МАРОККО МАЙТАЛМАНДАРЫ: Ибн әл-Хатиб
22.10.2020
941
0

 

«Живые мне близки, но я для них далёк.
Покорный жребию, я в землю молча лёг.

Дыханье кончилось: на смену песнопений
Приходит тишина, безмолвие, забвенье.

Первейший из живых, я праха стал мертвей.
Щедрейший хлебосол, стал кормом для червей.

Я солнцем в небе был, и вдруг — конец и хаос,
И небо, омрачась, от горя разрыдалось.

Как часто обнажал я свой всесильный меч,
Чтобы счастливого от счастья вдруг отсечь!

Но рыцарей не раз в лохмотьях хоронили,
Оставив в сундуках нарядов изобилие.

Скажи врагам моим:«Скончалься аль-Хатиб».
А где бессмертного снискать они смогли б?

Скажи им:«Радуйтесь — но всё промчиться мимо,
И тот же вечный мрак вас ждёт неотвратимо».
Ибн аль-Хатиб,«Живые мне близки…»
(орыс тіліне аударған Н.Стефанович).

«Маған жақын тірілер, мен оларға алыспын.
Жеребеге көндігіп, көрмен де үнсіз табыстым.

Толас тапты тыныс та: шырқар әннің орнына
Тыныштық пен үнсіздік, ұмыт болу орнығар.

Тірілердің тарланы ем, өліктен де өлімін,
Қонақжайдың дарханы ем, енді құрттың жемімін.

Күн едім мен көктегі, кенет – қурап, қаңырап,
Түнерді аспан, қайғыдан боздап берді, аңырап.

Суырғам-ау қыннан көп, құдіретті семсерді,
Бақыттының бағын шарт шауып тастап мен сорлы!

Жерлеп еді-ау жұпыны-ақ қаһарманның қаншасын,
Сандықтарда қалдырып қамқа, бұлғын…баршасын.

Жауларыма:«әл-Хатиб өлді,» – деген, бер хабар,
Олар мәңгі өлместі қайдан ғана енді алар?

«Қуаныңдар», – дегейсің, – «зулап жалған, алайда,
Мәңгі түнек бәріңді күтіп алар қалай да!»

Ибн әл-Хатиб,«Маған жақын тірілер…»

Марокко королдігі (Әл-Мамляка әл-Мағрибия) – Африканың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан құпиясы көп, тарихы терең мемлекет. Арабтар мен берберлер, бәдәуилер мен маврлар мекендеген бұл елдің ресми тілі – араб тілі болғанымен, бербер және француз тілдері де кең таралған. Марокконың майталман ақындары қай тілде жырлағандығына қарамастан, біздің бүгінгі баянда өздерінің лайықты орындарын тапқандай.
Әр елдің бір ғана алпауыт ақынын айта келе, тумысы мен туындыларын талдап келген дәстүрден тыс түрен салып, бүгін бұл ғажайып дәулеттің бірнеше болмысы бөлек, өлеңі ерек тарландарына тоқталмақпыз. Жоғарыдағы жыр жолдарының авторы Ибн әл-Хатибтің толық есім-сойы: Әбу Абдуллаһ Мұхаммед ибн Абдуллаһ ибн Саид ибн Абдуллаһ ибн Саид ибн Әли ибн Ахмад ас-Салмани. Бұл ересен есімдерінен бөлек, Лисану-д-дин және Зу ль-вазаритайн сынды лақап аттары тағы бар!
Хижра жыл санауы бойынша 713 жылы Реджеб айының жиырма бесі күні (1313 жылғы қарашаның он бесі) Гранада әмірлігінің Лохасында йемендік Мұрат тайпасының Салман руынан тарайтын араб әулетінде дүниеге келген шайырдың арғы аталары VIII ғасырда Сириядан Пиреней түбегіне қоныс аударған ақсүйектерден еді.
Гранада ғұламаларының бірегейлерінен білім алған ақын, заманында заңғар тұлға болған. Ибн әл-Хатиб Ислам өркениетінде өзіндік орнын ойып тұрып алған ақын, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, полимат-ғалым (энциклопедиялық білімі бар ғұлама!) ретінде һәм «әл-Ихата фи тарих Гарната» («Гранада тарихының толғаулары»), «Тарих Исбанийя әл-Исламийя» («Ислам Испаниясының тарихы») секілді тұғырлы туындылардың, философия, география, медицина, әдебиеттану ғылымдары бойынша жазылған алпыстан астам еңбектердің авторы болып, мәңгілікке адамзат тарихындағы дүр данышпандар қатарында қалды.
1340 жылы қазан айының ақырғы күнінде ақынның арыстан жүректі баһадүр әкесі Саладо үшін болған сойқан соғыста шаһид кешкен соң, Әбу әл-Хаджжад Юсуф ибн Исмаил аса дарынды әрі білімді шайырды байқап, бас уәзірі Әбу әл-Хасан Әли ибн әл-Джайябаның хатшылығына қызметке алыпты. Тоғыз жылдан кейін бас уәзір әмірлікте тараған оба індетінен дүние салып, отыз алты жасар Ибн әл-Хатиб уәзір мансабына, Мұхаммед V әл-Ғани Биллахтың тұсында бас уәзір(Зу ль-вазаритайн) дәрежесіне қол жеткізген екен. 1358 жылы аталмыш билеуші тақтан тайдырылып, Ибн әл-Хатиб тұтқындалады. Тек сенімді серігі Ибн Марзуктың өтініші бойынша Маринид Сұлтаны Әбу Сәлім ақын тағдырына ара түсіп, абақтыдан аман алып шығады. Осы оқиғадан соң Лисану-д-дин Мароккоға қоныс аударып, Мұхаммед V Гранада билігін қолына қайта алған шақта оралып, бұрынғы бас уәзірлік мансабын иемденеді. 1371 жылы сарай сумақайларының жымысқы әрекеттерінің нәтижесінде сұлтан қаһарына іліккен ақын, Мароккоға біржола кетіп, Әбу Фарис Әбду-ль-Әзиз сұлтанның мейіріміне бөленіп, зәулім сарайлар мен мол байлыққа кенеледі. Негізгі ғылыми еңбектерін де, жыр жауһарларын да Ибн әл-Хатиб осы кезеңде жазған екен. Марокко жазирасында дүниеге әкелген әсем әдеби туындылары көркемдік деңгейімен, ой тереңдігімен ерекшеленіп, араб тіліндегі поэзияның алтын қорына қосылған аса қуатты шығармалар болып табылады.
Қарт ақынның қайырымды қамқоршысы болған Әбду-ль-Әзиз әулетінен шыққан әкелі – балалы сұлтандардың дәурені өткен соң, Ибн әл-Хатибтің басына бұлт үйіріледі. Гранаданың бас қазысы ән-Нубахи мен бас уәзір Ибн Замрактың жапқан жаласына иланған Гранада Сұлтаны Мұхаммед V, Марокко билеушілерінен шайырдың кері қайтарылуын талап етеді. Марокконың жаңа Сұлтаны Әбу-ль-Аббас ибн Әбу Сәлімнің қаныпезер уәзірі Сүлеймен ибн Дәуіттің бұйрығымен, күпірлік пен дінбұзарлық (бидғат, зиндик) сияқты ауыр айыптар тағылған ақын, алдымен абақтыға қамалып, көп ұзамай Фестегі түрме қабырғасында қаскөйлікпен буындырып өлтірілген… Бұл қайғыдан қара жамылған қасіретті 1375 жыл болатын!
Әруақты ақынның өзіне ұстаз тұтқан шалқар шабытты шайыр әл-Мутамид қабірінің басында жазылған жыры өз тағдырының тақтасы һәм барша жыр жампоздарына қойылған ескерткіш іспетті:

«К могиле я твоей пришёл, как пилигрим, –
Пришёл почтить того, кто всеми так любим.

И как же не любить тебя, владыка щедрый?
Твой свет любую тьму развеет, словно дым.

Когда б судьба твою отсрочила погибель,
Как славил бы тебя я пением своим!

В Агмате на холме теперь твоя могила —
Как память о тебе, её мы свято чтим.

И мёртвый ты своё величье сохраняешь;
Как прежде, дорог ты и мёртвым, и живым.

И до конца веков тебе не будет равных,
Средь множества людей лишь ты неповторим».
(орыс тіліне аударған Н. Стефанович).

Қазақ тіліндегі нұсқасы төмендегідей болды:

«Зиярат қып келген ем, қабіріңнің басына,
Елеп ерді ел сүйген, табылдым мен қасынан.

Қалай сені сүймеске, әділ, жомарт әміршім?
Түнекті ашып сендік нұр, түтін сынды қашырар.
Шерлі тағдыр қазаңды шегерсе егер, жырларым
Абыройыңды асырар, даңқ даңғылы ашылар!

Адырында Агматтың төмпешік боп тұр молаң –
Рухыңды есте ел ұстап, тәу етпекке асығар.

Ұлылықты, сен, асқақ сақтапсың-ау, өлсең де;
Баяғыша қымбатсың, өлі, тірі бас ұрар.

Тең келерлік өзіңе жан тумайды мәңгі енді,
Адамзаттан дарасың, даңқы – дария… тасыған!»

II.
«Твоя жизнь подобна твоему крову.
Твой кров подобен твоей ночи.
Ночь твоя черна от забот, как день,
А день — весь в морщинах, как твоё лицо.
А лицо твоё —
как твоя еда.
А еда, как дорога твоя, скудна.
А дорога твоя петляет в пыли,
зыбкая, словно закон,
что до самого гроба
тебя стережёт.
Голод и смерть —
два архангела —
всюду следуют за тобой.
Голова дрожит, вот-вот расколется:
в ней рождается буря
и гонит тебя
из проклятой поры.
Только вечное горе видишь ты
сквозь отверстие глиняного горшка.

Кроме пробуждения,
нет ничего
страшнее твоих снов.
Но есть надежда —
проснётся разум,
и вселенная
встанет с колен!»

Мұхаммед Әзиз Лахбаби,«Феллах» (орыс тіліне аударған М. Курганцев).

«Ғұмырың сенің баспанаң сынды.
Баспанаң сендік түндердей.
Түніңде түнек тұр, күніңді күйбеңге көміп тастаған сынды,
Ал күнің – кескініңе әжім түрен сап, тілгендей.
Ал бетің сенің – адал асыңдай.
Азығың, жолдарыңдай, тым сараң.
Жолдарың шиырлап, шаңы да қалар басылмай,
сусыған, заңдайын өлгенше күзетіп, тың салар.
Аштық пен ажал –
қос періштеңдей –
қалмастан сенен, ерген-ді.
Қалтылдап басың,
жарылып кетердей: жаралғанда онда бір құйын
қарғыстан қағар. Мәңгілік шемен шерлерді
қыш құмыраның қуысынан көруің тым қиын.

Оянар кезіңнен жақын,
түстеріңнен өзге түк те жоқ үрей ұқтырар.
Үміт бар бірақ –
ұйқысы сейіліп көз ілген ақыл,
ғалам да тізесінен тік тұрар!»
Мұхаммед Әзиз Лахбаби, «Диқан».

Марокко майталмандарының ішінде шаһқар шығармаларымен шартарапқа мәлім болған марғасқа шайыр һәм араб әлеміндегі ең танымал, теңдессіз филосософ – осы өміршең өлеңнің авторы Мұхаммед Әзиз Лахбаби! Оның қосалқы есім – сойын да бүтін әлем білсе керек. Мұхаммед Әзиз әл-Хабиби деген атпен ақзер дүниенің арғы замандардан қалыптасқан дүниетанымында төңкеріс жасаған, жасампаз жырларымен һәм баға жетпес ғылыми туындыларымен адамзат алыптарының ардасына айналған құбылыс еді ол! Ал сол құбылыстың Ибн әл-Хатибтің көз жұмған жерінде, яғни, Марокконың қасиетті де қасіретті қаласы Фесте, араға 547 жыл салып, 1922 жылы желтоқсан айының жиырма бесі күні дүниеге келуі де таң қалдырмай қоймайды… Алланың құдіреті шексіз ғой!

(Жалғасы бар)

АЛАШТУҒАН

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір