14.02.2022
8178
0

Аса көрнекті қаламгер, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын.

Әбдіжәміл Кәрімұлы – сұрапыл соғысты бастан кешіп, елге оралғансоң, қазақ әдебиетін өркендетуге сүбелі үлес қосты.

Ұзақ жылғы шығармашылық қызметі жемісті болды. «Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы сияқты туындылары сыншылармен оқырмандар тарапынан жоғары баға алды. Заман жүгін көтерген романдары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.

Әбдіжәміл Кәрімұлының жаңа белесті бағындырған қазақ әдебиетін шетелге танытуға сіңірген еңбегі орасан зор. Ол ұлт руханиятының көшбасшысы болды.

Әбдіжәміл Нұрпейісов адам жанын терең түсінетін, түрлі тағдырдың бейнесін көркем суреттей отырып оқырманға жеткізген ойлы, кең тынысты жазушы болатын. Өмір бойы қолынан қаламы түскен жоқ. Қазақ елінің рухани-мәдени саласын дамыту жолында өлшеусіз қызмет атқарды.

Ол ұлт классиктерінің жолын лайықты жалғастырған қуатты қаламгер. Солайша, өзі де қазақ әдебиетінің патриархына айналды.

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің соңында ұрпаққа үлгі, ұлысқа игілік болатын шығармалары қалды. Елге ес, сыртқа сес болған жазушының енді екінші өмірі басталды.

Өнегелі ғұмыр кешіп, соңында мол мұра қалдырған Әбдіжәміл Кәрімұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды.

Халқымыз есімін әрдайым ардақ тұтады.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті

 

 

Халқымыздың біртуар перзенті, Қазақстанның Еңбек Ері Әбдіжәміл аға Нұрпейісов өмірден өтті. Онымен бірге тұтас дәуір көшті.

Әбдіжәміл Нұрпейісов қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтіп, ұлт руханиятын байытуға өлшеусіз үлес қосты. Оның шығармаларын оқымаған қазақ кемде-кем. Әйгілі «Қан мен тер», «Соңғы парыз» романдары және басқа да туындылары мен аудармалары – шын мәнінде, төл әдебиетімізге қосылған құнды қазына.

Әбдіжәміл аға өткен ғасырда қазақтың басына түскен небір нәубетті көзімен көрді. Соғысқа да қатысты. Бірақ, оның ешқайсысына мойыған жоқ. Майданнан оралғаннан кейін өнімді еңбек етіп, небір жауһар туындыларды дүниеге әкелді.

Абыз ағаның жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады.

Орны толмас қайғыға ортақтасып, ағамыздың туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманы жолдас болсын!

Ерлан ҚАРИН, ҚР Мемлекеттік хатшысы

 

Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің қазасын зор күйзеліспен қабылдадым. Бұл – бәріміз үшін орны толмас қайғы.

Әбдіжәміл ағамыз – төл әдебиетімізге өлшеусіз еңбек сіңіріп, қазақ прозасының алып бәйтерегіне айналған тау тұлға. Өткен заманның талай зобалаңын абыроймен еңсеріп, әркез адамгершіліктің асқақ биігінде қала білген күрескер қаламгер. Талғампаз оқырманның жоғары бағасына ие болып, туған халқының ыстық ықыласына бөленген біртуар жазушы.

Классиктің қаламынан шыққан «Қан мен тер», «Сең», «Соңғы парыз» сияқты қайталанбас туындылар барша адамзатқа ортақ құндылықтарды айшықтап, руханиятымызға мол мұра болып қосылды.

Ғасырға тарта ғұмыр кешкен қаламгердің ғибратты өмір жолы бәрімізге үлгі-өнеге. Абыз ағамыздың жарқын бейнесі әрдайым жадымызда сақталады.

Марқұмның жақындары мен туған-туысына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Дәурен АБАЕВ, ҚР Мәдениет және спорт министрі

 

ҚАДІРЛІ НҰРПЕЙСІОВТЕР ӘУЛЕТІ!

 Қазақ ұлтының қазіргі заманғы Ұлы тұлғасы, Алаштың арда туған азаматы, Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері, көрнекті қаламгер Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің қайтыс болуына байланысты қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын.

Әбдіжәміл Кәрімұлы шығармалары әлемнің қырыққа жуық тіліне  аударылған қазақ әдебиетінің классигі еді. Миллиондаған данамен жарық көрген кітаптарын бала кезден оқып өскен қазақстандықтардың заңғар  жазушыға деген құрметі ерекше.

Қаламгердің есімі әлем әдебиетінің алтын қорына «Қан мен тер» арқылы енді. Ол бір ғана Еламан образымен тұтас қазақ халқының өршіл рухын күллі әлемге паш етті. Ол шығармашылық ғұмырын туған жері – Аралға арнады. Аралға араша түсу – оның өмірінің «Соңғы парызы» болыпты. Бұл екі шығарманың екеуі де әлем оқырмандары алдында қазақ әдебиетінің айбынын    асқақьаьып, беделін биіктетті.

Ә.Нұрпейісов шығармаларын оқи отырып, қазақ деген халықтың ұлттық бейнесін, оның тарихы мен әлеуметтік-түрмыстық жағдайын сан қырынан тануға болады. Ол тек өз ұлтының мүңы мен зарын, қайғысы мен қуанышын, қалың қатпарлы тарихын, әлеуметтік өайшылыққа толы күрделі өмірін көркем бейнелеп қана қоймай, сол халықтың атынан ой толғап, сөз айтқан Абыз ақсақалымыз болды. Еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де белсене араласып, мемлекеттік мәселелерде азаматтық позициясын таныта білген көрнекті қоғам қайраткері еді.

Алматы қаласы жұртшылығының атынан Әбдіжәміл Кәрімұлының отбасы мен туған туыстарына, жалпы қазақ халқына қазаның арты қайырлы болсын айтқым келеді.

Пейіште нұры шалқып, иман байлығына кенелсін.

Ерболат ДОСАЕВ,

Алматы қаласының әкімі

 

 

КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫ

 Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің қайтыс  болуына байланысты ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.

Әбдіжәміл Кәрімұлы ұлттық әдебиетті әлемдік деңгейге көтерген даңқты суреткер, белгілі қоғам қайраткері еді.

Сөз зергерінің «Қан мен тер», «Соңғы парыз» романдары – әлем жазушылары тарапынан жоғары бағаланған жауһар шығармалар.

Ғасырға жуық ғұмыр кешкен Әбдіжәміл Кәрімұлының өмір жолы – жас ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге.

Халқымыздың біртуар перзентінің жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады.

Абыз қаламгердің жаны жәннатта, иманы саламат болсын.

Жақып АСАНОВ,

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының Төрағасы

 

 

 Нұрпейісовтар отбасына

 Алты алаштың құрметін иеленіп, ықыласына бөленген ардақты да қадірлі ағамыз, классик жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов өмірден озды деген суық хабарды қатты      күйзеліспен қабылдадым.

Әбдіжәміл ақсақал саналы   ғұмырында талай    адыптармен бір қазанда қайнап, ел игілігі жолында жеміс еңбек етті. Қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосып, талай жас қаламгердің қанатын қатайтты. Бұл оқиға тек қазақ әдебиеті, шығармашылық орта ғана емес күллі қазақ қоғамы үшін орны толмас, ауңыр қазақ болды.

Әбдіжәміл Нұрпейсіовтың қайтыс болуына орай, отбасы  және туған-туыстарына, жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамын.

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші, Әбдіжәміл ақсақалдың асыл бейнесі, есімі мен еңбегі әр азаматтың     көңіл төрінде мәңгі   саөталмақ.

Марқұмның топырағы торқа, жаны жаннатта, иманы жолдас болғай! Артында қалған ұрпақтарына ұзақ ғұмырлы жас берсін!

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір