Қағынан жерігендер…
28.02.2020
706
0

Көбік ауыз Копбаев…

«Қазақ әдебиеті» апталығының оқырманына алдымен Бахытжан Копбаев дегеннің былықтырып жүрген ісі мен сөзі туралы әңгіме қозғағанды жөн көріп отырмыз. Өйткені бұл Бахытжан дейтін «батыр» – Қордай ауданында болған шетін оқиғаға дейін ойына келгенін істеп, ойдағысын айтып танылған адам. Шымкентте тұрады. Қазақстан Республикасының азаматы. Өтірік болмаса, төлқұжатында солай деп жазылған. «Өтірік болмаса» деуімізге себеп: Копбаевтың азаматтығы (азаматтығы емес, гражданствосы) Қазақстандыкі болғанымен, қарекеті – өзгенікі. Өткенде ол өз-өзінен желігіп Павлодарға барды. Қала тұрғындарымен кездесті.

Сөйтіп, Павлодар қаласының атын өзгертуге қарсы екендігін білдірмек болып жиын өткізді. Оны Павлодарға кім шақырды? Оның қала атауының өзгеріп, өзгермеуіне  қандай қатысы бар? Оған жиын шақырып, мәселе көтеруге, қарсылық танытуға кім құқық берді? Түсініксіз. Тайраңдап барды, тайсалмай сөйледі. Табаны қызып қайтты. Павлодарда қазақ тілінің күнде қағажу көріп жататынына жаны ашып шырылдайтын Руза Бейсенбайтегі сияқты заты әйел, тәні нәзік жандардың қолын бұрап апарып темір торға бір-ақ ататын полицейлер де Копбаевтың жолына көлденең келген жоқ: алдиярлап қарсы алып, арқасынан қағып шығарып салды. Бахытжанның десі бір басылса, Павлодардағы саяси ұстамды, байсалды азаматтардың алдында ғана басылған шығар, ал, былайынша бәрі – OK!

Өзін «оянған қазақ фашизміне» қарсы тұлға ретінде танытуға тырысып жүрген әлгі Бахытжан дейтін гражданин Масаншы ауылындағы төтенше жайттан кейін қатты ашынып, мемлекет құрушы ұлттың жер-жебірі, жекен суына жете боқтап, қарғап, лағнеттеп, қиқылдап-шиқылдап, қыстығып, ашу­ға булығып әрең отыр. Әлеуметтік желілердің бәрінен аккаунт ашып алған ол бейне-үндеулер жасап, қазақты ашық қорлап, қала берді ұлт пен ұлттың арасына шоқ тастайтын пікірін жағы сембей жария етуде. Көбік ауыз Копбаевтың сөзіне сенсек, қазақ нағыз оңбаған подонок халық екен. Жастары жауыз екен. Бас­қа ұлттардың бары мен базарын көре алмайды екен. Бәрін жек көреді екен. Оларды билік астыртын қолдайды екен… осылай кете береді.

Қазақтың қара көлеңке жағын көб­ірек көретін  Копбаев Шымкентте әртүрлі ұлттан құрылған сегіз отбасын асырап отырғанға ұқсайды. Осы сегіздің үстіне енді екі дүнген отбасын қосып асыраймын деп құлшынады ол. Асырасын. Астыртын ақшаның жылы ағысына аяқ малған адамның екі емес, одан көп дүнген отбасын бауырына басуға мүмкіндігі бар шығар. Ал бір дүнген отбасында 15-20 адамнан болатынын ескерсек, Копбаевтың көпұлтты шаңырағының шырайы кіре түсетін сияқты.

Хамиттың қызы шығарсың, халықтың қызы емессің!

Енді Ергалиеваға келейік! Жалаңаш шындықты жалаңаштанып іздеймін деп, «жолға шыққан» Гульжан Ергалиева 2018 жылы Олимпиада чемпионы Денис Тен ұры-қарылардың қолынан қаза тапқанда қатты қайғырғандардың қатарында болды. Иә, мұзайдынында жұлдыздай аққан көк жұлын ұлдың беймезгіл өлімі ел ішін күңірентті. «Әттең-ай» демеген жан ілеуде бір. Әйтсе де, қандықол қарақшылардың қылмысы үшін тұтас қазақ жасын кінәлаудың қажеті қанша еді? «Қылмыскерде ұлт жоқ» дегенді осы Копбаев пен Ергалиевалар әбден-ақ біледі. Біле тұра қылмыскердің тегі қазақ екенін естісе бітте, бар пәлені қазаққа, әсіресе, қоғамнан орнын таппай сенделіп жүрген, жетім тағдырлы қазақ жастарына жауып шыға келеді. Сол 2018 жылдың тамыз айындағы Ергалиеваның әлемжелі мен сайттарда жазған мақалаларын қарасаңыз, қалаларды қазақ жастарынан азат етуге шақырған үндеулерді оқығандай боласыз. Расымен солай. Ергалиева 2018  жылғы жазбаларында Астана мен Алматыны бейсауат жүрген адамдардан арылтып, қала келбетін сақтау қажет деп дабыл қаққан еді. Әрине, бұл ретте асфальтта өскен ер­ке қыздың «қызғанышын» түсінуге болады. Олар кеше Алматының гүлзар бақтарында қыдыратын. Үлкен сауда орындарынан қалағандарын сатып алатын. Балмұздақ жеп, тәтті лимонад ішетін. Автобустардың да іші кең еді. Бәрі бір тілде сөйлейтін инабатты жандар болатын. Кейде олар қыдырыстап Медеу шатқалына баратын. Кинотеатрлар мен би кештерінде қолтықтасып жүретін. Махаббат бастауларында да Алматының арайлы қалпы сақталған. Алматының көшелері, әсіресе, элитный қауым жайғасқан көше қандай еді! Ол көшені Гульжанның папасы, ақын Хамаң «Менің көшем» деп жырлаған-ды.

«Коммунист проспекті –  менің көшем!

Алаңында, биікте Ленин көсем!

Үй, мекемем, үкіметім –  бәрі осында,

Тіпті жөн-ақ осыны Елім десем!.»

(Хамит Ерғалиев, «Менің көшем»).

Қорлықты қарамайсыз ба, енді сол көшені, сол Алматыны «ауылдан шыққан қайдағы бір қара қазақтар кезіп жүр». Қиын, қиын, өте қиын.

Әр ортаның, әр буынның жаңа қауымға жатырқай қарап, жас толқынның  жаңалығын қабылдамауы табиғи құбылыс. Әйтсе де бірақ, Хамит Ерғалиевтей күр­кіреген ақынын төбесіне көтерген, шайырдың әйгілі «Құрманғазы» поэмасына қол соққан қыр қазағының ұрпағы бүгін қалаға қадам басса, оны неге зиялы отбасының ұлы мен қызы жатсынуы керек?.. Керісінше, бауырына тартып, басынан сыйпауы қажет қой. Мәселенки, алып мегаполистің алыс түкпірінде, әлде түрік, әлде күрдтің ау­ласында бүрге кеулеген жаман қо­раны баспана етіп тұрып жатқан бір қазақтың баласын Гүлжан апасы жетелеп әкеліп жақсы ортаға іліктірсе, бектерден қалған іс болмақты-дүр. Мейлі, олай етпей-ақ қойсын, әйткенмен осы апа қорғанышы жоқ, қорлық пен мазақтан қорғалақ мінез тапқан, көнбіс қазақты көк есекке теріс мінгізіп мінеуін тоқтатса, жөн болар еді. Өкінішке қарай, тегі, зады белгісіз Копбаевтан да асып түсіп, Масаншы ауылындағы мәселеге қатысты көгереңдеп отырғанның бірі – Гульжан Ергалиева болып тұр. Оның әлемжелідегі жазбаларын мұнда қотарып, «Қазақ әдебиетінің» бетін ластағымыз келмегендіктен қысқа қайырайық. Масаншыдағы дүнгендердің тыныс-тіршілігінен, салт-дәстүрінен, дінінен, ділінен, айнала жұртпен қарым-қатынасынан хабары аз, мәліметі кем Гульжан қазақ халқының атынан кеші­рім сұрап отыр. Кімнен дейсіз ғой? Қазақстанды Отаным деп білмейтін, баласын әскер қатарына жібермейтін, мешіттерінде тек дүнген тілінде уағыз айтып, қоңсыласына қоқан-лоққы жасап жүретін, демікпе дертіне шалдыққан қарияны соққыға жығып, басынған дүлейлерден!

«Гульжан Хамит ақынның қызы шығар, бірақ халықтың қызы емес, –  деп  ашынады әлемжелідегі жастар. – Сондықтан оның жалпы қазақтың атынан кешірім сұрауға еш хақысы жоқ!».

Ақын-жазушылардың Алматыда туып-өскен ұрпағы әкелерінің шығармаларын түпнұсқада оқи алмайды. Алайда бәрі емес. Мысалы, жазушы Сафуан Шәймерденовтің ұлы Сайын Шәймерден. Белгілі көсемсөзші, танымал тележурналист Сайын Шәймерден Гульжан Ергалиеваға түсінікті тілде әлемжеліде былай деп жазыпты: 

 «Гульжан, ты опять не права. Да, я потомок Сафуана Шаймерденова, который не боясь репрессий красных кхмеров советского периода заступился за казахскую молодежь, которая вышла на площадь в декабре 86.

А ты кто?! У меня даже язык не поворачивается назвать тебя дочерю великого Хамита ага, кстати который очень горячо любил свой народ.  Это первое.

Второе, твои грубое оскорбление, такое как народоубийца не ко мне! Я лю­блю свою нацию, свой народ так же как любил мой отец и как любил твой отец. Но я не могу молчать и не намерен терпеть людей, которые поднимают руку на аксакала моего народа и не во что не ставят язык, культуру хозяев этой земли!.. Из-за таких вот накипевших, назревших обстоятельств произошли жертвы. Это народный бунт, а он как говорится – безумный. Лучше до этого не допускать. Вина того, что произошло в Кордае полностью лежит не на казахах, а на власти (жергілікті билік пен құқық қорғау органдарының қызметін айтады.- ред) которая довела ситуацию до кипения. А вот ты на этой волне, прося у дунган прощения (хотя кто дал тебе такое право от имени народа?), хочешь заработать давно утерянную былую «славу». Не получится!!!»

  Редакциядан: No comments

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір