11.03.2024
340
0


ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ

Баспасөз баяны

1935 жылы ашылғын 90 жылға жуық тарихы бар Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы құрамында республикамызда ғана емес бір қатар шет мемлекеттерге танымыл 4 ірі шығармашылық ұжымдар мен ішекті аспаптар квартеті, қарағайлы үрмелі аспаптар квинтеті және солисттері бар еліміздің музыка өнерінің қарашаңырағы болып табылады. Ашылғанынан бастап халқымыздың рухани дамуына адал қызмет етіп келе жатқан филармонияның репертуары қазақ халқының музыкасымен қатар әлемдік классикалық музыкадағы шығармаларға бай.
Биыл ҚР Мәдениет және ақпарат министрлінінің қолдауымен филармонияда Мемлекеттік академиялық классикалық гитаристтер квинтеті құрылып отыр.
Елімізде алғаш рет ашылып отырған квинтет құрамында Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында білім алған талантты гитара аспабының шеберлері өнер көрсетеді.
2024 жылдың 20 наурыз сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен залында Мемлекеттік академиялық гитаристтер квинтетінің ресми ашылуы және алғашқы «БасТау» атты концертінің өтетінін хабарлаймыз.
Квинтетнің көркемдік жетекшісі: халықаралық байқаулардың лауреаты Бауыржан Жылқыбаев.

Құрамында:
Акбар Қиарыстан (гитара)
Улан Ахметов (бас гитара)
Асан Нарбота(гитара)
Зәуре Нарбота(гитара)
Бауыржан Жылқыбаев(гитара)

Концертке қатысатындар:
Аида Аюпова (скрипка)
Хасан Мацаев(кахон)
Ертай Мамырхан(фортепиано)
Ермек Меденов(саксофон)

Бағдарламада: Құрманғазы- «Адай», Н.Тілендиев-«Құстар әні», «Әлкисса» , Б.Жылқыбаев-«Amigo», «Kazakh rumba», «Қайырлы таң», «Nomads», М. Әубәкіров-«Наркескен», Gipsy kings.- «Inspiration» Love and liberte», Jesse Cook-«Gipsy»,»Tempest»,» Mario takes a walk», Монти — «Чардаш»,.Rodrigo y gabriela.»Puss in boots»,»Tamacun»,Depapepe-«Katana», В.Дидюля- «Уличные страсти».
Іс – шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, Өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Байланыс-М.Әлиасқарқызы-57017518985
E-mail: philarmon@mail.ru
Сайт: https://jambyl-philharmonic.kz/
Инстаграм: kazakh.philharmonic
Фейсбук/YouTube: Казахская государственная филармония им.Жамбыла

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір