Абай университетінің ректоры Болат Тілеп Азия ойындарының жеңімпазы Эсмигүл Куюловамен кездесті 
06.10.2023
208
0

2023 жылғы 3 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілеп Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында қола медаль жеңімпазы атанған Өнер, мәдениет және спорт институтының студенті, ҚР Ұлттық құрамасының дзюдошысы Эсмигүл Куюловамен кездесті. Кездесуге «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушысы, дзюдо және самбо күресінен жоғары санатты жаттықтырушы Жомарт Сағындықов қатысты.

Ректор Эсмигүл Куюлованы маңызды спорттық жетістіктерімен құттықтап, оның бүгінгі қол жеткізген жетістігі университет студенттеріне үлгі болатынын атап өтті. Бұл кездесу Абай университетінің спорт пен шығармашылық жолындағы студенттері арасында дарынды жастарды қолдау мен дамытудың маңыздылығын көрсетеді.

Эсмигүлдің жетістіктері мен спорттық мансабын қолдау мақсатында университет тарапынан студентке 2023-2024 оқу жылындағы оқу ақысына 100% жеңілдік беріліп, университеттің арнайы сыйлықтары табыс етілді. Шәкірттерін ірі жарыстарға дайындаудағы еңбегі үшін Жомарт Сағындықовқа университеттің имидждік өнімдері мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Дзюдодан 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Эсмигүл Куюлова өзбекстандық Севинч Исокованы жеңіп, қола жүлдеге ие болды. Бұл жеңіс Қазақстан дзюдо командасына Азиа ойындарында үшінші медаль әкелді.  

Университет студенттерінің спорттық жетістіктерін мақтан тұтады және дарынды спортшыларға олардың жаңа биіктерге ұмтылу жолында қолдау көрсетуді жалғастырады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір