«Бір түп алма ағашы»
14-15 қаңтарда, сағат 18.30-да Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық балалар мен жастар театрында драматург Әлімбек Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» атты драмасының премьерасы өтеді.
Күтімсіз гүл де солады, ағаш та қурайды. Адам да солай… Береке-бірлік, татулық болмаған отбасында жүректің жылуы қайдан болсын?!
«Өмір… Өмір… Өмір бәрібір өз дегенін істемей қоймайды. Тағдырмен күресу үшін таусылмас күш, талмас қажыр-қайрат керек.
Адамдар ержетіп, шаңырақ көтеріп, бөлек шыққан соң бір-бірінен суынып, бауырлар бөтенсіп кетуі керек пе? Ондай заңды кім шығарды?! Әлде, бұл – табиғаттың заңы ма?.. Олай болса, ондай заңның көк тиынға керегі не?!».
Осы сұрақтарға жауап іздегіңіз келсе, оқиға төркіні бір отбасының төңірегінде өрбитін «Бір түп алма ағашы» драмасын көруге келіңіздер!