Ынтымақтастық артып келеді
29.10.2019
549
0

Индонезиялық «Universitas Pertamina» университеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделі. Бұл туралы ҚазҰУ басшылығымен кездесу барысында индонезиялық университеттің ғылым, даму және ынтымақтастық жөніндегі проректоры Буди Соенджипто мәлімдеді.

Кездесу барысында тараптар ғылымбілім саласындағы ынтымақтастығының алдағы уақыттағы бағыттарын, студенттердің академиялық ұтқырлығы мүмкіндіктерін, қос диплом бағдарламасын дамыту мәселелерін талқылады. Ортақ тақырыптарды қозғай отырып ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев қонақтарды QS рейтингісі бойынша әлемдегі ең үздік 800 жоғары оқу орындарының ішінде 207 орында тұрған ҚазҰУдың ғылыми қызметі мен жетістіктері жайында баяндап берді. Сондай-ақ, университеттің индонезиялық ЖОО ынтымақтастығы туралы ақпарат айтылды. Айта кетерлігі, ҚазҰУ мен Индонезиялық университеттер арасындағы ынтымақтастық 2014 жылдан басталды. Жыл сайын екі ЖОО-ның профессорлары мен ғалымдары тәжірибе алмасып, екі университет алаңдарындағы халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысуда.

ҚазҰУ шығыстаныу факультеті

                                                                                                                                                                 Маулет .  Б

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір