«Күй тыңдайық»: қобызшы Саян Ақмолданың орындауында Ықыластың «Жезкиігі»
15.04.2020
2222
0

«Қазақ әдебиеті» газеті «Күй тыңдайық» жобасын Қобызшы Саян Ақмолда Ықыластың»Жезкиігімен» жалғастырып,  күй сәлемді белгілі күйші, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінің оқытушысы, Ерболат Мұстафаевқа жолдап отыр. 

Саян Ақмолда 1974 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент елдімекенінде дүниеге келген. 1991 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясына оқуға түскен. Қазір Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясы мен Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінің оқытушысы. «Мәңгілік сарын», «Қазақтың 1000 күй», «Қазақтың 1000 әні» атты кітаптарды құрастырған. Өнертанушы. Көптеген ғылыми мақалалардың авторы. 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір