«ЕШКІМГЕ АЙТПАҒАН СЫРЛАРЫМ»
13.11.2023
111
0

«Алматы-Болашақ» баспасынан мемлекет­тік тапсырыс бойынша Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық Э.Иманалиев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Үміт Битенованың «Ешкімге айтпаған сырларым» ат­ты жаңа жыр жинағы жарық көрді.
«Әдебиет­тің әлеумет­тік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасымен шыққан ақынның бұл кітабына әр жылдары дүниеге келген поэзиялық шығармалары топтастырылған.
Пәкиза тазалық пен сыршылдық араласа өріліп жататын шығармаларымен адамдарға ағынан жарылып сыр айту, тосын теңеулер арқылы сәт­ті шешім қабылдау – Үміт жырларының басты ерекшелігі.
Әлеумет­тiк әуенге бейiм, өлең тiлiн құрайтын нәзiк сезiмiн оқиғалы жырларына дарыта бiлетін ақын барша адам баласы байыпты ойға бармайынша, адамзат­тың көсегесi көгермейтiнiне көңiл­дi ұйытып, көздi жеткiзедi.
Оқыр­ман қауымға арнал­ған жыр кітабының көпшілік­тің жүрек төрінен орын алары­на сенім білдіре отырып, ақын Үміт Битенованы кезекті бір шығармашылық жетістігімен құт­тықтаймыз!
Ақынның ешкімге айтпа­ған сырларымен танысуға асы­ғыңыз, құрмет­ті кітапсү­йер қауым!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір