Google-аудармашының жанры…
21.04.2021
746
0

Жақында Ахат Жақсыбаевтың «ИСА АҚЫН» романының алғашқы томының бірнеше тарауын орыс тіліне жолма-жол аудармасын жасап, баспагерге тапсырар алдында тағы да бір пысықтап алмақ болдым. «Сырын білмейтін аттың сыртынан жүрмейтін» байырғы ғадетіммен Google, Yandex секілді алыптардың аудармашыларынан (ондай қызмет түрлері барын менен басқа барша адам білетін секілді!) аулақ жүретінмін. Бір жанашыр бауырымның кеңесіне құлақ түріп, уақыт үнемдемек болдық… Сол талабыма орай Google Lens атты арнайы қосымша да бар екен менде (телефонымда). Ол қосымшаның кітап бетін суретке түсіріп, әп-сәтте дайын аударманы ұсынатын мүмкіндігін байқап, «апам да аң-таң, мен де аң-таң!»
Сонымен, өзім тәржіма жасап болған тоғыз тарауды (кітаптың 96 беті) түгелдей әлгі «кемеңгердің» талқысына салдық. Салдық та… Сол қатқан күйімізде қалдық!
Кітаптың қырық бетін бауырым суретке түсіріп, бірден дайын аударма нұсқасын принтерге жіберіп жатқандықтан, өзім төртінші тараудан бастап қана араластым бұл берекесіз шаруаға. Неге бұлай қынжылғанымды түсіндіру үшін бірнеше мысал келтірген дұрыс болар:

1.1. «Олардың ерліктері кейінгілер үшін таусылмайтын әңгімеге айналған…» (түпнұсқа, 40-бет);
1.2. «Их подвиги для последующих поколении стали нескончаемой историей…» (бұл – біздің нұсқа… әрі қарай тек түпнұсқа мен Google Lens үлгісін ұсынбақпын);
1.3. «Их героическая шкура стала для последних стала неиссякаемой историей…» (Google Lens нұсқасы… Не түсіндіңіздер?!);

2.1. «Бала ақылды тентек екенін де тез байқатты…» (түпнұсқа, 44-бет);
2.2. «Мальчик умен. Он быстро заметил, что он дурак…» (Google Lens);

3.1. «Мені іздеп келген құлыным-ау», – деп, әжесі жұрттың көзінше оның екі бетінен кезек-кезек сүйіп, құшырлана бауырына басты… (түпнұсқа, 45-бет);
3.2. «Я рабыня, которая пришла искать меня», – сказала бабушка, публично целуя ее брата…(Google Lens);

4.1. «Қиқулаған дауыстар құлағына жетті. Бұл да дүрмекке ілесіп, алға ұмтыла бергенде астындағы ат пысқырынып, еріксіз көзін ашты. Әлгі көрініс бірден ғайып болғанына бала өкініп қалды.
     Бұл күні түс ауғанға дейін нағашысымен көп жерді аралады…» (түпнұсқа, 52-бет);
4.2.
«Голоса Кикулагана достигли его ушей, он прошептал и невольно открыл глаза, продолжая двигаться вперед. Мальчик пожалел, что сцена сразу исчезла.

       В этот день, до полудня в Афганистане, он и его тетя обьездили много мест, его тетя разговаривал и не закрыл рта…» (Google Lens);

       Байқап отырған боларсыздар, бұл қосымша «түс ауған» мезгілді «Ауғанстан» қылып, нағашы ағасынан «тётя» жасай салады…Министр мырзадан еш қалысар емес. Соған қарағанда, Цой екеуі бір бағдарламамен жұмыс істейді, шамасы…
      «Ақылды тентекті» еш қиналыссыз таза «дурак» қыла алатын, батыр бабалардың ерліктерінен «героическая шкура» жасап беретін («спасать шкуру» деген тұрақты тіркес орыс тілінде «жан сауғалау» екенін жақсы білесіздер!) бұл жансыз қосымшадан гөрі таң қалу жағынан… жаны бар да, ары кем – Цой озды ғой бәрінен! Мәселе жанды, я, жансызға тіреліп тұрған жоқ-ау, сірә… Гәп бағдарлау мен басқару жүйесінде жатса керек!
      
       Азғантай лирикалық шегіністен соң, негізгі тақырыпқа қайта оралып көрелік. Тағы да мысалдар сөйлесін:

5.1. «Одан бұрын қозғалған әжесі алдын орап, баланы бауырына тартып, маңдайынан иіскеді…» (түпнұсқа, 55-бет);
5.2.
«Ранее взволнованная бабушка обернула лоб, притянула ребенка и понюхала его мандалу…» (Google Lens… Не деп кетті мынау?! Құдай сақтасын!);

6.1. «Бала сөзін тоқтатып, жан-жағына жалтақтап, ересек үшеуінің өзіне ықыластары ауып, ұнатып тұрғанын аңғарды. Жымың-жымың күліп, масайрап, мойындарына асыла кеткісі, қуанғаннан үй ішінде асыр салғысы келгендей көңілі алып-ұшты. Үшеуі де баланың есерліктен гөрі еркелікке бейім есті қылығын сезді…» (түпнұсқа, 55-бет);
6.2. «Мальчик остановился, огляделся и заметил, что трое взрослых обращают на него внимание. С чего бы? Он улыбался, и смеялся, и смеялся, и смеялся, и смеялся, и смеялся, и смеялся, и смеялся, и смеялся, и смеялся, и смеялся, и смеялся, и смеялся, и смеялся, и смеялся, и смеялся, и смеялся, и смеялся. Все трое чувствовали, что Мальчик был скорее мужественным, чем пьяным…» (Google Lens… 17 рет қайталанатын «смеялся» да, бас әріппен жазылған мас бала да осы «бәдік бағдарламаның»жетістігі!);

7.1. «Бұған салса ауылдан алыс кетпей, алдыңғы екі ағасына серіктесіп, тұрмысын түзеп, мал тапқанын қалайтын тәрізді. Ақындық кімге дарымаған, кімнен қалмаған. Тіл безеп, жыр төгілту бұл өлкеге таңсық емес. Ауыл адамдары арасында қысқа-қысқа өлең шумақтарын қолма-қол құрап, жауаптасып қалатындар жетерлік. Ойын-тойда әзіл-қалжыңды өлеңмен жеткізуге машықтанып, бір-бірімен айтысуға дайын тұратынын қайтерсің…» (түпнұсқа, 70-бет);
7.2. «Похоже, что Сальса хочет остаться с двумя старшими братьями, улучшить свою жизнь и зарабатывать на жизнь. Поэзия не была ни для кого, ни для кого. Пение и пение в этом регионе ни для кого не редкость. Многие сельские жители могут писать короткие стихи и брать на себя ответственность. В игре вы возвышаетесь к тому, что они готовы спорить друг с другом, тренируясь, передавать юмористические шутки наличными…» (Қалай екен Google Lens жарықтықтың жаңылтпаштары?!);

8.1. « – Әр баланың бітімі бөлек қой. Дегенмен көзі қарақты, білетін біреулерге апарып, үшкіртіп, бойтұмар әпергенің теріс болмас, –  деді…» (түпнұсқа, 73-бет);
8.2. « – Каждый ребенок индивидуален. Однако было бы неплохо взять вора, к тому, кто его знает, заточить и сделать из него талисман…» (Google Lens… Енді қайттік?!);

9.1. « – Бірер күнде жасың жетіге толады, – деді. – Қазақ «жетіге келгенше бала жерден таяқ жейді» дейді. Ол кезден өттің. Енді сенің табаныңды жерге, арқаңды елге тапсырдым, – деді…» (түпнұсқа, 76-бет);
9.2. «Он посмотрел на свое лицо и сказал:«Однажды ему будет семь лет».-Казахского «хватит»

Мальчик будет есть палку с земли, пока не придет…» (Google Lens… Пунктуациясын да,  орфографиясын да сақтадық!);

10.1. «Өз көңілінде Исаны бетінен қақпай, ешкімге тигізбей, аналық мейірімін төгіп, аялап өсіргісі-ақ келеді…» (түпнұсқа, 76-бет);
10.2. «В своем сердце она хотела воскресить Иисуса с нежностью, никого не касаясь, никого не касаясь…» (Google Lens… Таңданбаңыздар, бір мәтіннің осындай да түрлі үлгілері бола береді біздің бұл «жаһанданған заманауи» қоғамда!);

11.1. «Тыныштықты Семен бұзып, жуан дауысымен көңілдене сөйлеп:
– Көш көлікті болсын, қажекеңнің ғибрат айтуы міндет қой, – деп әзілдеп, шағын топты бір серпілтіп тастады…» (түпнұсқа, 82-бет);
11.2.
«Семен нарушил тишину и сказал хриплым веселым голосом:

– Надо проинструктировать водителя, машина это или машина, – пошутил он и встряхнул небольшую группу…» (Google Lens…Бұл әңгіме 1907 жылдың қараша айында болып жатқанын, Қазақ Еліне тұңғыш автокөліктің келуіне әлі бес жыл барын, аса дәулетті көпес Бабахан Нұрмұхамедбаевтың француздар жасаған «Berliet» маркалы мәшинесін эстон жігіті Иоганн-Эдуард-Анленцен Рейнвальд тек 1912 жылдың қыркүйек айының 24-күні Алматының бұрынғы Қапал, қазіргі Сүйінбай көшесінде тексеруден өткізгенін һәм сол бірінші ресми тіркелген көлік екенін мына қызталақ білмейді-ау, шамасы?!);

12.1. «Алдағы көктемде қайтсе де құда түсіп, Мұсаны үйлендіруі керек…» (түпнұсқа, 86-бет);
12.2. «Когда он вернется следующей весной, ему придется жениться на Моисее…» (Google Lens… Ларри Пейдж бен Сергей Бриннің «туындысы» еркекті еркекке үйлендірді ме, не істеді?! Бірақ бұл заманда АҚШ түгілі бізде де таң болмай қалды ғой бұндай «ғажайыптар». Ахат ағамыздың мынаны оқымайтыны қандай жақсы…);

13.1. «Жарыса сөйлеп, баланы кезектесіп мақтаған қонақтардың сөзін бөліп, төрде отырған Байғожа:
– Күнімай айтып келгенде нанбаушы едім. Исаның бұл өнеріне енді ғана көзім жетті, – деп, қолын жайып балаға батасын берді…» (түпнұсқа, 92-бет);
13.2. «Гости по очереди хвалили ребенка

Байгожа прервал его и сказал:
– Кстати, я был пекарем. Я только что увидел это искусство Иисуса, — сказал он, развевая руки и благославляя мальчика…» (Google Lens… Ғұмыр бойы мал баққан атасы табан астында «наубайға» айналып, трансформацияға ұшырап,«Иисус» болып кеткен өзіне осылай бата бергенін білмеген шығар Иса ақын?!);

14.1. «Өзін еркін ұстап, батымдау сөйлегеніне қарағанда күтуші әйел емес, соның өзі болар деп ойлады. Елдің әңгімесінде қажының қыздай қосылған қосағы – өткен жолы көрген Күнімжан бәйбіше ұзақ жыл бойына бала  көтермей, күйеуін бір перзентке зар етіпті. Қажы басқа әйел алуға емеурін де білдірмей, «Құдайдың басқа салғаны шығар» деп,  жарының жанын жараламай, көндігіп, іштен тынып жүріпті деседі. Сонда ерінің ұрпақсыз қалмауын ойлаған ақылды бәйбіше өзі таңдап, келісімін беріп, Қадиша деген қызды екінші әйел етіп үйіне кіргізеді. Бұл жолы қарсы алған Қадиша екенін Байзақ бірден байқады…» (түпнұсқа, 94-бет);
14.2. «Представьте на секунду, что вы попали в кармический мир Эрла. Кнежан, караван каравана, сказал, караван не рожал уже год, и что жених не сказал, что не женится на другой женщине. Тогда Байзак сразу заметил, что мудрая женщина, считавшая себя владелицей разведенного потомства, должна сама выбрать невесту, впустить девушку, которую она назвала невестой, в свой дом в качестве второй жены, и что она была Кадиша…» (Google Lens… Сөз жоқ!);

       Жоғарыдағы үзіндіде (14.1.) Иса ақынның әкесі Байзақпен бірге Шыңғыс хан тұқымынан тараған төре баласының ішіндегі ерекше білім иесі болған Қанапия қажының ( ақын Бақытжан Қанапияновтың атасы!) үйіне кітап сұрай барып, қажетті кітаптармен бірге Арқадағы аруақты ақсақалдың батасын алып қайтатын тұсы суреттелген-ді. Мұнда Қадишаның (Бақытжан, Ерұлан ағаларымыздың әжесі!) жеті жасар Исаның өнеріне тәнті болып, үлкен сый-сияпат көрсететіні әңгіме арқауы болатын. Google Lens қосымшасының көмегімен біз мүлдем басқа сюжеттің куәсі болдық. Меніңше, бұл бағдарлама кеден қызметінің жемқорлық әрекеттерін әшкерелеп жатыр (Қорғас оқиғалары естеріңізде шығар?!). Жемсауы бүлкілдеп:«Керуен, керуен кетіп барады… Қапы қалмаңдар!» – деп, бір-біріне белгі беріп жатқандай. Ал керуен кесірге кезігіп, байғұс керуеншілер шекарада шегеленіп, ойы он саққа кетіп, омалып қалған сияқты.
      Айтпағымыз кесірлі кеденнің кежір де кертартпа қызметкерлері жайында емес, тіпті, өздері тойса да көздері тоймайтын тоғышарлар турасында емес еді. Қайран қазақ тілін қор қылған қырсық қосымша болатын бүгінгі тақырыбымыз. «Кім қорламай жатыр?» – деуге тіліміз барар емес… Намыс жібермейді! Бір сәтке осы «аудармашының» қызметіне жүгінетін жүздеген шетелдіктерді елестетіңіздерші көз алдарыңызға… Бейбақтар-ай… «Мен не деймін, домбырам не дейді?!»
      Осы қызметті пайдаланатын басқа да «і-ге» тілі келмейтіндерге де обал-ақ! Ана тіліміздің обалын ойлап, сауабын сайлауды айтпасақ та біліп отырсыздар ғой…
     Ал Google Lens қосымшасының «әдеби» жанрын анықтадық…Трагикомедия екен! Тек бізде күлуге еш құлық жоқ…Жылауға жас дайын тұрғаны анық!
      Google аяққа тұра бастағанда компанияның ең мықты инженері саналатын Пол Бакхейт таңдаған ұран мынау екен: «Зұлым болма!» («Не будь злом!»). Өз туындылары ізгіліктен адасып, зұлымдық дәнегін сеуіп жүргенінен бейхабар болар қасқаң… Әйтпесе, мына қосымшасын қазақша нұсқасын құрастырған құл-құтандарымен қоса құртар ма еді?!

АЛАШТУҒАН

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір