«Күй тыңдайық»: сазсырнайшы Эльмира Қашқымбаеваның орындауында «Кертолғау»
05.05.2020
2874
0

«Қазақ әдебиеті» газетінің «Күй тыңдайық» жобасын жетігенші, зерттеуші, ұстаз Қорлан Картенбаевадан қабыл алған саз сырнайшы, республикалық конкурстардардың жеңімпазы, белгілі сыбызғышы Талғат Мұқышевтің шәкірті Эльмира Қашқымбаева Ықыласытң күйі «Кертолғауын» орындады. Күй сәлемді ары қарай «Сазген сазы» оркестрінің жетігеншісі, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының ұстазы Диляра Окманова жалғастырады.

Эльмира Мұхитқызы Қашқымбаева  1988 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.  А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатында домбыра аспабына қабылданып, кейін 10-сыныптан бастап белгілі сыбызғышы Т.Мұқышевтен қосымша саз сырнай аспабын үйреніп, Ы.Нұрғалиевтің жетекшілігіндегі «Ақжелең» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің құрамында өнер көрсетіп, Гран-Приді иеленген.
2005 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына Қ.Жұмағалидің класына қабылданды. Қосымша Саз сырнай аспабынан білімін жалғастырып, 2006 жылы «Асыл мұра» республикалық сайысында Гран-приді иеленді. 2007 жылы халықаралық «Мәңгілік сарын» сайысынан Алматы қаласының әкімдігінің «Темір қанат сахиб» атағымен марапатталды. Консерватрияда оқумен қатар, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінде өнер көрсетіп, көптеген шет мемлекеттеріне саз сырнай аспабын насихаттады, қазіргі кезде де ансамбль құрамында қызмет етіп келеді. Консерваторияны 2009 жылы бітірген.
Қазіргі таңда «Сазген сазымен» қатар, өзі тәлім алған А.Жұбанов мектебінде саз сырнай аспабы бойынша сабақ береді. Сонымен қатар, Құрманғазы атындағы консерваториясының Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының магистранты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір