ДӘСТҮРЛІК РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА
21.04.2023
305
0

 2023 жылдың 19 — 21 сәуір күндері   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің базасында «6В02207- Шығыстану» мамандығы бойынша  Республикалық пәндік олимпиада өтті. Сайысқа еліміздегі жоғарғы оқу орындарында «Шығыстану» мамандығы бойынша оқып жатқан, атап айтқанда Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетінен, Абылайхан атындағы ХҚ және ӘТУ және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2-3-4 курс студенттері қатысты. Қытай тілі бойынша барлығы 24 студент тіркелген. Сайыстың екінші турына 8 адам өтті. Сайыстың екінші кезеңінде қатысушылар «Шығыс мәдениеті: Қытай тарихи мұраларының мәдени мәні» атты тақырыпта ұсынған жобаларын қорғады.

Тартысты өткен сайыстың нәтижесінде 1-орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының 4-курс студенті Тұрдан Олжас жеңіп алды. Екінші орын 2 адамға берілді. Оған ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының 3-курс студенті Имантаева Гүлжайнар мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 3-курс студенті Жакин Гүлназ ие болды. 3 адамға берілген 3-орынға Әл-Фараби университетінің 2-курс студенті Махашев Әлихан, Абылайхан атындағы ХҚ және ӘТ университетінің 2-курс студенті Жабинская Софья және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 3-курс студенті Далабаева Ерке жайғасты. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға демеушілер тағайындаған кітаптар мен ақшалай сыйлық табысталды. Айта кететін бір жәйт, осы жылғы олимпиадаға «Шығыс әдебиеті» баспа үйі мен «Шанс» кітап дүкені және факультетіміздің 2003-жылғы түлегі, қазір Қазақстан тері өңдеушілер қауымдастығының төрағасы, «ҚазЛитерМех» ЖШС директоры Нүптекеев Нұрман Батталғазыұлы демеушілік жасады.

Мақала авторы:  Керимбаев Ержан
Мақала жолдаушы: Маулит Бақытнұр 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір