Kitap.kz: оқи да аласыз, тыңдай да аласыз…
11.03.2022
234
0

2021 жылдың желтоқсан айында Kitap.kz порталы мен Tele2 мен Altel компаниялары өзара серіктестік меморандумына қол қойды. Бұл одақтастық аталмыш байланыс операторлары арқылы қазақша кітаптарды еркін оқуға жол ашады.

 «Қазір қолданушылар бұл желі негізінде 500 аудиокітап пен 3000 кітапты оқи алады. Электронды кітап қорында қазақтың әйгілі ақын-жазушылары мен әлемнің белгілі қаламгерлерінің үздік туындылары топтастырылған», – дейді ақылдастар мүшесі Ерлан Құсайынов.

Ал «Bilim Mtdia Group» компаниясының негізін салушы Рауан Кенжеханұлы: «Біз KITAP мобильді қосымшасын жаңартып, қазақша кітап тыңдау қызметін едәуір жақсарттық.

MyBook, Audible, ЛитРес және басқа да танымал аудиокітап тарататын қызметтерге қазақ нарығында бәсеке құратын шамамыз бар деп ойлаймыз.

Қазір мұнда қазақ және әлем авторларының 500-ден аса аудиокітабы танымал диктор және әртістердің дауысымен жазылып, жинақталған.

Қызметке айлық жазылу құны – 1590 теңге.

Tele2 ұялы байланыс қызметімен бөлек келісім бар, Tele2 операторын пайдаланатын достар үшін жазылу құны – 990 теңге. Қызметті сынап көріңіздер! Қазақша кітап оқып, тыңдаушылар ортасын толтырайық», – деп жазған әлеуметтік желідегі парақшасында.

Нұрсана ҚАНАҒАТҚЫЗЫ,
174 мектеп-гмназияның 11-сынып оқушысы

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір