Ыстамбұлда филиалымыз бар
31.12.2022
62
0

Қазақстан Президенті ҚасымЖомарт Тоқаевтың ресми сапарына сәйкес, Ыстамбұл қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды. Университет филиалы жоғары кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асырып, ғылым мен білімнің халықаралық интеграциялануына ықпал етеді. Әрі университеттің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда QS әлемдік рейтингінде Топ-150 үздік жоғары оқу орындарының қатарына кіретін Қазақстанның ең үздік университеті Түркияның 20-дан астам жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық байланыс орнатты. Филиалдың ашылуы академиялық ұтқырлық аясындағы жобаларды жүзеге асыруға, оқытушылар мен студенттер алмасуға, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді көздейді. Жыл басынан бері ӘлФараби атындағы ҚазҰУ-дың сегіз факультетінің 247 магистранты Түркия университеттерінде ғылыми-зерттеушілік тәжірибе мен тағылымдамадан өтті.

 Мақала авторы:  ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Мақала жолдаушы:
Маулит Бақытнұр
Анипина Алия 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір