Науқаншылықтан жалығу
25.10.2015
1286
0
Науқаншылық қазақтың дәстүрінде де бар. Ата-баба­ларымыз көшпенді халық болған соң түрлі тұрмыстық шараларды, елдік басқосуларды мезгілдің ыңғайына қарай, күннің оңына қарай туралап, жылдың белгілі бір мерзімдерінде өткізген.


749933_606612541_021Берік Әбдіғали,
саясаттанушы

Өмір сүру салтына ыңғайлы бол­ған­дықтан жылдың әр мезгіліне байланысты науқандық шаралар қалыпты жағдай ретінде халықтың қанына сіңіп кеткен. Қазір науқан­шыл­дықтың ше­гіне жеткені жұртқа аян.
Халық ішкі жан дүниесі қаламай тұр­са да, науқаншылдықтың нөпіріне еруге мәжбүр. Ел ішінде бұл әдеттен жа­лығу байқалады. Демек, бұл әдет­тің қарапайым халыққа да, мемлекетке еш пайдасы жоқ. Нау­қан­шыл­дық­тың Кеңес заманында қол­­­да­­­ныл­­ған мемлекеттік идеологияны ны­ғайту­дың бір жолы ретіндегі функциясы әл­сіреді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір