ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ТАҢБАЛАУ — КӨП ТҮЙТКІЛДІҢ ТОҚТАМЫ
25.08.2023
66
0

14 тамыздан бастап Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығымен және Тауарларды таңбалау, қадағалау жөніндегі бірыңғай оператормен бірлесіп, Қазақстанның облыстық медициналық мекемелеріне арналған таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеу бойынша түсіндіру семинарларын өткізуде.

Таңбалау контрафактілік өнімдердің көлемін азайтып, дәрілік заттарды заңсыз сатуды жояды.
Республикамыздың облыстарында түсіндіру семинарлары Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен кестеге сәйкес жүргізілуде. Семинарға алғашқы болып Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақ­стан, Маңғыстау облыстарының медициналық мекемелерінің өкілдері қатысқан.
Әр өңірде өткен жиынға денсау­лық сақтау жергілікті атқарушы органдарынан, республикалық маңызы бар қалалар мен астанадан 480-нен астам маман келген. Семинар барысында Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының өкілдері таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеудің арнайы әзірленген схемаларымен таныстырады. Сонымен қатар таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтар туралы ақпарат бере отырып, дәрілік заттарды таңбалау, қадағалау жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіреді. Бұл жүйе қазақстандықтарға дәрілік заттың жарамдылық мерзімін анықтауға, сатып алынған препараттың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген бағаға сәйкестігін білуге ​​мүмкіндік береді.
10 шілдеде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен «Дәрілік зат­тарды таңбалау мен қадағалауды жүзеге асыру мәселелері» жөніндегі кеңесте 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық дәрілік заттарға цифрлық таңбалауды енгізу туралы шешім қабылданды.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда дәрілік заттардың 90 пайызына цифрлық таңбалаудың бірінші кезеңі енгізілген болатын. 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарды таңбалауды 100% енгізу жоспарлануда. «Таңбалау және қадағалау жұмыстары дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайын да жақсартуы керек. Нәтижесінде, пандемия кезінде байқалғандай, дәрі тапшылығын болдырмайды», — дейді сарапшылар.
Цифрлық таңбалаудың тағы бір мақсаты – цифрлық бақылау технологияларының көмегімен көлеңкелі фармацевтикалық нарықты жою. Бұл — бүкіл әлемде сауданың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қолданылатын Track&Trace жүйелерінің бір түрі. Аталмыш жүйе бұған дейін Ресейде, АҚШ-та, Үндістанда, Түркияда, Оңтүстік Кореяда, Қытайда, Италия мен Аргентинада сәтті енгізілген

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір