Кие
04.12.2015
1439
0

z7mReAcuBwJPRNWd1kh0jYjsQJH1mR(Мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновке)

Бір ерлігі – мың аңызға татыған,
Арғы тегің – көк Түріктің затынан.
Кескілестің жарты сүйем жер үшін,
Арда туған алты Алаштың атынан.
Маңғыстауым – батысымның алқасы,
Алтыннан да қымбат оның әр тасы.
Түркіменге сол алқаны қимауың
Әруақты әулиелер арқасы.
Жастайыңнан таттың өмір кермегін,
Қияларға қанатыңды сермедің.
Қожа Ахмет  ұлы бабам жар болып,
Оңтүстікті Өзбектерге бермедің.
Қормал едің жауға қимас жақынын,
Абыз едің жүзге татыр ақылың.
Солтүстікті  қорғап қалдың Орыстан,
Қалқаны жоқ қызыл тілді батырым.
Қасиеті қаныңда бар бөрінің,
Жатқа бермес ен даланың телімін.
Жарылысты болдырмауға жан салдың,
Амандығын тілеп Абай елінің.
Иілсе де сынбайтын жас емендей,
Өрге шаптың хас жүйріктей бөгелмей.
Төрт тарапты қызғыш құстай қорыдың,
Төрт құбылам түгел болсын дегендей.
Тар заманда таптатпаған намысын,
Ту ұстаған баһадүрлер қанысың.
Елден бата, жерден кие дарыған
Бір ғасырда бір туатын,
                                       Арысым!
Ғалым ҚАЛИБЕКҰЛЫ,
Халықаралық «Алаш» әдеби 
сыйлығының лауреаты.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір