ХОР ОРЫНДАУШЫЛАРҒА ҚАТТЫ ҰҚСАЙМЫЗ
05.02.2016
1203
0

ырысбекМеніңше, «өлеңнің техникасы» дегеннің өзі шартты ұғым. Абайға дейін мұқым қазақта «Сегіз аяқты» кім жазып көріпті? Біздің қасіретіміз (егер өзімізді ақындыққа таласы бар адам сезініп жүрсек) – біз бірдей киініп, бір әнді бір дауыспен орындап шығатын хор орындаушыларға қатты ұқсап кеткен секілдіміз. Егер концерт болатын күні хор айтушылар тобының біреуі ауырып, болмаса басқа бір себептермен келе алмай қалса не болады? Әрине, «барымен базар» концерт жалғаса береді. Сол секілді сіздің өлең жазуға не жазбауыңызға қарап тұрған ештеңе жоқ болса, жұртқа бар-жоғыңыздың бәрібір, ешқандай перспективаңыз жоқ болса, «жоқты-барды, ертегіні теруші» болған емей не? Онымен қоймай, потенциализммен «ауырып», тамыр-таныстықпен баяғыда алған атақ-дәрежеңізді көрінген жерге тықпалап, жұрттың жүйкесін жұқартсаңыз не болды? Қолдан келсе шығармашылық адамның индивид болғанына не жетсін.

Ырысбек ДӘБЕЙ,
ақын

Қытай халқының «Дүрмекке ілесіп жан бағу» деген мынадай бір қы­зық тәмсілі бар, сонда бүй дейді: «Баяғыда бір патша болыпты. Ол музыка тыңдағанды қатты жақсы көреді екен. Сыбызғышыларды жинап алып, күні кешке дейін солардың өнерін тамашалайды. Сол сыбызғышылардың ішінде сыбызғыда ойнауды білмесе де көппен бірге сыбызғысын өтірік үрлеп, қолын қимылдатып отыратын біреу болыпты. Көптің ішінде оның дым білмейтінін ешкім де байқамап­ты. Бір күні музыка құмар патша қайтыс болып, тағына ұлы отырады. Ұлы әкесіндей емес, сыбызғышыларды жалғыз-жалғыздан шақырып, жеке өнерлерін тамашалағанды жақсы көреді екен. Топпен бірге жан бағып жүрген байқұстың одан әрі ордада тұруға дәті жетпей, сол күні табанын жалтыратыпты…». Біз де жазып-сызып жүргендердің еңбегін шынайы эстетикалық талғаммен, парасат-пайым­мен талғап, таразылайтын болсақ, қолын жыбырлатып «жан ба­ғып» жүрген талай «өнерпаз» орнын табар еді. Сүзгі болмаған соң сүттің бе­тіне қыл да, қыбыр да шығады. Талғам, талғамды қалыптастыратын тәр­бие болмаған соң тақпақшыларға да, кітабиіңе де жол ашық. Қа­рын­ның құрышына сақталған сары майдай саф өнерді сағынатындарға обал болғаны болмаса…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір