ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ – 85
Халқымыздың салт-дәстүрінің білгірі, еліміздегі мұражай ісінің дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына биыл 85 жыл. Осыған орай 19 қаңтар күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында «Өмірі өнегелі Өзбекәлі» көрмесінің тұсаукесері өтті.
Көрмені мұражайдың директоры Ж.Әубәкір ашып, Ө.Жәнібековтің еліміздің мәдени-рухани дамуына қосқан үлесіне тоқталды. Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» Е.Бимағанбетұлы ғалым-этнограф жайлы толғаныстарын білдірсе, Түркістан этнопедагогикалық колледжінің директоры А.Серім Ө.Жәнібековтің қалдырған мұралары, ел алдында сіңірген еңбектері жас жеткіншектерге үлгі-өнеге екенін айтты.