экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі…
16.03.2023
193
0

Жуырда №83 гим­назия өткен тарих және құқық пәні мұғалімдерінің онкүндігі аясында тарих пәні мұғалімі Тоғжан Рахметханқызы «Экстремизм және терроризм: экстремизм мен терроризмнің ұлттық қауіпсіздік үшін қауіптілігі» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды.

9-сынып оқушы­ларының алдында ақ­па­раттық-түсіндіру тобының мүшесі, ҚР ҰҚК Академиясының оқытушысы, философия ғылымдарының докторы Гүлнар Жақанқызы Жұманова сөз сөйледі.
Тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеяларды тарату әдістері, ұлт­тық және діни құндылықтардың ара-қатынасы туралы айтылды. Сарапшы конфессияаралық татулық пен келісімді қамтамасыз ету үшін халықтың жалпы мәдениеті мен білімін, оның ішінде құқықтық сананы арттыру, отбасы мен қоғамда толерантты дәстүрлерді орнықтырудың маңыздылығын атап өтті.
Шара барысында қаты­сушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Бұл шара жоғары деңгейде өтіп, тыңдаушылар көңілінен шықты.

Ардақ Жықбаева,
директордың ТЖ жөніндегі
орын­басары

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір