«ШУАҚТАН» ҚҰР ҚАЛМАҢЫЗ!
18.04.2024
132
0

Оралдың төріндегі «Атамекен» өнер ордасында 12 сәуір күні Қазақстан Суретшілер одағының және Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі, кескіндемеші Нұрбек Жәрдемовтің «Шуақ» атты дербес көрмесі ашылады.
Н. Жәрдемов 1971 жылғы 10 қазанда Ақжайық ауданына қарасты Есенсай ауылында дүниеге келген. Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Тұран» халықаралық көркемөнер сыйлығының лауреаты, түркиялық «Күміс кілт» сыйлығының иегері Нұрбек Жәрдемовтің бұған дейін «Жанымның жарығы» (Орал-2007), «Свет души» (Ақсай-2008), «Жұлдызды аспан» (Атырау-2009) және 2019 жылы Түркияның Солтүстік Кипр аумағындағы заманауи өнер музейінде жеке көрмелері өткен. Сондай-ақ ол әр жылдары Алматы, Атырау, Уфа, Астана, Түркістан шаһарларында өткен халықаралық топтық көрмелерге қатысқан. Н.Жәрдемовтің біраз еңбектері алысты-жақынды шетелдердің музей қоры мен жеке коллекционерлердің жинаққорында баршылық.
Қадірлі оралдықтар мен қала қонақтары, сіздерді 12 сәуір мен 12 мамыр аралығында «Атамекен» өнер ордасындағы суретші Нұрбек Жәрдемовтің дербес көрмесін тамашалауға шақырамыз!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір