсұлу Рақымжанқызы Оспанхан жайлы жазғаны. 346 бет, Берік Шаханов Оспанхан жайлы. 348 -349 бет, Төреғали Ташен, 2009ж. 350-351 бет, Ершай Әзірет, 2009 ж. 332 бет, Ғ.Қабышұлының Н.Оразалинға жазған хаты, 18.10.2013 ж. 353 бет, Мағауия Шайхы, 2014 ж. 354-355 бет, Е.Шайхыұлы 2015 ж газеттегі мақаласы. 356 бет, Александр Алхан, Шымкент қ. 357-358 бет, Қуат Әдисұлы, пікір. 359-361 бет, Дамегүл Байсұрағанова атынан жазған өз әзілі. 362-363 бет, Мұхтар Жанұзақов, хат. 364-365 бет, өз қортындысы.
9 бөлім. Мынау туралы мәлімет. 368-377 бет, өзі туралы өзі, Нұрлан Тазабеков, Алмас Тоқабаев, Олжас Қасымов, Алпысбай Боранбаев, Базар-Бек Әбділдаұлы, Жүніс Қоқышұлы, Үмбетбай Уайда («Жатыпатар», 2013)
10 бөлім. Әзілкештер әзілі. 380-389 бет, авторы белгісіз ел аузындағы әзілдер.
11 бөлім. Автордың айтқыштығы. 392-400 бет, Бану Шалованың «Атақты айтқыштар» атты кітабынан алынған, 2018 ж.
Аталған кітаптың 400 бетін бір талдап ақтарып, моншақтың мұрынынан тізгендей, көгендеп шықтық. Ара-тұра өзін-өзі тықпалап мақтанғаны болмаса, жеке сатиралық шығарма таба алмадық. Тексеріліп біткен соң, Ермаханның «ДНК»-сі сараптамаға сай «Сатира сарқытында» автордың тілі де, сөзі де, өзі де жоқ деген қорытынды жасалды. 11 бөлімде бірде-бір сатиралық шығарма жоқ. Есесіне, аты қойылмаған , басқа кітаптардан, газет-журналдан елдің жазғандарын жинақтаған. Кітап көлемін қампайту үшін кей авторларды екі-үш рет, ал өзін мақтатып 20 рет жазған.
Керейде 12 абақ керейдің бірі – шұбар айғыр. Малдағы осы ауылға басқа ұлт өкілі барыпты. Дастарқан дайындап жүрген әйел: «Төрем келгенде, қымыз болмай қалды. Биесі құрғыр қысыр қалып», – деп бірнеше рет қайталап қоймаса керек. Сонда қонақ: «Осынша шұбар айғыр отырып, биең қысыр қалса жеңгей, саған обал болған екен», – депті. Сол айтқандай, Ғабең айтқандай, сен айтқандай, 11 жылдан бері «Алашты» ала алмай жүрсең, обал болған екен (өзіңнің желідегі сөзіңнен алынды). «Өз қатығын өзіңе» деген бар емес пе? Сұхбат алған достарың, көкелерің, қолжазбаңды оқымай қол қойған ағаларың ара түсер. Секретариатта дәлелдер. Сен қорлықты менен көріп жүргендей: «Қазыханның кәперіне: Әшенің әлегі», – деп айдар тағыпсың. Әше деген кісі – әкемнің әкесінің әкесі, менің ұлы атам. Қазақтың қанатты сөздерін өзгертіп алғаныңды өнер деп біледі екенсің. «Сатиралық мақалдың мағынасын майыстыру» деп ат қойып алыпсың. «Егемен Қазақстан» бәйгесін алғам», – деп мақтаныпсың. Сол қағазыңды мойныңа неге тағып жүрмейсің. Сені де біреу ұстазым деп жүр-ау! Өзіңнен 16 жас үлкен адамға «сыншысымақ, сатираны ұқпайтын сауатсыз», – депсің. «Қазыханның еш кітабын оқыған емеспін», – деп аузыңды қу шөппен сүртіпсің. Оқымасаң қайтып баға беріп отырсың? «Сатира сарқыты» атты өз кітабыңның 109-111 бетінен үзінді келтірейін:
«….Қазыхан Әшенің «Қазақ сатирасының антологиясы» атты болымды да, толымды кітабын ерекше атап өтуге тұрады. Бір институттың қызметін жалғыз өзі атқарған Қазыхан Әшеге қандай марапат берсек те жарасады. Аталған антологияға сатира жанрында қалам тербеген 103 қаламгер кіріпті. Олардың ішінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері де, мүше емесі де бар. Тағы бір ерекшелігі, жинаққа сатириктердің сүретімен қоса, өмірбаяны және шығармалары енгізілген. Бұл антологияның оқырмандарға берер ықпал-әсері зор».
– Иә, жақсы іні болып жүрген жас күндеріңде әнің басқа еді. Етек-жеңіңді жиған соң, басыңнан сөз асырмайтын, өтірік жала жабатын адам бопсың. Кітаптің кемшілігін айтсам, айып па? Жанашыр ағаларың қолжазбаңды оқып, дұрыс жолға салса, не оқулық есебінде бағдарламаға сәйкес құрастырсаңдар, жеке кітабым демей, құрастырушы болсаң, әңгіме басқа еді ғой. «Ауруын жасырғанның өлімі әшкере» демей ме? «Ұрының құйрығы бір тұтам» деген тағы бар. Газетте тыныс белгіден қате жүрсе, оған сол редакция жауапты емес пе? Маған неғып күйе жағып жатырсың? Сенің бар сыйқыңды сол бұзып тұрғандай. Маған берілген атақ сенің есеңнен бе? Атағы жоқ, сені Университетке аға оқытушы ғып кім алды деп отырған жоқпыз ғой.
Айтар кеңесім – шама-шарқыңша өз шығармаңды жаз, бағың сонда жанар. «Майыстыруыңа» көнетін өзіңе қатысты бірнеше мақал берейін.
«Атың шықпаса, жер өрте»;
«Таз ашуын тырнадан алады»;
«Байдың асын байғұс қызғанады»;
«Жау кеткен соң, қылышыңды боққа шаппа», – демекші, жыл қорытындысында жарыс сөзге неге шықпадың? Жиналыс төрағасы сұрады емес пе? Өткен жылы жыл қорытындысында да, 21 жылдан бері бірде-бір бас қоспадық дегем. Есіңде болар, «Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады», – дегенім.
«Мен ысқырып жүргенім жоқ, ысқырмаймын да», – деп ең. Қазыханды Одақтан шығарамын дегеніңе жол болсын. Кеңес төрағасы боп сайланған хаттамаң, жиынға қатысқан адамдарың бар ма? Еркін Жап­пасұлы екеумізден басқа сенімен кім жолығып жүр? Сыналған сықақшысымақтар бірігіп қаулы қабылдағандарың құтты болсын! «Жауды аяған жаралы боладыны» ескерген шығарсыңдар.

Қазыхан ӘШЕ,
Қазақстанның еңбек
сіңірген қайраткері
06.05.2024

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір