Мәлімдеме
04.12.2015
1259
0

729436_854228580_slider_photoН.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты Қазақстан Жазушылар одағының мәлімдемесі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауы қиын кезеңде, күллі ғаламды жаһандық дағ­дарыс әрі-сәрі еткен тұста жасалып отыр.
Бұл дағдарысқа дейін де Тәуелсіз мемлекетіміз сан қилы қиын­дықтарды сәтті еңсергенін жақсы білеміз. Солардың бар­лы­ғынан да ел бірлігінің арқасында абыроймен өттік. Осыған дейін екі мәрте дағдарысқа қарсы жоспар жасалып, сәтімен жү­зе­ге асырылды. Осындай өмірлік тәжі­рибелердің қашан да дағ­да­рысты жеңуге көмектесетіні Елбасының осы Жолдауында да жан-жақты айтылды.
Дағдарыстан күллі әлем елдері етек-жеңдерін қымтап жатқан тұс­та біздің мемлекетіміз де әр қазақстандықтың жайлы да ба-
қ­уат­ты тұрмыс кешуіне жағдай жасауға ұмтылды. Тіпті, осы тұста та­рихымызды  түгендеп, Қазақ  хандығының 550 жылдық  мерей­лі ме­рекесін бүкілхалықтық  деңгейде атап  өткіздік. Ұлы Отанымыз – Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету барысында осынау шара елі­міз­дің әр азаматына тигізген ықпалы орасан болды. Жас­та­ры­мыз­дың патриоттық сезімінің шыңдалуына айрықша әсер еткен игі шара болашақта да елімізді ерен жеңістерге бастай беруге ру­хани негіз.
«Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін біз­де бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайт­қан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуел­сіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік», – деп атап өтті Елбасы өз Жолдауында.
Рухымыз биік болуы үшін рухани байлықтарымызды көзі­міз­дің қарашығындай сақтап, қадірлей білуіміз керек екендігі бел­гілі. Бұл жолда әдебиетіміз бен мәдениетімізді ілгері дамыту­шы зиялы қауымның атқарар ролі айрықша. Осы орайда ұлт ру­хын көтеретін қандай да бір рухани байлықтарымыздың өз то­пырағымызда дүниеге келетінін баса айтқан жөн. Ендеше, Пре­зиденттің өз Жолдауында «Қазақстанда жасалған» деген ұлт­тық брендке баса назар аударуы жайдан-жай емес. Елбасы айт­қандай, «Өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, бізді сырттан ке­ліп ешкім жарылқамайды».
Зиялы қауым алдына қойылатын ендігі мақсат – Елбасының Жол­дауын халық арасында насихаттап, әрбір қазақстандықтың жү­регіне жеткізу. Халық аузында айтылатын «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз дәл бүгінгі жағдайға толық орайласады. Ел­басымыздың көреген саясатын көп болып қолдап, жарқын бо­лашаққа батыл бетбұрыс жасауымыз керек. Сол арқылы біз бағ­дардан айнымай, Мәңгілік Ел болуға қадам басамыз.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір