«Дарынымен дараланған дарабоз»
25.08.2023
221
0

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханада белгілі балалар жазушысы, «Ерен еңбегі үшін» меда­лі­нің иегері, халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Пернебай Дүйсенбиннің 80 жасқа толған мерейтойына орай «Дарынымен дараланған дарабоз» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараны Қазақ­станның Еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, жазушы, публицист Қали Сәрсенбай жүргізді. Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып мерейтой иесінің шығармашылығына тоқталып, Жазушылар одағының атынан құттықтады. Шараға жазушылар, өнертанушылар, ғалымдар, белгілі өнер адамдары, республикалық БАҚ-ының басшылары, журналистер және жазушының шәкірттері қатысты. Жазушы Бейбіт Қойшыбаев, Мағира Қожахметова, әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова сөз сөйлеп, мерейтой иесінің шығармашылығына жоғары баға берді. Сондай-ақ жазушы Пернебай Дүйсенбиннің шәкірттері Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәуле Жанпейісова, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының доценті, ҚР мәдениет және білім беру салаларының үздігі Торғын Смайлова, ҚР Мәдениет саласының үздігі, күйші Саян Ақмолда, «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепберген, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ардақ Исатаева сынды өнер адамдары ұстаздарына алғыс айтып, ән мен күйден шашу шашты. Жазушының туған жерінен келген жерлестері Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылдық округінің әкімі Жандарбек Смағұлов, Жазушылар одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман, Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айтбала Жолмаханова қаламгерге туған жерінің ықыласы мен құрметін жеткізді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір