ОСЫ БЕТТЕН ТАЙМАҢДАР!
«Қазақ әдебиеті» газеті оқырманына ой салатын, халқының жүрегіне от жағатын дүниелерді жариялап жүр. Ақ жол болсын, бауырлар, осы беттен таймаңдар! Маған, әсіресе, тарихшы Серікқан Қамшевтің «Қазақ елі тәуелсіздігін алды ма, әлде жариялады ма» деген мақаласы мен журналист-қаламгер Бағашар Тұрсынбайұлының Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиевпен жүргізген сұхбаты қатты ұнады, көңіліме, санама тың ойлар салды.
Шүкір, тәубе, уақыттың лебін, заманның демін, адамның, қазақтың табиғатын терең түсінетін зиялыларымыз бар екен. Сөз түзелсе, сана сергіп, адам да, заман да түзелер.
Қалың оқырманды еліміздің осы секілді ойлы газеттерін оқуға шақырамын!
Смағұл Рахымбек, жазушы.
Астана қаласы.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.