ЖҮРЕКТЕН АЛЫНҒАН ТҮСТЕР
10.08.2022
404
0

Бүгін сағат 16.00-де
Ә.Қастеев атындағы
ҚР МӨМ-нің Орталық көрме залында Дильшат Ариповтің «Жүректен алынған түстер» атты жеке көрмесі ашылады.

Экспозицияда суретшінің 50-ден астам кескіндеме және графикалық туындылары қойылған. Көрменің басты тақырыбы – Шығыс Түркістан. Суретші өз туындыларында ұйғыр халқының мәдени мұрасына көп назар аударған. Дильшат 2001 жылы дүниеге келген, ол сурет салуды кішкентай кезінен бастап, 11 жасында Ә.Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебіне оқуға түсті. Жас суретші 4 жыл оқу барысында кескіндеме, сурет, мүсін өнерін тереңдетіп оқып, көптеген шығармашылық байқаулар мен көрмелерге қатысты.
Жас Дильшатқа белгілі ұйғыр суретшісі Гази Ахметтің ықпалы зор болды. Онымен баланы таныстырған атасы, атақты жазушы Рахимжан Рузиев еді. 2017 жылы Дильшат Арипов ҚазБСҚА-ның дизайн факультетіне оқуға түсті.
Дильшат Арипов шығармаларының тақырыбы ұйғыр халқының тұрмыс-тіршілігіне, күнделікті тұрмысына, мерекелеріне қатысты. Дильшат ұсақ-түйекке мұқият қарайды, ол өз шығармаларындағы кейіпкерлердің бүкіл көркемдік келбетінен киім-кешек, ұлттық музыкалық аспаптарда көрініс тапқан ұлттық нақышты шебер жеткізеді. Суретшінің ұстаздық тәжірибесі де бар. 2019 жылы ол көркемсурет студиясында сурет және кескіндемеден сабақ берді.
2020 жылы «Менің халқым» байқауында «Жутумниң пәхирлик жигит қизлири» шығармашылығы үшін Гран-при алды. Дильшаттың таланты тек бейнелеу өнерінде ғана байқалмайды. 2020 жылы «Ұйғыр халқының батырлары» байқауына қатысып, поэзияда да бағын сынап жүр. Байқау АҚШ-та суретшілер мен жазушылар арасында өтті. «Ипархан» портреті үшін Дильшат Арипов 3-орынға ие болды.
Суретші туған халқының тағдырына бей-жай қарай алмайды. Ол өз халқының әл-ауқатына әсер ететін әлемде болып жатқан барлық процестерге алаңдайды. Сол жылы суретші «Қытайдағы ұйғыр геноциді» тақырыбында туындылар сериясын жасайды және осы жұмыстарымен халықаралық байқауға (АҚШ) қатысып, 1-ші орынға ие болды. 2021 жылдың қараша айында суретші Қазақстан Жас суретшілер одағының мүшесі болып, желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрмеге қатысты.
2022 жылы Дильшат Гулиев Әкімжан Илахунұлы басқаратын «Дүния Арт» заманауи өнер галереясында ұйғыр суретшілері қауымдастығына қабылданды.
Бүгінгі күні Дильшат Арипов көркемсурет студиясында ұстаздық қызмет атқарып, түрлі халықаралық шығармашылық жобаларына қатысуда және өз шығармашылығы арқылы ұйғыр халқының мәдениетін насихаттап, дамытып келеді.
Суретшінің шығармалары Қазақстан, Англия, Канада, АҚШ, Германия және басқа елдердің жеке коллекцияларында сақтаулы.

Татьяна Кожухова

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір