КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛУДА
30.05.2022
247
0

Алакөл аудандық прокуратурасының бастамасымен мемлекет басшысының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 27 мамыры күні кездесу өткізілді.

Келеі кездесуге аудандық прокуратура, төтенше жағдайлар, кірістер және санитариялық–эпидемиологиялық бақылау бөлімі, «Атамекен» ҰКП мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. 

Жиын барысында бизнес субъектілерінің заңсыз тексеру және құқықтарын бұзу фактілері анықталып, оларды жоюға арналған шаралар қабылданып, 85 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. 

Алакөл ауданы прокурорының орынбасары Қ.Ж.Нұрсаметов уәкілетті орган тарапынан құқық бұзушылыққа жол бермеуге баса назар аударып, кәсіпкерлер тарапынан қойылған сауалдарға тиісті жауап берді. Сонымен қатар, уәкілетті органдарға кәсіпкерлерді қылмыстық процесс шеңберіне заңсыз тартуға және оларды заңсыз тексеруге жол бермеу бойынша бірқатар тапсырмаларды тапсырды.

Касиет АРСТАН,

Алакөл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір