АЛМАТЫДА ЕЛОРДА КҮНІНЕ ОРАЙ БІРҚАТАР НЫСАНДАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
07.07.2020
583
0

Алматыда Астана күні қарсаңында шағын және орта бизнестің (ШОБ) бірқатар нысандары іске қосылды. Олардың құрылысы барысында қосымша жұмыс орындары құрылды.

   Қалада бизнес орталығы, екі мейрамхана, 18 бөлмелі «Жұлдыз» қонақ үйі, «Абай көшесіндегі үй» тұрғын үй кешенінде орналасқан электроника дүкені, үш «Magnum Cash & Carry» бөлшек сауда гипермаркеті, «Louvre ball room» банкет залы  және мерекелік «Шах Сарайы» залы ашылды. Қосымша жаңа цифрлық форматтағы фитнес-орталық пен «Абай көшесіндегі үй» ТК-де коворкинг орталығы да іске қосылды. Сондай-ақ, «Ялян-2» базарын жаңарту мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.

  Еске сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен кәсіпкерлікті  дамытудың «Алматы Бизнес-2025» бірыңғай бағдарламасы әзірленді. Онда бес түрлі бағыт анықталды. Қалада осы бағыттарда, оның ішінде ШОБ-ті дамытуға бағытталған құралдарды жасауда жұмыстар белсенді жүргізілуде. Осылайша, Алматыда «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы іске қосылды, қаржылық қолдау көрсету мақсатында «AlmatyFinance» ЖШС және «Алматы МҚҰ» ЖШС компаниялары құрылды. Жалпы, биыл 2,5 млрд. теңге сомасына 118 бизнес-жоба қаржыландырылды. Олардың арасында ШОБ нысандары да бар.

  Бұған дейін қаржыландырылған ШОБ нысандары, сондай-ақ, жақын арада пайдалануға берілетін қосымша нысандар Алматы нарығының дамуына оң әсерін тигізеді және қала тұрғындарын қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір