ӘЛЕМ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЙДЫ
23.02.2022
348
0

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдік әріптестерімен ынтымақтастық аясын кеңейтіп, жоғары нәтиже мен жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізе бастады.
Әлемнің 50 еліндегі 550 университетпен және ғылыми орталықтармен екіжақты ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.
100-ден астам оқытушы әлемдегі ТОП-300-ге кіретін жоғары оқу орындарында біліктілік арттырды.
Университетте бүгінде 100-ден астам шетелдік ғалым-профессор дәріс оқиды. Олардың 70-тен астамы университеттің, 29 оқытушы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасы бойынша тартылды.
Білім ордасына ректор бастамасымен шақырылған Уэйн Детройт университетінде (АҚШ) жұмыс істейтін белгілі математик Уалбай Өмірбай, Кембриджге танымал атақты нейробиолог Базылбек Дәулетов ҚазҰУ студенттерінің сүйікті ұстазына айналды.
ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен 50 оқытушы мен қызметкер Түркияның ең ірі оқу ордалары – Ақтеңіз және Анталия білім университеттерінде қонақта болып, тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар ағымдағы оқу жылы білім ордасының 41 оқытушысы мен қызметкері ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық білім беру стипендиясының иегері атанды. Бұл көрсеткіш республика бойынша алғанда жалпы стипендиаттардың 7,2 пайызын құрайды.
Қазіргі уақытта «болашақтықтардың» 21-і АҚШ-та, 18-і Еуропадағы жоғары оқу орындарында білім алып, тағылымдамадан өтуде. Жапония мен Түркия мемлекеттеріне аттанғандар да бар.
Ал 40-тан астам профессор Венгрия, Германия, Моңғолия, Франция, АҚШ, Ресей, Түркия, Өзбекстан және басқа да елдердің студенттеріне дәріс оқып, кәсіби деңгейін танытып қайтты.
ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлері ендігі кезекте Джордж Вашингтон, Висконсин, Пенсильвания, Лондон императорлық колледжі, Берлин, Гумбольдт, Токио университеттерінде білігін шыңдауды көздеп отыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Баспасөз қызметі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір