«КЕЛМЕЙ-АҚ» – ҚОЙСАМ…
21.08.2019
1270
0

«Пруст сауалнамасы» vs «Қазақ әдебиеті»

Иран-ҒАЙЫП:

The Proust Questionnaire (Пруст сауалнамасы) – бұл адамның жеке өмірі туралы сауалнама. Оның атауы мен қазіргі танымалдылығы сұхбат нысаны ретінде француз жазушысы Марсель Прусттың жауаптарымен байланысты болып, әлемге кең таралған. Адамның ішкі дүниесін ақтаратын осы бір тағылымды сауалнама әдеби ортада күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді. Біз «Пруст сауалнамасы» үлгісін ұстана отырып, арамызда жүрген ақын-жазушылардың, өнер иелерінің ішкі «менін» ашуға тырыстық. Біз дайындаған сауалнама ішінде Прусттық стильдегі сұрақтар мен «Қазақ әдебиетінің» өз сауалдары да бар. Аталған сауалнаманың кезекті қонағы – ақын Иран-Ғайып.

– Адамның басты қасиеті не деп ойлайсыз?
– Хайуаннан, «Боғы» – өзгелігі:
Жыныстық – Қатынасы…
– Ер азаматтың басты қасиеті ше?
– Елін – еңіретпеу.
– Бақыт деген ұғымды қалай түсінесіз?
– Мүлдем, «Түсінбеймін»…
– Сүйікті әдеби кейіпкеріңіз кім?
– «Керкеткен».
– Ең басты кемшілігіңіз не?
– Кедейшілігім: «Қол» – байлайды…
– Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
– «Бос» – уақытым: «Еш» – уақытым…
– Өмірге екінші рет келсеңіз кім болуды қалар едіңіз?
– «Келмей-ақ» – қойсам…
– Қандай елде өмір сүргіңіз келеді?
– Қазақ – Елінде.
– Қандай ерекше қабілетке ие болғыңыз келеді?
– Қартаймасам.
– Қандай сәттерде осалдық танытасыз?
– «Қартайсам».
– «Ғайыпқа сену» дегенді қалай түсінесіз?
– «Өзіме» – сену.
– Егер өнер тапқыш болсаңыз, не нәрсені ойлап табар
едіңіз?
– «Қартаймауды»!
– Не нәрседен жиркенесіз?
– Менмендіктен.
– Сіз үшін ең ұнамсыз тарихи тұлға кім?
– Бүгінгі, «Тірі»…
– Жиі айтатын қанатты сөзіңіз?
– «Өй»…
– Көзіңізге жиі жас аласыз ба?
– «Көзімнің Жасы» – кепкен емес…
– Үнемі есіңізде жүретін Абайдың бір сөзі?
– «Мыңмен, Жалғыз – алыстым…».
– Қазіргі адамдардың бойынан қандай
қасиеттер жоғалып барады?
– Адамгершілік…
– Біздің заманымыздың мықты ақыны кім?
Мықты жазушысы ше?
– «Ол». «Сен»…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір