«Күй тыңдайық»: Қорлан Картенбаеваның орындауында «Бұлғын-Сусар»
04.05.2020
1705
0

«Қазақ әдебиеті» газетінің «Күй тыңдайық» жобасын жетігенші, зерттеуші, ұстаз Қорлан Картенбаева Қайрақбайдың «Бұлғын-Сусар» күйін жетігенде сөйлетті. Күй сәлемді ары қарай саз сырнайшы, республикалық конкурстардардың жеңімпазы, белгілі сыбызғышы Талғат Мұқышевтің шәкірті Эльмира Қашқымбаева Ықыласытң күйі «Кертолғаумен» жалғастырады.

 Картенбаева Қорлан Маратовна 

 Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, жетігенші, қобызшы, өнертану магистрі, ұстаз.

 1985 жылы 5 қыркүйекте Қазақстан республикасы, Алматы қаласында дүниеге келді. 1995 жылы А.Жұбанов атындағы республикалық арнаулы музыка мектеп-интернатына қабылданып, 2003 жылы үздік аттестатпен бітірді. Сол жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына халық музыка факультетіне түсіп, 2007 жылы «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді. 2007-2009 жылдары Орталық Азия Университетінде аударма ісі бойынша екінші мамандық алды. 2009 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының магистратурасына жетіген мамандығы бойынша қабылданып, 2011 жылы өнертану магистрі дәрежесін алып үздік бітірді.

      2004 жылы Алмалы ауданының балалар шығармашылық үйінде мұғалімдік қызмет атқарды.

     2004-2005 жылы «Отырар сазы» этно –фольклорлық оркестрінде;

     2005-2006 жылы «Әлқисса» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде;

     2006-2008 жылдары «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблінде қызмет атқарды. 2008-2012 жылдары  «Тұран» этно-фольклорлы ансамблінің белді мүшесі болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенттік Қорының грантын иеленіп, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты атанды. Ел ішінде және шетелде өткен беделді концерттерге қатысқан. Израиль, Түркия, Германия, Қытай, Онтүстік Корея, Венгрия, АҚШ, Франция, Ресей, Испания, Өзбекістан, Беларус, Ресей, Мысыр, Румыния және басқа мемлекеттерде әлемнің әйгілі сахналарында өнер көрсетті.

    2009–2011 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында және осы консерватория қабырғасында ашылған эксперименталды мектепте  жетіген аспапбынан дәріс берді. 2009 жылдан бастап Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде жетіген аспабынан сабақ береді. Сонымен қатар К.Байсейтова атындағы музыка мектеп-интернатында дәріс беріп келеді.

     Республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми мақалалар жазып, методикалық оқу құралдарына күйлер мен шығармаларды жетіген аспабына лайықтап өңдеп түсіріп, этникалық бағытта ән, күй-шығармалар мен фильмдерге саунтрек жазуда.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір