КОСТЯ КРАМАР
28.01.2021
763
0

«Зуласын жанай замандар өтіп…»

Костя Крамардың шығармалары түгелдей дерлік әлеуметтік желілерде болғанымен, оның жеке басы жайында ақпарат жоқтың қасы. Поэзия мен прозаны бірдей игерген жас перінің Украинаның Одессасында қыркүйек айының сегізі күні туғаны анық(туған жылы да құпия!). Оның жырларында жан жылуы мен жеңілдік бар. Кемеріне сыймай, тасып-төгілген сезімдерінің баршасын бейнелеу өнерінің кемелденген керемет үлгісіндей ұсына алады… бояуы қанық, мағынасы терең кейіптеу терең үңілдірмей, үздіктірмей, үміттендірмей қоймайды!

Ол өлең оқығанда тыңдарман сілтідей тынып, дауылпаз жырлар дамылдағанда, орындарынан тік тұрып қол соғады.

Ойлы оқырманды ғана емес, жүрегін аяз қарыған адамдардың да сезімдерін жібіте алады ол!

Өрімі өзгеше өміршең өлеңдері селт еткізеді, себепсіз жылатады, күлдіреді, секем алдырады, сендіреді… Оның өлеңі — өмірдің өзі! Ол поэтикалық кештеріне мыңдаған тырдарман жинап, спорт кешендері мен зәулім сарайларды толтыра алатын әлемдегі санаулы шайырлардың қатарында тұр. Оның қатысуымен өтетін кештер мен кездесулерде ине шаншар орын болмайды,  кассалардан ырымға билет табылмайды. Әрдайым аншлагпен өтетін кештердің иесінің бірегей талант екендігіне талас жоқ… Бәлкім, жиырма бірінші ғасырдың поэзиясы осындай болса керек…

КРЫЛЬЯ

Не падай духом в этой безнадёге,
я крылья тебе отдаю — летай!
Пускай везёт меня по рельсовой дороге
уставший и трясущийся трамвай.

Летай под небесами без страховки,
забудь о надоедливой ходьбе!
А я сойду на нужной остановке
и утону в стремительной толпе.

И пусть сердца лишатся перестука,
исчезнет пусть волнительная дрожь…
Но почему ты держишь мою руку,
глаза в глаза, и крылья не берёшь?

Мне ни к чему обьятья небосвода,
когда не рядом ты.Но так и знай:
рука твоя дороже, чем свобода —
я остаюсь. А вот и наш трамвай:)

 ҚАНАТТАР

Үмітсіздіктен құрдымға рухты құлатпа,
қанаттар бердім — биікке самға қырандай!
Шойын жолменен әкетсін мені жыраққа
сүлдерін сүйреп, тозығы жеткен трамвай.

Қалықта көкте демеусіз, тіпті жебеусіз,
ұмыт боп қалсын беймаза жаяу жүріс құр!
Аялдамамнан түсіп, қажетті, елеусіз
кетемін батып легіне топтың, тым ұшқыр.

Тапсын бір тыным, жүректер тиып бүлкілін,
ғайып боп діріл, тауысқан сонша тағатты…
Қолымды неге жібергің келмей тұр, күнім,
көзімде — көзің, алмайсың неге қанатты?

Керексінбеймін көк күмбезінің құшқанын,
жанымда жоқсың. Білгейсің мұны, көріктім:
еркіндіктен де қолдарың қымбат — ұстадым,
қалатын болдым. Трамвай біздің келіп тұр:)

***

Ты крепче, чем абсент, но, обжигая губы,
я буду пить тебя — я к этому привык —
беречь от зависти, от спеси многолюбов
и, как сокровище, скрывать за воротник.

Ты и лекарство, и целительное зелье,
и талисман в груди, и ключик золотой.
И в постоянном ощущении похмелья
я счастлив оттого, что ты со мной!

Хранить тебя в себе, хранить, как чудо,
бесценный, уникальный сувенир.
Мы по отдельности — не более, чем люди,
но вместе мы — не менее, чем Мир!

***

Күштірексің абсенттен, ерінімді күйдіріп,
сімірерде мен сені — ғадет қылдым бойымда —
іштарлық пен «қызылға құштар» қыртты тыйдырып,
сіңірерде, қорыған қазынадай, қойынға!

Ішірткімсің — сен, емдік, дертке дауа дәрім ең,
бойтұмарсың «тіл тілген», сенсің алтын кілтім де.
Анталайтын мастықтың тарқамайтын табымен
сен жанымда жүрген соң, бақыттымын бұл күнде!

Жан төрінде сақтайтын, бір  ғажайып бар аңыз —
құны бөлек, бірегей тәбәріктей ғана қыз…
Жеке дара — құр пенде, адамдардай шамамыз,
екеуара жүргенде — Ғаламдардай бағамыз!

***

Перепрыгнул меня февраль,
постепенно вытянул «в плюс».
Я не прожил его — а жаль,
но по-прежнему тороплюсь.

Ускоряя небрежно темп,
я стараюсь везде успеть,
повторяю — «Цените момент,
позади уже целая треть!»

Растеряли желание жить,
замечаем в себе пустоту,
но так хочется сохранить
пусть хотя бы одну мечту.

Из свинца получилась медь,
и зима убежала вдаль.
Позади уже целая треть,
я не прожил её, а жаль.

***

Ақпан менен аттап өтті, алалап,
ақырындап алып шықты… жылымық.
Анығы, оны сүре алмадым — обал-ақ,
асығыс тым, әлі жүрмін жүгіріп.

Немқұрайлы-ақ қарқын қосып қатты енді,
тырысамын үлгеруге бәріне,
қайталаймын — «Бағалаңдар сәттерді,
үштен бірі артта қалды… әріде!»

Жоғалттық та құштарлықты ғұмырға,
кеуек кеуде сездіргенде жанға арды,
жарар еді сақтай алсақ тұғырда
құрығанда құрап жалқы арманды.

Қорғасыннан қорытпа мыс шыққаны,
қыс кетті ұзап, тағы алысқа жүгірді.
Үштен бірі артта қалды…тіпті әрі,
өкінішті-ақ, сүрмедім сол…ғұмырды.

***

Я пляшу под дудку мира,
под молочный дым кальяна!
Если жизнь — это сатира,
можно быть и обезьяной.

Обходя трясины каторг,
не приветствую конторы.
Если жизнь — это театр,
можно сделаться актёром.

День заботами обмотан,
над надеждами опека.
Находясь у эшафота,
можно быть и человеком!

Я пляшу под дудку мира,
под молочный дым кальяна…
«Ты всё видишь — дирижируй,
оставаясь безымянным».

***

Сырғи биледім сыбызғысына жалғанның,
қорқордың сүттей түтіні көмді, таласып.
Өмірдің өзі сатира болып қалған күн,
Маймыл кейпінде мазаққа қалу жарасып.

Итжеккенде оппа, айдауда миды айналып,
сәлем де қылман, көп кеңселерді көз көрмес.
Өмірдің өзі сахнаға қалса байланып,
актёр боп демде, амалың жоқ қой өзгермес.

Тұзақтап тірлік, алашапқында күн өтер,
үміттерге үстеп, қамқорлықты көп төккенде-ақ.
Дар ағашының алдында, сәтте дір етер,
адам боп қалу, адал боп қалу неткен бақ?!

Сырғи биледім сыбызғысына жалғанның,
қорқордың сүттей түтіні көмді, таласып…
«Көріп тұр көзің — дирижёрлікке қамданғын,
басқарғын бәрін, белгісіздіктің бағы асып».

***

Я за то, чтоб в любых городах
продолжали звучать сердца,
чтоб улыбка на тёплых устах
побеждала полёт свинца!
Пусть бегут мимо нас времена,
пусть торопится календарь…
Я за то, чтобы слово «война»
не вошло ни в один словарь!

Мне достаточно боли и лжи,
мне достаточно детских слёз!
Почему человек одержим
созиданием новых угроз?
Предстоящее — в наших руках,
этот мир ещё можно спасти!
Я за то, чтоб тревоги и страх
оставались всегда позади!

И не нужно алмазов и страз,
ни к чему этот грим вокруг…
Я хочу видеть в каждом из нас
бесконечную тягу к добру,
чтобы каждый живой человек
никогда не терял себя.
Я за то, чтобы прожитый век
не казался прожитым зря!

***

Бар шаһарлардың жүрегін керген
тіршілік үні тыйылмай,
жұмсақ жымиыс, жылы еріндерден
қорғасын жолы қиылғай!
Зуласын жанай замандар өтіп,
күнтізбе баяу жүрмегей…
«Соғыс» деген сөз қараңға кетіп,
ешбір сөздікке кірмегей!

Мезі етті мені зауалдар, жалған,
сәбилер жылап, кем күліп!
Аттайды неге адамдар ардан,
қайталай қатер төндіріп?
Келешек біздің қолымызда еді,
сақтай алсақ қой ғаламды!
Үрейді еңсерсек өңіміздегі,
артта қалдырып алаңды!

Гауһар мен жылтыр тастар керексіз,
бет бояу да бос әңгіме…
Болсақ қой түгел бастар бөгетсіз
ізгілік ісін мәңгіге,
жоғалтпаса өзін тірінің бәрі,
адамды адам дос көріп.
Ғұмырдың өткен күнінің мәні
қалмаса деймін бос болып!

 * * *

А можно я помолчу?
Мне хочется тишины!
Я знаю, порой слова
не очень-то и нужны.

Не стоит гадать о том,
что прячется на уме,
ведь просто бывают дни,
когда неохота шуметь.

Не стоит меня спасать,
поверьте, всё хорошо.
Сегодня, как никогда,
не тянет кривить душой.

Всегда не меняя тем,
мы треплемся об одном…
А можно хотя бы сейчас
оставить всё на потом?

Мне не зачем говорить
того, что так нужно вам.
Да будет моя тишина
ответом на ваши слова.

* * *

Қайтеді қалсам үндемей?
Тыныштық маған керегі!
Білерім, болмас мүлде, кей
сөздердің берер көмегі.

Бал ашып әуреленбеңдер,
«ойды оқып», көптен жасырған,
күндерге көңіл бөлмеңдер,
жан безген шудан, тасырдан.

Болмаңдар әуре құтқарып,
сендіріп, күнім тұр күліп.
Дәл бүгін, менің тіпті анық,
қалмасым ішке сыр бүгіп.

Таптаурын талқы, сөз еткен
талмай, біз таңды таңға ұрсақ…
Тап қазір бәрін, мезі еткен,
кейінге, қайтер қалдырсақ?

Сөз қылман, құлқым жоқ кезде,
көкейлеріңді тескенді.
Сапырған сендер көп сөзге
ҮНСІЗДІК… ҮКІМ КЕСКЕН-ДІ.

Костя Крамар: «Поэзия — жүректен, жаннан!»

Костя Крамар — Одессалық жас ақын. Біздің замандастарымыздың көпшілігі оның өлеңдерінен өздерін таниды. Бұл турасында «Әлеуметтік желідегі Костяның шығармашылық тобына» тап болып, тұжырым жасауға болады, шамасы. Көптеген пікірлер мен алғыстардың таң қалдыруы заңды сұраққа жетелейді: мүлдем бейтаныс жігіттің оқырман жанын олардың өздерінен артық тануында не сыр бар? Себебі оның поэзиясында адам сезімдері мен эмоцияларының қалың қабаты жатыр. Оның өзін осынау күрделі дүниеден қалай тапқаны жайлы, ақын үшін, адам үшін бастысы не екендігі туралы, шабыт пен махаббатқа көзқарасы жайында — біз осы тақырыптар төңірегінде оның өзімен сұхбаттасқанды жөн көрдік.

ПОЭЗИЯ ЖӘНЕ ШАБЫТ

— Өзіңнің жақсы жыр жаза алатындығыңды қашан түсіндің?

— Өлең жазу — жеңіл. Поэзия қиындау. 2012 жылдың көктемінде біршама жақсы жаза бастағанымды байқадым. «Кетерде, сені түн құшағына алып» өлеңінен кейін… Осы жырдан нағыз поэзиям басталды десем дұрыс болар. Оған дейін де талпыныстар болған, кейде сәтті өткен тәжірибелер де орын алған. Бастысы — ұйқас емес қой. Ең маңызды тұсы, өлеңдер оқылған соң, жан сарайында қандай да бір із қалуы. Мәселен, өлеңді оқып болып, кітапты жаптың делік, ал сондағы бейнелер, суреттер, сезімдер сенің көз алдыңда әлі тұр… Міне осыны мен поэзия деп атаймын.

— Әдетте өлеңді қандай күйде жазасың? Ой азығы қайдан? Жазу үшін қандай жағдай керек?

— Түн. Тыныштық. Кейде — теңіз. Ал, шынтуайтында әр кезде әртүрлі… Ой тосыннан келеді. Менің сол сәтте немен айналысып жатқаным тіпті де маңызды емес. Бір демде туған өлеңдерді ұнатамын.«Ұзақ жазылатындарға» қарағанда, демде туған жырларда ой мен мазмұн кеңірек ашылады. Ой, сурет, тармақ, ұйқас… Жаңа ойлардың туындауы үшін ең маңыздысы — әрдайым өзгерістер жасап тұру, жаңа ізденістер керек,  бір орында тұрмай, түрлі кітаптар оқып, алуан мінезді һәм әртүрлі адамдармен әңгімелескен жөн…

 — Яғни, шығармашылық толқынға тура бағыттайтын дүниелердің бар болғаны ма?

— Түн. Тыныштық. Мәңніліктің демі. Содан соң — түнгі қала, бос көшелер, қасбеттер, сәулет  өнерінің жетістіктері, жаңбыр мен қар. У-шу орталарда шығармашылыққа ешқандай мүмкіндік жоқ екені белгілі ғой. Сондықтан, міндетті талап — жалғыздық!

 — Шабытты шап беріп, жібермей ұстап тұру мүмкін бе?

— Ұстап алып, жібермеу ме?! Мүмкін емес деп ойлаймын. Ол бір сәттік, ұшқыр, тұтқиыл, тосын дүние ғой. Ешқашан өлеңді жанымнан «сығып шығаруды» құптаған емеспін. Барлығы жеңіл әрі ерікті болуы керек!

 — Музаң? 

— Музам ба? Бойжеткен! Сол үшін жыр жазғым келді…

— Жаңа жаза бастаған авторларға қандай кеңес берер едің?

— Асықпасын. Міндетті түрде екіжақты байланыс болу керек— оқырманыңмен сыр бөлісу, олардың пікірін білу аса маңызды!

Р.S. Костя Крамардың Беларусь Мемлекеттік Университетінің «STUDLIVE. BY» ғаламтор басылымына берген сұхбатынан ықшамдалып алынды.

АЛАШТУҒАН

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір