АЛМАТЫДА АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
07.07.2020
546
0

Астана күнін мерекелеу қарсаңында Алматыда бірқатар нысандар іске қосылды. Олардың арасында жоғары технологиялық «МИПО» ЖШС  медициналық орталығы бар.

  Бүгінде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында қала әкімшілігі тарапынан тұрғындарға жақын маңда орналасқан медициналық қызмет көрсету бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. «МИПО» медициналық орталығы 100 келушіге арналған, сонымен қатар оңалтуға арналған 40 орын бар. Орталықта 80 медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың жұмыстарына қажетті жағдайлар жасалған.

 

«МИПО» медициналық орталығы. Соңғы бес жылда Алматыдағы амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жоспарлы даму қуаттылығы 7,4%-ға артты. Сонымен бірге, қала халқы осы мерзім ішінде 13% -ға өсті. Жақын маңдағы медициналық мекемелердің көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін географиялық ақпараттық жүйе жасалып, енгізілген. Алынған мәліметтер негізінде дәрігерлік амбулаторияларды ашу қажеттілігі бар жерлер анықталды. 2019 жылдан 2021 жылға дейін 35 дәрігерлік амбулатория ашу жоспары жасалды. 2019 жылы 11 дәрігерлік амбулатория ашылды (1-еуі жергілікті бюджет есебінен салынды).

 

   Сондай-ақ, «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында алдағы 5 жыл ішінде 1 миллионнан астам тұрғынға арналып жақын маңда қолжетімді болатын  қосымша 19 медициналық нысан салынады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір