«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ
14.09.2021
355
0

«Мектепке жол» акциясы аясында Жамбыл аудандық жеке кәсіпкер, «Вынхуа» этномәдени бірлестік өкілі Шарипов Абдумәлік пен Қазақстан Республикасының спортына еңбегі сіңген қайраткер, ҚХА мүшесі Исмазов Руслан 780 000 теңге көлемінде 52 оқушыға кеңсе тауарларын әперсе, 30 баланы мектеп киімімен қамтамасыз етті.

Сондай-ақ Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени бірлестігінің төрайымы Идыбо Айша Люшировнаның ұйымдастыруымен Қордай ауданының әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасы балаларына 300 000 теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Ал Мойынқұм ауданы «Барбанг» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Аслан Камалұлы Давыдовтың бастамасымен өзге ұлт өкілдері шоғырланған 6 елдімекенге (Мойынқұм, Мирный, Бірлік, Ақсүйек, Шығанақ, Кеңес) 7-15 жас аралығындағы 9 оқушыға арнап 200 000 теңгеге қажетті киім-кешек, оқу құралдарын алып берді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір