ӨЗІНДІК ТИІМДІЛІГІҢДІ АРТТЫР
02.07.2022
336
0

Біздің қалағанымыз әрдайым орындала бермейді. Қалау- тілектеріміз орындалуы үшін тек армандап қана жүре беруден түк шықпайтынын да білеміз. Оның орындалуы үшін ең бастысы әрекеттер саны болуы керек деп ойлаймын. Одан кейін адамның өзіндік тиімділігі орын алуы қажет. Өзіне тиімді адам, өзгеге де тиімді болары анық. Оны қалай түсінірек айтуға болады? Алам өзінің уақытын дұрыс, пайдалы қолдана білсе, өзінің іс-әрекеттерін тыңғылықты жасай білсе, таза еңбектене білсе, ол адамның іс- әрекеті өнімді болары сөзсіз. Яғни, ол адам қоршаған адамдарына тек пайдасын тигізері анық.

Өзіндік тиімділік терминін «1977 жылы А.Бандура алғаш рет ғылымға енгізді. Бандура өзіндік тиімділік туралы сенім тек күш-жігер табысқа жетуді анықтайды деген сенімнен гөрі көп нәрсені қамтиды деп ұсынды. Өзіндік тиімділік жеке тұлғаның қандай да бір нәтижеге жетуге әкелетін әрекеттермен күресу қабілетіне деген сенімі ретінде түсініледі. Өзіндік тиімділік туралы идеялардың қалыптасуына субъектінің өз білімін, дағдыларын және күйзеліспен күресу стратегиясын өзін-өзі бағалауы да әсер етеді. Өзіндік тиімділік деңгейін, жалпылау және күш деп бөледі.

Өзіндік тиімділік деңгейі барған сайын қиындай түсетін математикалық есептер сияқты әр түрлі қиындық дәрежесіндегі тапсырмалардағы өзгерістерді көрсетеді. Субъектінің қабылданатын тиімділігінің күші оның берілген тапсырмаларды орындай алатындығына сенімділік дәрежесімен өлшенеді. «Мен мұны істей аламын» — өзіне деген сенімділік, мотивация резервтерін жұмылдыру және қажетті тапсырманы орындау қабілетіне сену — өзін-өзі жетілдірудің басты құрамдас бөлігі. Ал, «Мен мұны істей алмаймын» — өз-өзіне күмәндану, өз қабілеттеріне сенудің болмауы-өзіндік тиімділіктің төмендігі.

Сіз жаңа бір нәрсені көргіңіз келмес бұрын осы тіркестердің қайсысын жиі айтасыз? Соны ойлаңыз!!!

Өзіндік тиімділік тікелей өзіне деген сенімділікке байланысты-біз сенімділігімізді арттырсақ, тиімділік те автоматты түрде артады. Тиімділік артады-өмір сапасы жақсарады, сіз өзіңізге ризасыз, сіз бақыттысыз!

Еркежан БЕЙСЕНГАЛИЕВА, 

Алматы қаласы

 

 

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір