Cирек кездесетін қолжазбалар зерттеледі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт тық университетінде Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институты ашылды. Жаңадан ашылған институтта сирек кездесетін қолжазбалар мен көне кітаптарды кеңінен зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, Әл-Фараби кітапханасының қорында 600-ден астам қолжазба толық зерттелмеген. Қазіргі таңда институт мамандары аталған қолжазбаларды, құнды деректер мен материалдарды сараптап, зерттеу жұмыстарын қолға алды.
Салтанатты шара аясында «Әлемнің этнотілдік бейнесі және түркі мұрасы» атты I халықаралық ғылыми конгресі өтіп, қатысушылар Қазақстандағы және әлемдегі түркітану мен алтайтанудың өзекті мәселелерін талқылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев білім ордасындағы Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институтының жұмысы туралы айтты.
Мақала авторы:
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Мақала жолдаушы:
Маулит Бақытнұр