СЕЛДЕН БҰЗЫЛҒАН ҮЙЛЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ
27.03.2023
142
0

Ақтөбе облысының Қобда ауданында 15 тұрғын үй, 28 аула және сауықтыру кешені мен дәмхана су астында қалды. Егіндібұлақ ауылының көшелерін де су басты.

Дегенмен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері мұндағы үйлер мен шаруашылыққа арналған қора жайларға қауіп жоқ екендігін айтады. Мол судың бағытын бұру үшін сала мамандары Самара-Шымкент автожолының 613 шақырымындағы бөлігін жырып, суағар жасап қойған. Тасқынның беті қайтқасын трасса қалпына келтірілетін болады. Тұрғындар дереу эвакуациялық бекетке көшірілді.
– Бұл елді мекенде мың жарым үй, 6 жарым мың адам тұрады. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы орган және төтенше жағдай департаменті, полиция қызметкерлерімен бірлесіп үйлерді аралау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар кешегі күні эвакуацияға арналған 40 орын дайындалды. Малды көшіру жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар су кірмеген аулаларға қаптарды қойып, суды кіргізбеу жұмыстарын атқардық, – дейді облыстық төтенше жағдайлар бастығы Марғұлан Аманбаев.
Қазір қауіп сейіліп, ауданда су басқан аулаларды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға келген шығын да есептелуде.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір