«Күй тыңдайық»: Төлепберген Тоқжановтың орындауында «Құс базары»
22.04.2020
3530
1

«Қазақ әдебиеті» газетінің «Күй тыңдайық» жобасын күйші Жігер Бертісовтен қабылдап алған Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры, күйші-композитор Төлепберген Тоқжанов өзінің күйі «Құс базарын» орындап, күй сәлемді қобызшы Раушан Оразбаеваға жолдады.

Тоқжанов Төлепберген Төреахметұлы 1965 жылы, 4 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Музыка мектебін (1980), Музыкалық училищені (1984), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияны (1991) бітірді.

1989 ж. Мемлекеттік «Саланат» ән-би ансамблінде артист, 1992 жылы Қызылорда музыкалық колледжінде оқытушы, 2004 жылы Қорқыт-Ата университетінде «Дәстүрлі өнер- жыр» кафедрасында меңгеруші, 2014 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқытушы, 2019 жылдан «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі. Доцент, профессор.

100-ден аса ғылыми-танымдық мақалаларым республикалық, халықаралық  (ККСОН) журналдарына жарияланды,

30-ға жуық кітаптардың авторы, оның ішінде 5 оқулық, 10 оқу құралы, 7 этнографиялық жинақ, бір повесть және бірнеше әңгімелер мен шығарған күйлері жинақ болып шықты.

 

 

 

 

ПІКІРЛЕР1
Аноним 21.10.2021 | 21:17

Күштіі!!!!!!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір