Левшин жазбалары
Бірнеше мемлекеттердің ғылыми қоғамдарының мүшесі Алексей Левшинді ұлы Шоқан Уәлиханов «Қазақтың геродоты» деп атаған екен.
Қазақ хандығының біз межелеп жүрген жылдардан да көп бұрын құрылғанын атақты ғалымдар айтса да, әзірше осы 550 жылға тоқталған. Келешекте оның 1000 жылдығын, я 4000 жыл бұрын болғандығын дәлелдеуіміз де мүмкін. Ол үшін ескі парсы тіліндегі мұрағаттың баға жетпес деректеріне үңілген ләзім.
А.Левшин жинағының «О начале киргиз казаков…» атты үшінші бөлімінде мынадай сөздер бар:
«…восточные историки, утверждая, что казаки составляли самостоятельный и независимый народ в отдаленнейших веках нашего летоисчисления. Некоторые даже относят их существование далее Р.Х. Достоверно то, что Фирдевси или Ферзуси, живший около 1020 года, то есть за два столетия до появления монголо-татар на западе в «Истории Рустема» упоминает о народе казаках и ханах казахских» (а в комментарии это отрицает Б.Н.). Из сочинений его и древнейших летописей персидских, которыми он пользовался, известно, что казаки древние, подобно позднейшии, прославили имя свое грабежами и набегами, что главное оружие их были копия, и что по селу в Азии начали называть их именами всякую толпу наездников».
Левшин қалай болса солай жаза салатын ғалым емес. Онда негіз болған. Соны біздің ескі парсы тілін білетін ғалымдарымыз зерттеулері қажет. Иранға барған мұрағат құжаттарын әкелген ғалымдар сол тілді білмегенге ұқсайды. Оған арланудың не қажеті бар. Ескі парсы тілін мыңдаған жылдар оқи алмай, оны 200 жыл зерттеп, әлемнің әр түкпірінде оқи алатын дәрежеге жеткен ғалымдар бар екен. Солардан үйренуге жас мамандарды бір-екі жылға неге жібермеске!..
Левшин шығыс жазушылары қазақтар туралы не айтқанына да терең үңілуге тырысқан.
Бұл халық Азияда ертеден белгілі болған. Түрік ұрпағының көптеген тармағының бірі. Бұл Наймандардан да, қырғыздардан да бұрын өмір сүрген. Шыңғыстың қол астына түскеннен кейін, ол өлген соң Алтын Ордаға бағына тұрса да оның ұлы Жошыға тәуелді болды. Өзінің ханы болды. Ол бірде өзінің басты иегеріне бағынса, бірде Шағатай Ордасына, енді бірде Алмалық, бірде Ташкент (кейіннен Могул ұлысы деп аталған) Ордаларына бағынышты болды.
Жошы және Шағатайдың ұлыстарында олардың ұрпақтарының басқару жүйелері әлсіреген тұста әр ұлт пен рулардың арасында өзара келіспеушілік, бірімен-бірінің қақтығысулары жиілеп өршісе, өзбек ағайындардың арасында алауыздық күшейді. Олар Мавераннахр мен Хорезмді иеленді.
Бұл кез XV-XVI ғасырлары «көшпелі өзбектердің» басқарушысы (правитель) Әбілхайыр ханның (1428-1468 ж.ж.) немересі Мұхаммед Шайбани хан тимуридтерден Орта Азияны тартып алды. Тарихи деректерде «Өзбек» аты XIV ғасырдың екінші жартысында, XV ғасырда жинақталған саяси термин. Ол этноним емес. Шайбани мен Орда Еженнің қол астына кірген тайпаға жатпайды.
Ал халықтардың біразы қырым татарларымен бірікті, екіншісі Могул ұлысына, үшіншісі қазан татарларымен тіл табысып, ең соңында төртіншісі қазақ ордасымен бірікті.
Бұл Алтын Орданың тараған кезі еді. Соңында өзбек ордасы да ыдырап, көпшілігі қазақ ордасына косылды.
Осылайша XVI ғасырда кыпшақ пен шет (чете) аймағында екі күшті мемлекет пайда болды. Бірі Могул ұлысы. Оны Дадан хан басқарды. Ол Могулстанның ханы сұлтан Саидхан болар. Шағатайлық, сұлтан Ахмад ханның ұлы, Жүніс ханның немересі, «Тарих және Рашиди» кітабының авторы, Мұхаммед Хайдар Мырзаның екі атадан қосылатын ағасы, әрі Захир ад-дин Мұхаммед Бабурдың інісі. 1514 жылы қазақ хандығы Жетісудан ығыстырылғанда өзінің қожалығын Шығыс Түркістанға бекітіп, «Могулия» атты жаңа хандық құрды.
Екіншісі, қазақ ханы Арслан. Ол өте мықты, күшті, аса қуатты болып, 400 мың жауынгерді соғысқа шығара алатындай бедел арқалады. Мұны Индиядағы ұлы Могул империясының негізін қалаған Бабур патша жазып қалдырған.
Хан Арслан деп Қасым ханды атаған. Ол Жәнібек ханның ұлы. 1512 жылдан қазақтың ең даңқты ханы. Ол кезінде сұлтан болған Саид ханмен кездескен. Жүніс ханның төртінші қызы сұлтан Нигар ханымға үйленген. Захир ад-дин – Бабурдың апайы.
Қазақ ордасына өз еріктерімен де, күштеумен де бірнеше тайпалар қосылған. Алтын Ордадан кетіп қыпшақтар, наймандар, қоңыраттар, жалайырлар, қаңлылар және басқа да рулар қазақ ордасына қосылды.
Ал Арғындар мен Қоңыраттардың басым көпшілігі қазақ ханын қолдады.
Қыпшақтар. Бұл түрік тайпасының Дешті-Қыпшақтың ХІ-ХІІІ ғасырдағы негізі – аса ірі руларының біріккен одағы.
Қыпшақтар екі жерге бөлінген этно-біріккен қоғамы (объединении) Батыс қыпшақтар – половец деп аталған бөлігі және Шығыс қыпшақтары немесе Қазақстандағы орта-азиялықтар. Қыпшақтардың ішінде оннан астам ру болған. Қыпшақ руларының одақтасуы оның жеке мемлекеттік дәрежеге бірігуіне әкелді. Ол жеке халық болып қалыптасты. Соңынан қыпшақтар қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, алтай, башқұрт, түркмен халықтарының құрамдарына кірді.
Қоңыраттар (қоңырат, уйгират, хункират – дейді). Рашид ад-Дин – Кунгират, конгурат – депті). Ертеректегі моңғол тайпасы. Моңғол шапқыншылығы кезінде Батысқа тарады. Кейіннен өзбек, қазақ, қарақалпақ, түркмен, қырғыз басқа да түрік тілдес халықтарының құрамына кірді.
Жалайырлар. ХІІІ-XIV ғасырдың құжаттарында кездеседі. Олар шағатайлық ірі төрт ұлыстың бірі болды. Оларды В.В.Бартольд моңғол тілдіге, ал Н.А.Аристов түрік тілді тайпаларға жатқызады. Рашид ад-Диннің деректері бойынша олар ХІІІ-XIV ғасырларда Жетісу, Орта Азия, Қаратау өңірлеріне тараған. Жалайырдың құрамына Сырдария және Шу бойында ертедегі түріктер заманынан бері тұрған (Сырманак, Шуманақ) жергілікті көптеген түрік тұқымды рулар кірген.
Қазақтарда Жалайыр Үйсіннің басты тармағына жатады.
Қанды (канглы, канклы). Олар Сырдарияның төменгі және орта тұсында, Қаратау тауының бауырына, Жетісудың батыс жағына ертеден қоныстанған. Олардың ата-тегі ерте дәуірдегі қанлы, канка одағынан бері келеді (ІІІ-І ғасырларда б.э.д.). Гундар мен Согдийлермен, түрктер және арабтармен, қыпшақтар және моңғолдармен қарым-қатынаста болып, солардың ықпалына да ерген. Могулстандағы могулдардың, Ақ Ордада өзбектердің және Әбілхайырдың құрамында да болды. Қазақтар, өзбектер, сондай-ақ, қырғыз, башқұрт, қарақалпақ және басқа да халықтардың құрамында үлкен этникалық бөлімі болды.
Алексей Левшин очеркінің 106 бетінде былай депті: «Описав причины, по которым должны были киргиз-кайсаки получить нынешнее название свое и показав различие их от подлинных или диких киргизов, мы должны приступить к историческому их описанию».
Осыны айта келіп, қазақ деген аттың қайдан шыққанын алты түрлі аңызбен жеткізіпті. Оның ішінде біреуі ғана сәл шындыққа саяды. Соны ғана айта кетейін. Левшин былай дейді:
Пятое, киргиз-казаки говорят, что предки их с древнейших времен составляли один народ турецкого племени, раздробившийся на три отдельные орды, только потому, что хан его Орус, или как некоторые называют его, Акнияз, разделил свои владения между тремя сыновьями. Орус (видимо Б.Н.) или Акниаз сей был, по их мнению, с начала полководцем Ногайского хана Улянты, жившего скоро после Тамерлана, в окрестностях Урала, Илека, Ори, но потом отказался от повиновения Улянте, покорил несколько разных отраслей турков и монголов, сделался над ними самовластным государем и занял все, ныне принадлежащем потомкам его, земли. (Хан Орус, очевидно, имя этого правителя из предания можно соотнести с джучидом Урус ханом, наиболее известным правителем Ак Орды – государства на территории Казахстана в XІV-XV в.в. К Урус хану (он проявил в 1368-1376/77 восходит родословная основателей Казахского ханства Гирея (Урус хан, Тохта – Кыйа, Пулы, Гирей) и Джаныбека.
Ақ Орданың хандары бірінен кейін бірі ауысып жатты.
1417 жылы Орыс ханның немересі Барақ құйыршық ханның ұлы Ноғай ханының батыры Едігенің інісі Мансурдың көмегімен Ақ Орда мен Үлкен Орданы біріктіріп оның ханы атағына ие болды.
Олар келісімен көптеген көршілес елдердің рулары Керей мен Жәнібектің қол астына келе бастайды. Қанаты жайылған ел үлкен мемлекет дәрежесіне көтерілді. Сөйтіп, Жәнібек сұлтанның ұсынысымен 1465 жылы Керей хан болып сайланады. Ол өлген соң оның орнына ұлын сайлайды. Бірақ Бұрындық (Мұрындық) жас болғандықтан хандықты Жәнібек өзі басқарды. Жәнібек өлер алдында хан тағына Мұрындықты отырғызады. Өз ұлы Қасым сұлтанға: «Сен ешуақытта хандыққа таласпа. Адал қызмет ет. Қолбасшы бол», – деген екен. Қасым әкесінің өсиетін бұлжытпай орындады. Оның даңқы қолбасшы ретінде күллі Азия халқының арасына тарады. Бұрындық 30 жылдай хан болып, енді өзінің әлсіздігін сезіп өз еркімен Қасымды орнына хан етіп сайлады. Өзі өмірінің аяғына дейін Самарқандағы қызының қолына барып тұрды.
Міне, осы кезде Қасым ханның қасқа жолы деген заң орнады.
Болатбек НӘСЕНОВ,
тарих ғылымдарының докторы,
профессор.