БҰҰ мінберінен

БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші мерейтойлық сессиясының жалпы пікірталасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өз ойын қазақ тілінде жеткізуі біраз әңгіменің тамызығына айналды. Мұны жақсылық нышанына балаған біздің көкейімізге халықаралық мәртебелі төрден сөйленетін сөз бұдан былай қазақ тіліне көшеді деген сенім ұялатқандай… Қазақы әуезбен бастаған Президент сөзі әлемнің алқалы жиынына түгел жету үшін жаңа құрлыққа 5-ақ минут керек болғаны көңілді біршама демдей түсті. Оппозициялық газеттер оған кеткен минут, секундына дейін тәптіштеп айтып жатыр.
Кезінде дәл осы төрде Н.Тілендиевтің «Аққуы» Қаршыға Ахмедияровтың орындауында талайды елең еткізіп, өзгеше сазға еліткенін білетін едік. Қазақтың сазы мен сөзі дүниежүзінің беделді мінбелерінен естіліп, тыңдармандарының құлақ құрышын қандырады деген үмітіміз ақтала бергей.