«Күй тыңдайық»: Аманжол Самықовтың орындауында Есір Айшуақұлының «Ақжармасы»
16.04.2020
1144
1

«Қазақ әдебиеті» газетінің «Күй тыңдайық» жобасын белгілі күйші Талғат Орынтаевтан қабылдап алған Аманжол Самықов  Есір Айшуақұлының «Ақжармасын» орындап, күй сәлемді Әлімжан Әбсадықовқа жолдап отыр.

Самыков Аманжол Самыков Аманжол Семейханұлы – 1966 жылы Шығыс Қазақстан облысы (Бұрынғы Семей облысы Шар ауданының Кезеңсу елді мекенінде) дүниеге келген. 1973-1983 жж. Кезеңсудағы орта мектепті бітіріп, 1983-1986 ж. Бұрынғы Талдықорған облысының Сарқант қаласында мәдени ағарту училищесін домбырашы Әбдікәрім Кішікбаевтың класынан бітіріп шықты.

1986-1988 жыл әскер қатарында болып, 1988 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын белгілі күйші, этнограф, өнер зерттеушісі А. Райымбергеновтың класын үздік бітіріп шықты. 1990 жылы Семей қаласында өткен Тәттімбет атындағы конкурста жүлделі орынға ие болды. 1994 жылы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында ашылған, Өнер колледжіне домбыра класы бойынша мұғалімдік қызметіне қабылданды. Осы жылы Ақтөбе қаласында өткен Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы 1 Ресубликалық күйшілер сайысының жүлдегері.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 21.02.2024 | 16:23

Кереметттт

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір