Тыңдарманын сүйіндірген филармония
11.06.2020
739
0

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы карантин кезінде онлайн режимде қарқынды жұмыс жасап, тыңдармандардың өнерден қол үзіп қалмаулары үшін көптеген іс-шаралар өткізді.

Осы үрдісті жалғастыра отырып, «Philharmonic-online» жобасы аясында 1 маусым — Балаларды қорғау күніне Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының, 4 маусым — ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің, 6 маусым — ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің және 7 маусым — ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестінің концерттері тыңдарман назарына ұсынылды.

Алдағы күндері халықаралық байқаулардың лауреаттары Әшім Онайбеков, Мақпал Тоқтағанова, Біржан Бәзілжанов, Жанар Сулейманова, Еркебұлан Сапарбаев, Мая Сепп сынды бірқатар Филармония солистерінің, соныдай-ақ, 17 маусым —  Мемлекеттік қарағайлы үрмелі аспаптар квинтетінің, 18 маусым — Н.Тілендиевтің 95 жылдығына арналған Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің, 23 маусым — Мемлекеттік қызметкерлер күніне ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің арнайы мерекелік бағдарламасымен тікелей эфирде онлайн концерттері өтеді.  

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ресми «Youtube» арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде көрсетілді.

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір