24 сағатта  зияткерлер 44 бағдарламалық өнімді әзірлеп рекорд орнатты
27.03.2024
358
0

Алматыда «NIS HACKATHON-2024»  алғашқы IT чемпионаты аяқталды

Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS-те еліміздің барлық Зияткерлік мектептерінен 180-ге жуық үздік бағдарламалаушылар қатысқан екі күндік IT-марафонның салтанатты жабылуы өтті.

Жоғарғы және кіші лигадағы   командаларға «EdTech» тақырыбында 24 сағат ішінде білім беру саласында ұсынылған сегіз мәселенің бірін таңдап, өздерінің бағдарламалық өнімдерін жасап шығару арқылы мәселенің технологиялық шешімін табу тапсырылған болатын.   

Оқушылар бір тәулік ішінде ақпараттық технологияның соңғы трендтерін, пайдалана отырып, 44 бағдарламалық өнім әзірлеп  рекорд орнатты. Зияткерлер  жасақтаған мобильді қосымшалары, сайттар, web-сервиздерінде   жасанды интеллекттің  түрлі әдістерін қолдана білді.  AI көмегімен үлкен көлемдегі деректерді талдауды, мәтіндерді, суреттерді, музыка мен бейнелерді жасауды, мұғалімдерге тапсырмаларды тексеруді жеңілдетуді, STEM оқытудың тиімділігін арттыруды, гитарада ойнауды үйретуді, болашақ мамандықты таңдауға көмектесуді ойластырып компьютерлік алгоритмдерге шығармашылық және интеллектуалды мазмұн бере алды.  Сонымен қатар оқушылар жасанды интеллектті   бизнес оқыту жобаларында  қарастырып олардың  сатылу мүмкіндіктерін  жоғарлатуға болатынын көрсетті.

— Біз «Жасанды интеллект арқылы оқыту» тақырыбын таңдадық. Біздің шешіміміз нейрондық желіні мобильді қосымшаға біріктіру болып табылады, — деп бөлісті павлодарлық зияткер Сабыр Берікұлы.

— Жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандықты таңдау  оңайға түспейді. Біз бұл туралы ертерек ойлануды ұсынамыз. Біздің қосымшаның мақсаты-  7-8 сыныптардан бастап бірнеше пәндердің түйіскен жерінде оқыту.  Қосымша арқылы пайдаланушы соңғы сыныптырда керекті білім жинап аэроспейсинженеринг, биороботикс, биоинженеринг және басқа да  әлемде сұранысқа ие мамандықтар туралы толық түсінікке ие бола алады,- деп түсіндірді «Шырақ» жобаларын өскемендік оқушылар Шыңғыс Мағауия мен  Еркежан Ерланқызы.

Хакатонның жабылу салтанатында   IT- саласының білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы   үздік командаларды анықтап, жеңімпаздарды марапаттады.

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір